Map map map Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті
 



 

no news in this list.



            


            








Министрлік туралы  Департаменттер  Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті  

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм департаментi туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм департаментi (бұдан әрi – Департамент) Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшесi болып табылады және өз қызметiнде, Министр, бiрiншi вице-министр және вице-министрлер арасында қызметтiк мiндеттердi реттеуге сәйкес, бiрiншi вице-министрге бағынады.

2. Департамент өз қызметiнде Қазақстан Конституциясы мен заңдарын, Президенттiң, Қазақстан Үкiметiнiң актiлерiн, өзге нормативтiк құқықтық актiлерiн, Министрдiң бұйрықтарын және осы ереженi басшылыққа алады.

3. Департамент туралы ереженi, құрылымы мен қызметкерлер санын Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым Министрi бекiтедi.

 

2. Департаменттiң мiндеттерi мен қызметтi

 

4. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:

жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;

қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуының ұзақ мерзiмдi басымдықтары негiзiнде жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм берудi дамыту стратегияларын қалыптастыру және жүзеге асыру;

мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық бағдарламаларын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм берудi дамытудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеуге қатысу;

жоғары бiлiктi мамандарды даярлауды ұйымдастыру, қоғамның жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмдi мамандарға әлеуметтiк-экономикалық қажеттiгiн қанағаттандыру;

жоғары мектепте ғылыми қызметтi басқару жүйесiн әзiрлеу және iске асыру;

5. Департамент өзiне жүктелген мiндеттерге сай мынадай қызметтер атқаруды жүзеге асырады:

жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру саласында салалық үйлестiрудi жүзеге асырады;

жоғары оқу орындарының, жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм саласында ғылымды ұйымдастыру қызметтерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi;

мүдделi министрлiктер, агенттiктер, басқа орталық атқару органдарымен бiрге жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм саласында мақсатты бағдарламаларды әзiрлеуге және жүзеге асыруға қатысады;

меншiк түрлерiмен ведомстволық бағыныстылықтарына қарамай жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардағы оқу жылының басталуын және аяқталуын анықтайды;

санитарлық қағидалар мен нормаларға сәйкес әртүрлi жоғары оқу орындарында оқу топтарының толымдығын анықтайды;

жоғары кәсiптiк бiлiм берудiң барлық сатылары бойынша мемлекеттiк стандарттар әзiрлейдi және бекiтуге ұсынады, оқу үрдiсiнде мемлекеттiк стандарттарды енгiзуге бақылау жасайды және оларды қадағалауды жүзеге асырады;

мүдделi министрлiктер, агенттiктер және ведомстволармен бiрге даярлау бағыттары мен мамандықтар Жiктеуiшiнде, ғылыми қызметкерлерi мамандықтарының номенклатурасында көрсетiлген, республиканың жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарында кадрлар даярланатын мамандықтардың тiзбесiн анықтайды және қажеттi жағдайда оған өзгерiстер және қосымшалар енгiзедi.

баспалармен бiрге, жоғары оқу орындарын ғылым ұйымдарын оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету және оқу әдебиеттерiн басып шығару бойынша жұмыс ұйымдастырады;

оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк оқу құралдарын баспаға дайындау және енгiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмдi мамандар даярлауға,ғылыми-педагогикалық кадрларды қайта даярлауға және бiлiктiлiгiн арттыруға, жоғары мектепте ғылыми iс-әрекеттердi жүзеге асыруға бағытталатын ақша бөлу жөнiндегi, сондай-ақ бiлiм беру мен ғылыми ұйымдарының республикалық нормативтерi мен қаржыландыру тәртiбiн белгiлеу жөнiндегi жұмысқа қатысады;

тиiстi орталық атқару органдарымен бiрге, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмдi кадрларды даярлауға мемлекеттiк тапсырысты белгiлейдi;

Министрлікке қарасты бiлiм беру және ғылыми ұйымдарының жарғыларын белгiленген тәртiппен анықтап қарайды;

жоғары оқу орындарында белгiленген тәртiппен магистратура, аспирантура және докторантура ашады;

көпдеңгейлi кәсiптiк бiлiм берудiң барлық сатыларын ескере отырып,жоғары оқу орындарына қабылдаудың жалпы тәртiбi мен үлгi қағидасын әзiрлейдi;

