Map map map Әкімшілік департаменті
 



 

no news in this list.



            


            








Министрлік туралы  Департаменттер  Әкімшілік департаменті  

Әкімшілік департаменті



Әкімшілік департаменті туралы

Ереже

 

 1. Жалпы ережелер

 

1. Әкімшілік-құқықтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) осы Ережеде қарастырылған шекте ұйымдастыру-бақылау қызметін, кадр және құжаттамалық қамтамасыз ету сонымен қатар іс жүргізу, сондай-ақ Министрліктің халықаралық ынтымақтастық мәселелерін үйлестіруді іске асыратын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің кесімдерін, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ережесі мен жұмыс регламентін және осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департамент туралы ережені, оның құрылымын және штаттық кестесін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі (бұдан әрі – Министр) бекітеді.

4. Департамент өзінің мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған атауы бар белгіленген үлгідегі банкісі, сондай-ақ Министрлік және Департаменттің жұмысын қамтамасыз ету үшін заңдармен белгіленген тәртіпте тиісті мөрлері және мөртабандары болады.

 

2. Департаменттің міндеттері мен функциялары

 

5. Департаменттің негізгі міндеттері:

1) білім беру және ғылым саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға, сондай-ақ Министрліктің жұмысын жоспарлауға қатысу;

2) Министрліктің орталық аппаратында мемлекеттік тіл саясатын іске асыруды ұйымдастыру;

3) Министрліктің орталық аппаратының қызметін ұйымдастырушылық және құжаттамалық қамтамасыз ету;

4) Министрліктің кадрлық саясатын жүзеге асыру;

5) білім және ғылым саласы бойынша халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын ұйымдастыру және жүзеге асыру; Министрліктің құрылымдық бөлімдерінің және бағынышты ұйымдарының оларды іске асыру жұмысын ұйымдастыру;

6) дерективалық бақылау құжаттарының уақытылы және сапалы орындалуын бақылау және ұйымдастыру, осы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Премьер-Министрі Кеңсесі және басқа мемлекеттік басқару органдары, сондай-ақ басқа да ұйымдармен өзара бірге іс-қимыл жасау;

7) белгіленген тәртіппен Министрлік алқасында, Министр мен бірінші вице-министрде өткізілетін аппараттық кеңестерді және басқа да жалпы министрлік шараларын ұйымдық қамтамасыз ету;

6. Департамент өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай міндеттерді іске асырады:

1) мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық бағдарламаларын, Министрліктің индикативтік, орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік жоспарлары мен бағдарламаларының жобаларын әзірлеуге қатынасады;

2) өзінің құзыретті мәселелері бойынша Министрліктің басқа орталық және жергілікті атқарушы және өкілді органдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысын үйлестіреді;

3) орталық аппараттың қызметін ұйымдастырады, Министрліктің құрылымдық бөлімдерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының өзара тиімді іс-қимыл нысандарын енгізу, Министрлік құрылымын және штаттық кестесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

4) Министрлік құжаттарын белгіленген тәртіппен даярлайды және бекітуге ұсынады, бұйрықтардың тіркелуін іске асырады және олардың орындалуын талдайды;

5) белгіленген тәртіппен Министрлікте іс жүргізу туралы нұсқаулықты, азаматтарды қабылдау олардың өтініштері бойынша жұмыстарды және министрліктегі құжаттармен, оның ішінде құпия құжаттармен жұмыстың ережесін әзірлейді, бекітеді, сондай-ақ олардың орындалуын бақылайды;

6) Министрліктің орталық аппаратының және оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысына қажетті бланкілерді, мөрлер мен мөртаңбаларды бір орталықтан жасауды, белгіленген тәртіппен Министрлік қызметкерлерінің қызмет куәліктері мен рұқсаттамаларын сақтауды және беруді жүзеге асырады;

7) Министрліктің жұмыс жоспарлары мен кестелерінің, бұйрықтарының, тапсырмалары мен тапсырыстарының сапалы және уақытылы белгіленген мерзімде орындалуына бақылауды қамтамасыз етеді;

8) Министрліктегі құжаттармен қоса жұмысты талдайды, жинақтайды және оларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындайды;

9) білім және ғылым жүйесі қызметкерлерін марапаттау жөніндегі материалдарды қарауға ұсынады және белгіленген тәртіпте ресімдейді;

10) орталық аппарат қызметкерлеріне әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, санаториялық-курорттық қызмет көрсету мәселелерін шешуге қатысады;

11) департамент директорларымен бірлесіп, мелекеттік қызмет және еңбек туралы заңдарға сәйкес мемлекеттік қызметкерлерді және басқа жұмысшы кадрларды іріктейді және орналастырады, орталық аппарат кадрларын, ведомствоға қарасты ұйымдар басшыларының қайта даярлықтан өтуін және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

