|
||||||||||||||
![]() no news in this list. |
Министрлік туралы Департаменттер Ғылым департаменті
Ғылым департаменті туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. Ғылым департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделгендер шегінде ғылым мен техника саласындағы салааралық үйлестіруді қамтамасыз ететін құрылымдық буыны болып табылады. 2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Казакстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарын, 3. Департамент туралы ереже «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадагы № 1754 каулысымен бекітілген Министрлік туралы ережеге сәйкес әзірленді және Департамент қызметінің негізгі бағыттарын, міндеттерін, қызмстін және құқықтарын белгілейді. Департамент туралы ережені, оның құрылымы мен штаттық кестесін Министр бекітеді. 2. Міндеттері қызметі мен құқықтары 4. Мыналар департаменттің негізгі міндеттері болып табылады; • ғылым мен техника саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастырып, іске асыруга қатысу: • ғылыми-техникалық салада, соның ішіндс әртүрлі кәсіпкерлік нысандарының, ғылым мен техника ұйымдарының жана • нысандарының, салааралық бірлесудің, инновациялық қызмет және ғылыми-техникалық өнімнің рыногын қалыптастыруды дамыту максатында нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу; • ғылым мен техника дамуының, республикада бар ғылыми-техникалық әлсуеттің, ғылымды қажет ететін өндірістердің, шет елдік тәжірибенің, республиканың әлеуметтік-экономикалык, дамуының өзекті проблемалары жағдайы мен тенденцияларын талдау; • республикада ғылым мен техниканы дамытудың жылдық және ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарын әзірлеу; • ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды жетілдіру және оларды қаржыландыруды міндетті мемлекеттік ғылыми-техникалык. сараптамамен ашық конкурстар негізінде және ғылыми зерттеулер нәтижелерін мемлекеттік қабылдау арқылы қамтамасыз ету; • қайтарымды негізде республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру жөнінде ұсыныстар дайындау және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды енгізу процесін алып жүру; • бюджеттік емес қорлар жүйелерін және баска ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды қаржыландырудың балама көздерін дамытуға көмектесу; • мемлекет қаржыландыратын ғылыми-техникалық • бағдарламалар мен жобаларды іске асыру шеңберіндегі салалық министрліктер мен ведомстволардың ғылими-зерттеу • ұйымдарының, жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу бөлімшелерінің, әртүрлі ғылыми-зерттеу бірлестіктері мен кешендерінің, ғылыми қорлардың қызметтерін үйлестіру, Департамент құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту; • ғылыми-техникалық қызметті басқарудың аймақтық үлгісін әзірлеу және алып жүру; • ғылым мен техника саласын ақпараттандыру; • аймактарда ғылым дамуына ыкпал ету, мемлекеттің кұрамдас бөлігі ретінде аймақтық ғылыми-техникалық кызметті үйлестіру; • ғылым мен техниканы дамытудың басым бағыттарына ресурстарды шоғырландыру, өз қызметі саласына тікелей инвестицияларды тартуға қатысу; • ғылыми-техникалық кәсіпкерлік пен иннонациялық қызметті дамыту үшін қажетті шаралар жасау, ғылыми-техникалық өнімнің рыногын қалыптастыру; • ғылым мен техника саласында жекешелендіру бағдарламасын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; • өз құзыреті шеңберінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыру болып табылады. 5. Департамент өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес, Казақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясын және ведомстволық бағынысты ғылыми мекемелерді тарта отырып мынадай функцияларды жүзеге асырады: • ғылым мен техниканы дамытудың басым бағыттарын анықтайды; • ғылым мен техниканы дамытудың тұжырымдамаларын, стратегияларын, мемлекеттік және мақсатты бағдарламалары мен жоспарларын әзірлейді; • мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жүргізумен және олардың іске асуына бақылаумен конкурстық негізде іргелі және қолданбалы ғылыми-техникалық зерттеулер бағдарламаларын калыптастыруды жүзеге асырады; • республикалық бюджет есебінен ғылыми-техникалық, бағдарламаларды өткізетін ұйым-орындаушылардың ғылыми, конструкторлық және технологиялық жұмыстарын үйлестіреді; • мемлекет қаржыландыратын іргелі зерттеулер бағдарламалары, ғылыми-техникалық және инновациялық бағдарламалар мен жобалар бойынша мәліметтер базасын қалыптастыруды және алып жүруді ұйымдастырады; • іргелі зерттеулер бағдарламаларына, ғылыми-техникалық және инновациялық бағдарламалар мен жобаларына мемлекеттік тіркеуге, алып жүруге және есепке бақылауды жүзеге асырады, бағдарламалық тапсырмаларды, кезендерді, жалпы алғанда бағдарламалардың орындалуына тексеріс ұйымдастырады; • Ғылым қоры шеңберінде бастамашы іргелі және қолданбалы зерттеулерді орындайтын жекелеген ғалымдар мен ғалымдардың кіші топтарына гранттар түрінде қаржыландыруды ұйымдастырады; • ғылыми-техникалық және инновациялық қызметке бюджеттен бөлінген ақшаны мақсатты және ұтымды пайдалану барысына бақылауды ұйымдастырады; • ғылыми-техникалық салада заңнаманың қолданылу практикасын талдайды және жинақтайды, осы салада колданылатын заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді; • ғылым мен техника саласында