Министрлiкке қарасты мемлекеттiк жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату жөнiндегi ұсыныстар әзiрлейдi;

жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының оқу әдiстемелiк жұмысын үйлестiредi;

жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдары жүйесiн дамыту және қайта құру жөнiндегi ұсыныстар енгiзедi;

жоғары оқу орындарында, гранттар негiзiндегi зерттеулердi, iзденiс және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды қоса, iргелi зерттерлердi дамыту жөнiндегi практикалық шараларды iске асырады және ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелердiң нәтижелерiн практикада қолдануды жетiлдеруге ықпал жасайды;

жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм туралы құжаттардың үлгiсiн әзiрлейдi және бекiтуге ұсынады;

жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм мәселелерi жөнiнде конференциялар, симпозиумдар, жиналыстар, көрмелер, олимпиадалар және конкурстар өткiзудi ұйымдастырады;

ең жақсы студенттiк ғылыми жұмыстарға республикалық конкурс жүргiзедi;

бакалавр және магистрлер даярлау бағыттары мен мамандықтар бойынша мемлекеттiк аттестаттау комиссиялары төрағаларының кандидатураларына келiсiм бередi;

жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм жүйесiнiң қызмет етуiн анықтайтын заңнамалық және өзге де нормативтiк актiлiрдiң жобаларын әзiрлеуге қатысады, соңынан олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм саласында министрлiктер мен агенттiктердiң нормативтiк актiлерiне келiсiм берудi жүзеге асырады;

жоғары оқу орындары ректорларының аймақтық кеңестерiн ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, тиiмдi түрде өзара қарам-қатыныстарын қамтамасыз етедi, олардың жұмысын үйлестiредi;

жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм мәселелерi жөнiндегi оқу-әдiстемелiк бiрлестiктердiң (ОӘБ) жұмысын ұйымдастырады және үйлестiредi;

студенттер мен оқушы жастардың Республикалық кеңесiнiң тиiмдi жұмыс жүргiзуiне көмек етедi;

ұлттық және жалпы адамгершiлiк құндылықтардың, ғылым мен тәжiрибе жетiстiктерiнiң негiзiнде жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына және кәсiби толуына бағытталған бiлiм алу үшiн қажеттi жағдайлар жасайды;

жоғары кәсiптiк оқу орындарының студеттер, магистранттар, аспиранттар және докторанттар контингентiн қалыптастырады;

республиканың стратегиялық басымдылықтарының дамуын кадрлық қамтамасыз ету мақсатында ғылыми-техникалық және бiлiм беру салаларының кезеңдi бiрiктiрiлуiн жүзеге асырады;

жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм мәселелерi жөнiнде өзге мемлекеттiк органдарға ғылыми-әдiстемелiк көмек көрсетедi;

заңнамалық және нормативтiк актiлердi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, олардың практикада қолдануына талдау жасайды;

басшы қызметкерлер мен мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлуды ұйымдастырады;

жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм берудiң мазмұнын анықтайды;

азаматтардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм алуға қол жетiмдiлiгiне жағдай жасалуына ықпал етедi;

жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру саласында Қазақстан Республикасы заңнамаларының орындалуына мемлекеттiк бақылауды iске асырады;

Департаменттiң құзiретiне жататын мәселелер бойынша азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн, арыздарын және ұсыныстарын қарастырады.

 

3. Департаменттiң құқы

 

6. Оған жүктелген мiндеттер мен қызметiн iске асыру мақсатында Департамент мындай құқықтарға ие:

оның құзiретiне жататын мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға;

жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру саласында тұрған мiндеттердi шешу үшiн уақытша шығармашылық ұжымдар ұйымдастыруға;

мемлекеттiк жоғары оқу орындарының ректорларын тағайындау және босату жөнiнде Министрге ұсыныстар енгiзуге;

мемлекеттiк жоғары оқу орындарының проректорларын тағайындауға және босатуға келiсiм беруге;

бiлiм берудi басқару органдарына, оқу орындары мен ведомстволық бағынышты ғылыми ұйымдарына, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру мәселелерi бойынша нұсқаулық, нұсқаулық-әдiстемелiк хаттар жiберуге;

жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдар мен мекемелердiң бiлiктiлiктi арттыру және кадрларды қайта даярлау мәселелерi бойынша қызметтерiне, өз құзiретiнiң шегiнде, бақылау жасауды жүзеге асыруға;

Департаменттiң құзiретiне жататын мәселелер бойынша қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатыныстарды жүзеге асыруға.

