|
||||||||||||||
![]() no news in this list. |
Министрлік туралы Департаменттер Бюджеттік департамент
Бюджеттік департаментБюджеттік департамент туралы Е Р Е Ж Е
1. Жалпы ережелер
1. Қаржы департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі-Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз қызметінде жетекшілік ететін вице-Министрге бағынады. 2. Департамент өз қызметінде Конституцияны және Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін, Министрлік туралы Ережені, басқа да нормативтік құқықтық кесімдерді, Министрдің бұйрықтарын, Министрлік төралқасының қаулыларын және осы Ережені басшылыққа алады. 3. Департамент туралы Ережені, құрылымды және штаттық санды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрі бекітеді. 4. Департаменттің белгіленген үлгіде өзінің атауы жазылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бланкісі болады. 5. Департамент өзіне жүктелген міндеттерді жүзе асыру үшін Министрліктің өзге де құрылымдық бөлімшелерімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен, министірліктермен, ведомстволармен, басқа да мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялармен, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықаралық ұйымдармен өзара әрекет етеді.
2. Департаменттің міндеттері мен қызметтері
6. Департаменттің негізгі міндеттері: 1) өзінің құзырлы шегінде білім және ғылым саласының бірыңғай мемлекеттік саясатын қалыптастыруға және іске асыруға қатысу; 2) білім және ғылымды дамыту стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шараларды орындау; 3) республикалық білім беру және ғылым бюджетін әзірлеу және орындау; 4) білім және ғылым жүйесін дамыту стратегиясын әзірлеуге қатысу; 5) білім және ғылым жүйесіне экономикалық инновацияларды әзірлеу және енгізуге қатысу; 6) министрлікке қарайтын ұйымдарды республикалық бюджет қаражаттары есебінен жоспарлау және қаржыландыру; 7) білім және ғылым министрлігі орталық аппараты мен жүйесі әкімшілік шығыстарының бухгалтерлік есебі және қаржылық есептілігі; кредиторлық және дебиторлық қарыздар бойынша республикалық бюджет қаражаттарының игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың, оның ішінде даму бағдарламалары мен инвестициялық жобалар, мемлекеттік сатып алулар жөніндегі, мемлекеттік мүлік пен меншік бойынша есептілік; 8) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметін талдау, білім және ғылым ұйымдарын әдістемелік және статистикалық бақылау әрі олардың қаржылық есептілігін қамтамасыз ету; 9) білім және ғылым ұйымдарының қаржы-шаруашылық тетігін, штаттарын қалыптастыру, еңбекақы төлеу тәртібін жетілдіру, құрылымын реттеу; 10) білім және ғылым саласында жекешелендіру бағдарламаларын әзірлеу әрі іске асыру; 11) мемлекеттік сатып алу процесін жүзеге асыру, тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер берушілермен келісім шарттарға отыру және рәсімдеу; 12) министрліктің басқаруына берілген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін басқару; 13) қаражаттарды мақсатты пайдалану бойынша ағымдағы бақылауды қамтамасыз ету; 14) жергілікті білім беру бюджеттерінің жоспарлануын және орындалуын талдау; 15) білім беру мен ғылымды дамытудың нормативтік құқықтық негіздерін қалыптастыруға қатысу болып табылады. 7. Жүктелген міндеттерге сәйкес Департамент мынадай қызметтерді жүзеге асырады: 1) министрліктің бюджеттік тапсырыстарын дайарлауды жүзеге асырады, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын және міндеттемелер мен қаржыландыру жөніндегі жоспарларын әзірлейді; 2) заңнамада белгіленген тәртіппен қаржы-шаруашылық қызметіне, еңбекақы төлеуге, салық салуға, мемлекеттік тапсырыстар мен сатып алуларды қалыптастыруға, мемлекеттік меншікті басқаруға байланысты нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлейді және бекітеді; 3) белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың бюджеттен тыс қаражаттарын қоса есептегендегі кірістері мен шығыстарының сметаларын келіседі және бекітеді; 4) мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық құжаттаманы әзірлейді, тауарларды, жұмыстарды және қызымет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асырады; 5) тиісті жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындауға арналған келісім шарттарды рәсімдейді; 6) ықтималды тауар жеткізушілердің ұсынатын тауарларының, жұмыстарының және қызмет көрсетулерінің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі бойынша сараптама өткізуді ұйымдастырады; 7) тауар жеткізушілердің орындаған жұмыстарының және қызмет көрсетулер інің, жеткізілген тауарларының конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі бойынша сараптама өткізуді ұйымдастырады; 8) ведомстволық бағынысты ұйымдарындағы бюджеттік және қаржылық тәртіптің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады; 9) білім және ғылым саласының стратегиялық және индикативтік даму жоспарларын әзірлеуге қатысады; 10) білім және ғылым саласының мемлекеттік жоспарларын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің әрекет бағдарламасын әзірлеуге және іске асыруға қатысады; 11) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына шара қолдану және ынталандыру шаралары бойынша ұсыныстар дайындайды; 12) өзінің құзырына кіретін мәселелер бойынша аумақтық білімді басқару органдарымен, басқа да министрліктермен және ведомстволармен, шетелдік серіктестіктермен, халықаралық ұйымдармен, донорлармен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет етеді; 13) білім беру және ғылым жүйесінің экономикалық жағдайына талдау жасауды жүзеге асырады; 14) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы білім жән ғылым министрлігінің бұйрықтарымен жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