жекешелендіру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады; • өз қызметі саласына шет елдік несиелер мен инвестициялар тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді; • ғылыми-техникалық кәсіпкерлік пен инновациялық қызметті көтермелеу, ғылыми-техникалық өнімнің рыногын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар өзірлейді; • халықаралық және республикалық ғылыми және ғылыми-техникалық іс-шараларды өткізудің жыл сайынғы жоспарын жинақтайды, ғылым мен техника саласындағы халықаралык, ымтымақтастықты жүзеге асырады; • өз қүзыретіндегі мәселелер жөнінде орталық атқару органдарына, ведомстволар мен ұйымдарға ғылыми-әдістемелік көмек көрсетеді; • ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік жүйесін жетілдіреді, ғылым мен техника саласында ұлттық ақпараттық ресурсты қалыптастырады; • ғылыми-баспа қызметін жүзеге асырады; • жетекшілік ететін ғылыми ұйымдардың, олардың жанындағы аспирантура мен докторантура қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және үйлестіреді; • республиканың ғылыми үйымдарының және республикадағы ғылымды баскарудың ұйымдық құрылымының қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді; • ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен мамандарды, сондай-ақ талантты жас ғалымдарды мемлекеттік қолдау жөнінде ұсыныстар дайындайды; • ведомстволық қарасты ұйымдардың патенттік-лицензиялау кызметін үйлестіреді; • өз құзыреті шегінде басқа да қызметтерді жүзеге асырады. 6. Негізгі міндеттерді іске асыру және өзіне жүктелген қызметті жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппеп мыналарға: • ғылыми-техникалық саясатты іске асыру жөніндегі ұсыныстарды Министрлік алқасына және басшылыққа қарауға ұсынуға; • Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өз құзыреті шегінде ғылыми-техникалық саладағы ұйымдардың орындауы міндетті болып табылатын тапсырмалар беруге; • Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан Департаменттің құзырына кіретін мәселелерді шешу үшін кажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға; • ведомстволық қарасты жетекшілік ететін ұйымдарды қүру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша, оларды жекешелендіру жөніндегі ұсыныстарды қоса алғанда, ұсыныстар енгізуге; • ведомстволық қарасты ғылыми ұйымдардың қызметіне белгіленген тәртіппен тексеру ұйымдастыруға, сондай-ақ кажетті жағайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге; • Департамент құзыретінің мәселелері бойынша ведомстволық карасты ұйымдар басшыларының есептерін тындауға; • ұйымдар өкілдерін белгіленген тәртіппен олардың ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына карамастан Департамент ұйымдастыратын сараптама комиссиясының, жұмыс топтарының және уақытша шығармашылық ұжымдардың жұмысына қатыстыруға; • белгіленген тәртіппен оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша республиканың атқарушы билік органдарының және ұйымдар басшылары мен мамандарының қатысуымен кеңестер өткізуге; • ғылым мен техника саласындағы сыйлықтар мен стипендияларды беру туралы ұсыныстар енгізуге; • заңнамаға сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға қүқылы. 3. Департамент қызметін ұйымдастыру 7. Департаментті директор басқарады, оны ғылым мәселелерін басқаратын вице-министрдің (бүдан әрі - вице-министр) ұсынысы бойынша Министр қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Департамент директорының орынбасары болады, оны белгіленген тәртіппен департамент директорының ұсынысы бойынша және басшылық жасайтын вице-министрдің келісімімен Министр қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Департамент директоры департаменттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады, Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға, олардың өз қызметтерін жүзеге асыруға дербес жауапты. Осы мақсаттарда директор: • Департаменттің құрылымы мен штаттық кестесін бекітуге басшылық ететін вице-министрге ұсынады; • өз орынбасарының міндеттері мен өкілеттігін белгілейді; • Департамент кадрларын іріктеуді жүзеге асырады және белгіленген тәртіппен тағайындауға ұсынады; • Департаменттің басқармалары, бөлімдері мен қызметкерлерінің міндеттерін бекітеді; • «Ғылым туралы» ҚР Заңын және ғылыми-техникалық саладағы басқа да нормативтік кесімдерді іске асыру, заңнамалық және нормативтік базаны жетілдіру, ғылымның мемлекеттік емес секторын қолдау, ғылымның біліммен бірігу, жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау, ресурстық қамтамасыз ету кесімдерін іске асыру мен іргелі және қолданбалы зерттеулер басым бағыттары жөніндегі ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру, ғылым мен техника инфрақұрылымын, инновациялық қызметті, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы, ғылыми-баспа қызметін, мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпаратты дамыту, ғылыми-техникалық салаға инвестиция тарту, республикадағы ғылыми зерттеу және халықаралык ғылыми-техникалық ынтымақтастықты үйлестіру мәселелерін шешеді; • белгіленген тәртіпті сақтай отырып, Департамент кызметкерлерін көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді; • өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес Министрлікті мемлекеттік органдар мен үйьмдарға ұсынады; • оның құзырына жататын басқа да мәселелер жөнінде шешімдер қабылдайды. |
|||||||||||||
|
|
||||||||||||||