 

4. Департаменттiң қызметiн ұйымдастыру

 

7. Департаменттi қызметке, конкурс негiзiнде, Министрдiң бұйрығымен тағайындалатын және қызметтен босатылатын директор басқарады.

8. Департаменттiң директорына Департаменттiң iс-әрекетiне басшылық етудi жүзеге асыру және осы Ережемен анықталған Департаменттiң мiндеттерi мен қызметiнiң орындалуына, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалға жеке басты жауапкершiлiк жүктеледi.

9. Департаменттiң директоры:

1) Министрлiктiң Регламентiне және Министрлiктiң өзге нормативтiк актiлерiне сәйкес Департаменттiң жұмысын ұйымдастырады;

2) Департамент туралы Ереженi, сондай-ақ Департаменттiң құрылымы мен қызметкерлер саны жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi және бекiтуге ұсынады;

3) Департаменттiң құрымдылық бөлiмдерi туралы Ережелердi және Департамент қызметкерлерiнiң қызметтiк нұсқаулықтарын бекiтедi;

4) Министрлiк басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттiк органдарда және өзге ұйымдарда Министрлiктiң өкiлi ролiн атқарады;

5) белгiленген тәртiппен бекiтiлген жұмыс (шаралар) жоспарларының және министрлiк басшылығы тапсырмаларының белгiленген мерзiмде сапалы орындалуын қамтамасыз етедi;

6) Министрлiкке бағынышты, Департаментке бекiтiлген ұйымдардың қызметiне қамқоршылық етедi;

7) Департамент қызметкерлерiн көтермелеу және оларға тәртiптiк жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгiзедi;

8) осы Ережеге сәйкес басқа да қызметтердi жүзеге асырады.

10. Департамент директорының орынбасары қызметке, конкурс негiзiнде, Министрдiң бұйрығымен тағайындалады және қызметтен босатылады.

1) Департаментке жүктелген мiндеттер мен қызметтердi орындау бойынша Департаменттiң басқармалары мен бөлiмдерiнiң жұмысын ұйымдастырады;

2) Департаменттiң басқармалары мен бөлiмдерiне бекiтiлетiн мәселелер жөнiнде директорға ұсыныстар енгiзедi;

3) Департаменттiң басқармалары мен бөлiмдерiнiң жұмысын жетiлдiру жөнiнде және оларды кадрлық резерв пен материалдық қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

4) Департамент директоры iссапарда жүрген кездерде оның мiндетiн атқарады;

5) Басшылықтың тапсырмасын орындау үшiн қызметкерлердi iссапарға жiберу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

6) басшылықтың немесе директордың тапсырмасы бойынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттiк органдарда және ұйымдарда Департаменттiң өкiлi ролiн атқарады;

7) Директордың тапсырған мәселелерi бойынша қызметтiк құжаттарға қол қояды;

8) Директорға Департамент қызметкерлерiн көтермелеу және оларға жаза қолдану туралы ұсыныстар енгiзедi;

9) басшылық пен Департамент директорының тапсырмаларын орындайды;

10) орындалған құжаттардың сапасын бақылауды жүзеге асырады және Департамент бойынша еңбек және жалпы тәртiптi қамтамасыз етедi;

11) Министрлiктiң басқа департаменттерiмен бiрiгiп шешетiн мәселелер пайда болған жағдайларда, олармен қарым-қатынасты жүзеге асырады.

12. Департамент мамандарының қызметтерi департаменттiң алдына қойылған мiндеттермен, нақты қызметтiк мiндеттерi мен құқықтары-қызметтiк нұсқаулықтармен анықталады.

 

5. Департамент қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi

 

13. Департамент директорына және оның орынбасарына, Департаменттiң мамандарына, заңнамамен белгiленген тәртiппен, осы Ереже мен қызметтiк нұсқаулықтарда көрсетiлген мiндеттерiн уақытында және сапалы орындау жауапкершiлiгi жүктеледi.