|
||||||||||||||
![]() no news in this list. |
Министрлік туралы Департаменттер Мектепке дейінгі және орта білім департаменті
Мектепке дейінгі және орта білім департаментіМектепке дейін және жалпы орта білім департаменті туралы ЕРЕЖЕ 1.Жалпы ережелер 1. Мектепке дейін және жалпы орта білім департаменті (әрі қарай-Департамент) Білім және ғылым министрлігінің (әрі қарай – Министрлік) құрылымдық бөлімі болып табылады, қызмет бабында Министр, вице-министрлердің арасындағы міндеттерді өзара бөлуге байланысты вице-министрге бағынады. 2. Өз қызметінде Департамент өзінің іс-әрекетін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамаларына, Президент және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, басқа да құқықтық-нормативтік актілерге, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (әрі қарай – Министр) бұйрықтарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүргізіледі. 3.Департамент туралы Ережені, оның құрылымын және штаттық санын Министр бекітеді. 4.Департаменттің өзінің атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылып, бекітілген үлгідегі бланкісі болады. 2. Департаменттің міндеттері мен қызметтері 5.Департаменттің негізгі міндеттері: 1) мектепке дейін, жалпы орта білім саласындағы бірегей мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыруға қатысу; 2) азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясында белгіленген міндетті орта білім, мемлекеттік орта білім беретін оқу орындарында кепілдік тегін білім алу құқығын қамтамасыз етуге қатысу; ұлттық және жалпы адамзаттық негізде тұлғаның кәсіби қалыптасуына және дамуына бағытталған білім алуға қажетті жағдайлар туғызу; 6. Өзіне жүктелген міндеттерге байланысты Департамент мынадай қызметтердіі жүзеге асырады: 1) мектеп жасына дейін тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта білім стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады; 2) мектеп жасына дейін тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта білім стандарттарының орындалу жұмысын үйлестіреді: 3) мектеп жасына дейін тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта білім ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; 4) ұлттық және аймақтық ерекшеліктерге сәйкес мектеп жасына дейін тәрбиелеу және оқыт у, жалпы орта және қосымша білім беру саласындағы оқу-тәрбие ұйымдарының әр-түрлі нұсқаларын дамыту үшін жағдай жасауға қатысады; 5) мектеп жасына дейін тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта және жалпы қосымша білім беру ұйымдарын базалық (үлгілік) оқу жоспарларымен және бағдарламаларымен, оқу- әдіст емелік әдебиеттермен қамтамасыз етуді, педагог кадрларды дайындау, қайта дайындау және біліктігін арттыру мақсатында үйлестіреді; 6) мектеп жасына дейін тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта және жалпы қосымша білім беру саласындағы мақсатты, мемлекеттік және халықаралық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады; 7) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы орта білім ұйымдарына оқу жылының басталуы мен аяқталуын, сондай-ақ оқушыларға кани кулдардың мерзімдерін белгілеуге ұсыныс енгізеді; 9) мектеп жасына дейін тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта және жалпы қосымша білім саласына шетелдік несиелер мен инвестицияларды тарту және пайдалану жөнінде ұсыныстар енгізеді; 10) оқыту мен тәрбиелеуге озық тәжірибесі мен қазіргі заманғы технологиясын зерделейді және таратуға ұсыныс енгізеді; 11) мектеп жасына дейін тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта және жалпы қосымша білім саласына бағытталған бюджеттік қаржыландыруға сұранысты жоспарлауға қатысады; 12) мектеп жасына дейін тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта және жалпы қосымша білім саласы қызметкерлерге еңбек ақы төлеу жүйесін жетілдіру және оларды әлеуметтік қорғау жөнінде ұсыныс енгізеді; 13) мектеп жасына дейін тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта және жалпы қосымша білім берудің стратегиялық және индикативтік даму жоспарларын дайындауға қатысады; 14) мектеп жасына дейін тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта және жалпы қосымша білім ұйымдарының қызметкерлеріне құрметті атақтар беру, оларды республиканың мемлекеттік наградалары жєне ведомстволық наградалармен, айрықша белгілерімен марапаттау жөнінде ұсыныс енгізеді; 15) өз құзыреті шегінде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестациялауды жүргізеді; 16) 12-жылдық оқуға көшу экспериментін енгізу мен нормативтік базасын жасау жұмысын үйлестіреді; 17) өз құзыреті шегінде мектеп жасына дейін тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта және жалпы қосымша білім беру ұйымдарының қызметке сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді, статистика саласындағы өкілетті органда статистикалық нысандарды дер кезінде тіркеуді қамтамасыз етеді; 18) белгіленген тәртіппен мектеп жасына дейін тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта және жалпы қосымша білім саласында мемлекеттік және ведомстволық статистикалық есеп-қисапты жинақтауды, өңдеуді, талдауды жүзеге асырады, оның нақтылығын қамтамасыз етеді; 19) өз құзыреті жөнінде оқу-ғылыми жабдықтарды әзірлеу және өндіру, оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтарды дайындап шығару жөнінде жұмысты үйлестіреді; 20) мектеп жасына дейін тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта және жалпы қосымша білім саласында халықаралық қарым-қатынасты дамытуға қатысу; 23) білім беру саласындағы Қазаќстан Республикасы заңдары мен құқықтық нормативтік актілердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; 25) мектеп жасына дейін тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта және қосымша білім беру саласындағы заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасайды; 26) мектеп жасына дейін тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта білім стандарттарын жасауды ұйымдастыру; 27) мектеп жасына дейін тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта және қосымша білім беру беретін оқу орындарының педагог кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; 28) мектеп жасына дейін тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта білім саласы бойынша халықаралық қатынасты дамыту; 29) мектеп жасына дейін тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта білім беру саласында еңбек қорғау мәселелері жөнінде нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді. 3.