12) Министрліктің орталық аппаратының кадрлары кадрлар резервімен жұмысты жетілдіру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік, нұсқаулық және басқа да материалдарды әзірлеуді ұйымдастырады және жүзеге асырады;

13) өзінің құзыреті шегінде Министрліктегі тәртіптік кеңестердің, мемлекеттік қызмет стажын анықтау жөніндегі комиссияның, мемлекеттік қызметшілердің бос орындарына орналасуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның, мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау комиссиясымен тұрғын үй комиссиясы жұмысын ұйымдастырады және жүзеге асырады;

14) Министрліктің мүдделі бөлімшелерімен халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі қолданыстағы бағдарламаларды, сондай-ақ бағдарламалар жобаларын дайындау, келісімдер және басқа да шарттардың іске асуын жүзеге асырады және орындалуын бақылайды.

15) білім және ғылым жүйесіндегі халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі жұмыстарды талдайды және қорытындылайды, оларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды енгізеді;

16) орындаушылық және еңбек тәртібін бақылауды іске асырады, Министрлік қызметкерлерінің іссапар қорытындыларын талдайды;

17) Министрлік орталық аппаратында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады және талдайды;

18) жалпы министрлік шараларын уақытылы және сапалы өткізілуін ұйымдастырады;

19) өз құзіреті шегінде басқа да міндеттерді орындайды.

 

3. Департаменттің құқықтары

 

7. Департамент өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес белгіленген тәртіппен:

1) құрылымдық бөлімшелерден, ведомстволық бағынысты ұйымдардан, сондай-ақ білім және ғылым жүйесінің аумақтық ұйымдары мен мекемелеріне ақпарат (есеп) сұратуға және алуға;

2) Министрлік құрылымын ұйымдастыру-бақылау жұмысын, құжаттамалық, кадрлық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық, сондай-ақ тілдерді дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

3) Өз құзыреті шегінде қоғамдық және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;

4) Департамент директорларымен бірлесіп, Министрлік және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізуге;

5) белгіленген тәртіпте нормативтік құқықтық актілердің, Министрдің, бірінші вице-министрдің, вице-министрлердің тапсырмаларының орындалуын тексеруді жүзеге асыруға;

6) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының деректер жинақтамасын пайдалануға;

7) Министрлік жүйесіндегі қызметкерлерді, ғалымдар мен басқа да заң жобаларын, нормативтік құқықтық актілерді, тұжырымдамаларды әзірлеуге және басқа да шараларды даярлау үшін тартуға;

8) Департамент құзырына кіретін мәселелер жөнінде кеңестер мен ұйымдастыру-бақылау іс-шараларын жүргізуге;

9) Министрлік басшылығы берген өкілеттілікке сәйкесті басқа да құқықтар жүргізуге.

 

4. Департамент жұмысын ұйымдастыру

 

8. Департаментті заңдарда белгіленген тәртіппен Министр тағайындайтын және қызметтен босататын директор басқарады.

9. Департамент директоры Департамент қызметіне басшылықты жүзеге асырады және департаменттің осы ережемен белгіленген міндеттері мен функцияларын орындауына жеке жауап береді.

10. Департамент директорының заңдарда белгіленген тәртіпте Министр тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.

11. Департамент директоры:

1) қолданыстағы заңдар мен Министрліктің нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес Департаменттің жұмысын ұйымдастырады;

2) өзінің орынбасары және департамент бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттілігін анықтайды, департамент басшылығының өзара іс-алмасу тәртібін бекітеді.

3) Департамент туралы Ережені, сондай-ақ Департаменттің құрылымы, штаттық кестесі және қызметкерлерді лауазымға тағайындау мен босату жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді және Министрлік басшыларына бекітуге ұсынады;

4) Департаменттің құрылымдық бөлімдері туралы Ережені және қызметкерлердің қызметтік міндеттерін бекітеді.

5) Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік және басқа да ұйымдарда Министрлікті білдіреді.

6) Министрліктің жұмыс жоспарлары мен кестелерінің, Министрлік басшылығы тапсырмаларының сапалы және уақытылы орындалуын бақылайды;

7) Департамент қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану шаралары туралы ұсыныстар енгізеді;

8) Осы ережеге және Министрлік басшылығының тапсырмаларына сәйкес басқа да өкілдіктерді жүзеге асырады.

12. Департамент қызметкерлерінің қызметтік міндеттері және лауазымдық нұсқаумен анықталады.

 

5. Департамент қызметкерлерінің жауапкершілігі

 

13. Департамент және оның құрылымдық бөлімдерінің басшылары, Департамент мамандарының заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет және еңбек туралы қолданыстағы заңдарда қарастырылған, осы Ережемен және лауазымдық нұсқауларда қарастырылған міндеттердің уақытылы және сапалы орындалуына жауап береді