3. Департаменттің құқықтары
8. Міндеттерді іске асыру мақсатында және өз қызметтерін жүзеге асыру үшін Департаменттің мыналарға: 1) өзінің құзырлығына кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға; 2) өз құзырлығының шегінде бұйрықтар, өзге де нормативтік құқықтық кесімдер дайындауға; 3) ақылы қызмет көрсетулердің бағаларын, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің штаттық кестесін келісуге; 4) бюджеттік шығыстарды минимизациялау жөнінде ұсыныстар енгізуге; 5) министрліктің құрылымдық бөлімшелері дайындаған барлық бұйрықтардың, қаулылар мен өкімдердің, шешімдердің, әдістемелік және нұсқаулық хаттардың жобаларын қарауға; 6) Департамент құзырына кіретін мәселелер бойынша семинарлар. кеңестер және басқа да іс-шаралар өткізуге; 7) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссияның отырысына мәселелер енгізуге; 8) білім және ғылым саласын дамытудың стратегиялық және индикативтік жоспарларын, мемлекеттік бағдарламаларын және білім мен ғылым саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Әрекет бағдарламасын әзірлеуге қатысуға; 9) өз құзырлығы шегінде білім беру және ғылым саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын және нормативтік құқықтық кесімдерін орындауды жүзеге асыруға; 10) ведомстволық бағынысты мекемелер мен ұйымдардың бюджеттік және қаржылық тәртіпті орындауын бақылауды жүзеге асыруға; 11) өзінің міндеттері мен қызметтерін іске асыру үшін жергілікті органдардан және білім ұйымдарынан, лауазымды адамдар мен азаматтардан берілуі міндетті қажетті ақпаратқа, статистикалық және қаржылық деректерге сұрау салуға және алуға; 12) министрліктің құрылымын жетілдіру, бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыру, сондай-ақ активтерді басқару мәселесі мен мемлекеттік сатып алу жөнінде ұсыныстар енгізуге; 13) белгіленген тәртіппен министрліктің және білім мен ғылым саласындағы басқа да құрылымдық бөлімшелердің деректерін пайдалануына; 14) белгіленген тәртіппен заң жобаларын, нормативтік кесімдер дайындау үшін сараптау комиссияларының, жұмыс топтарының және уақытша шығармашылық ұжымдарының жұмыстарына Білім және ғылым министрлігі жүйесінің қызметкерлерін, ғалымдарды, шетелдік және басқа да мамандарды тартуға; 15) Департамент құзырындағы мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының есептерін тыңдауға; 16) жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта құру және тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге; 17) Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Үкімет пен Министрліктің кесімдеріне сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
4. Департаменттің жұмысын ұйымдастыру
9. Департаментті заңнамада белгіленген тәртіп пен Министр қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор басқарады. 10. Департамент директоры Департамент қызметіне басшылықты жүзеге асырады және Департементтің осы Ережемен айқындалатын міндеттер мен қызметтерді орындауы үшін, сондай-ақ ұжымның моральдық-психологиялық ахуалы үшін дербес жауап береді. 11. Департамент директоры Министрліктің Рәсіміне және Министрліктің басқа да нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес мынадай жұмыстарды ұйымдастырады: 1) Департамент туралы Ережені, оның құрылымы мен штаттық саны және Департамент қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныстарды әзірлейді әрі бекітуге береді; 2) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері туралы Ережені, лауазымдық нұсқаулықтарды және Департамент қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді; 3) Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Министрлік атынан өкілдік етеді; 4) әрекеттер жоспарының, жұмыс кестесінің, Министрлік басшылығы тапсырмаларының уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етеді; 5) Департаментке бекітілген ұйымдардың жұмысына жетекшілік етеді; 6) Департамент қызметкерлерін ынталандыру және оларға тәртіптік шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгізеді; 7) осы Ережеге сәйкес басқа да уәкілеттіктерді жүзеге асырады. 12. Департамент диреткорының орынбасарын заңнамада белгіленген тәртіппен Министр қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 13. Департамент директорының орынбасары директор жоқ кезде оның орнын басады, Департамент құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді, өзіне Директор жүктеген басқа да міндеттерді жүзеге асырады. 14. Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен қызметтік міндеттері лауазымдық нұсқаулықтармен анықталады.
5. Департамент қызметкерлерінің жауапкершілігі
15. Департамент және оның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Департамент қызметкерлері мемлекеттік қызмет және еңбек туралы қолданылып жүрген заңнамада белгіленген тәртіппен өз міндеттерін уақтылы және сапалы орындауы үшін жауап береді. |
|||||||||||||
|
|
||||||||||||||