Департамент құқықтары 7. Департамент өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру мақсатында: 1) өз құзыреті жөнінде мектеп жасына дейін тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта және жалпы қосымша білім беру ұйымдарының, сонымен қатар кадрлардың біліктілігін арттыру және ќайта даярлау ұйымдарының қызметін қамтамасыз етуге; 2) Министрліктің өзге құрылымдық бөлімдерінен, облыстық, Алматы және Астана қалаларының білім беру басқарлмаларынан (департаменттерінен) және министрлікке ведомстволық, бағыныстағы білім беру ұйымдарынан және өзге де ұйымдардан департаментке құзыретшілік мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен аќпарат сұратуға және алуға; 3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ведомстволық бағыныстағы мектеп жасына дейін тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта және жалпы қосымша білім ұйымдарының бірінші басшыларын қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға ұсыныс енгізуге; 4) Департамент құзыретіндегі мәселелер бойынша қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өз-ара іс-әрекетті жүзеге асыруға қатысуға; 5) мектеп жасына дейін тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта және жалпы қосымша білім саласындағы жекелеген міндеттерді шешу және проблемаларды зерделеу үшін комиссиялар, жұмыс және зерттеу топтарын құру жөнінде ұсыныс енгізуге құқылы. 4. Департамент қызметін ұйымдастыру 8. Департаментті конкурс негізінде қызметке тағайындалатын және Министрдің бұйрығымен қызметтен босатылатын директор басқарады; 9. Департамент директоры Департаменттің жұмысына басшылықты жүзеге асырады; Департаментке осы ережемен анықталған мақсаттары мен міндеттерін орындауға және ұжымда моральдік-психологиялық климаттың жай-күйіне дербес жауап береді. 10. Департамент директоры: 1) Министрліктік регламентіне және Министрліктің басқа нормативтік-құқықтық, актілеріне сәйкес департамент жұмысын ұйымдастырады; 2) Департамент туралы ережені, сондай-ақ штаттағы қызметкерлер саны және құрылымы жөнінде ұсынысты әзірлеп, ұсынады; 3) Департаменттің құрылымдық бөлімдері туралы ережені, Департамент қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді; 4) Министрліктің басшыларының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда министрліктің атынан өкіл болады; 5) Министрлік басшыларының тапсырмаларының және белгіленген тәртіппен бекітілген министрліктегі іс-қимыл жоспары мен жұмыс кестесінің уақытында және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді; 6) Министрлікке қарасты, департаментке бекітілген ұйымдардың іс-қызметіне жетекшілік етеді; 7) жетекшілік етуші саланың білім ұйымдарына шетелдік несиелер мен инвестицияларды тарту және пайдалану жөнінде ұсыныстар енгізеді; 8) мектеп жасына дейін тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта және жалпы қосымша білім саласына бағытталған бюджеттік қаржыландыруға сұранысты жоспарлауға қатысады; 9) Департамент қызметкерлерін марапаттауға және оларға тәртіп жаза қолдануға ұсыныс енгізеді; 10. Департамент қызметкерлерін құқықтық біліммен қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 11. Департамент директорының орынбасары конкурс негізінде қызметке тағайындаалады және Министрдің бұйрығымен қызметтен босатылады. 12.Департамент басқармаларының бастықтары: 1) мектепке дейін тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта және жалпы қосымша білім саласындағы мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарын әзірлеуге Министрліктің құрылым бөлімдерімен өзара қатынасты және Департаменттің ќұрылым бөлімдерімен бағынысты білім ұйымдарыныың жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады; 2) меншік нысандарына қарамастан білім ұйымдарымен мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарын енгізуді бақылауды жүзеге асырады; 3) мектеп жасына дейін тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта және жалпы қосымша білім беру саласындағы мақсатты, мемлекеттік және халықаралық бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз етеді; 4) Департаменттің құрылымдық бөлімдері мен ведомстваға қарасты білім ұйымдарының көпшілік аппарат құралдарымен өзара қарым-қатынасы, тіл саясатын жүзеге асыру жөнінде жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады; 5) жалпы білім беретін мектептерге арналған жаңа буын оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтардың сапасына экспертиза жүргізу жөнінде жұмысты ұйымдастырады; 6) білім беру ұйымдарына министрліктен пайдалануға рұқсат жасалған оқулықтар мен құралдар және өзге де әдебиеттердің тізімін құрастыру жөнінде жұмысты үйлестіреді; 7) оқушылардың ғылыми жобаларының конкурсын, республикалық, халықаралық олимпиадаларды дайындап, өткізуді бақылауды қамтамасыз етеді; 8) төске тағатын “Алтын белгі” белгісімен марапаттау жөнінде республикалық шағым арыздық-емтихандық комиссияның жұмысын қалыптастырады және ұйымдастырады; 9) министрлік басшыларының, директордың тапсырмаларын және департаменттің жұмыс жоспарларын (шараларын) белгіленген мерзімде сапалы орындауды қамтамасыз етеді; 10) Департаменттегі аппарат мәжілісінің жұмысын ұйымдастырады. 5. Департамент қызметкерлерінің жауапкершілігі Департамент директоры, Департамент қызметкерлері заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша осы Ережеде қарастырылған міндеттерін сапалы және уақытында орындауға және мемлекет қызметкерінің этикасын сақтауға жауап береді. |
|||||||||||||
|
|
||||||||||||||