|
||||||||||||||
![]() no news in this list. |
Министрлік туралы Департаменттер Бiлiм берудiң дамыту стратегиясы және халықаралық ынтымақтастық
Бiлiм берудiң дамыту стратегиясы және халықаралық ынтымақтастық департаментi
2. Департаменттiң мiндеттерi мен функциялары
5. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi: 1) Бiлiм және ғылым жүйесiнiң жұмысына әлеуметтiк-экономикалық және кәсiптiк талдау жасау; 2) бiлiм беру процесiнде педагогикалық, ақпараттық, технологиялық, экономикалық және басқа жаңартпаларды әзiрлеу, енгiзу; 3) бiлiм және ғылым жүйесiнiң даму стратегиясын әзiрлеу; 4) бiлiм және ғылым жүйесiнiң даму стратегиясын iске асыру шараларын орындау; 5) Министрлiктiң құзыретiне енетiн Қазақстан Республикасының мүддесiн ескере отырып, халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын анықтау; 6) бiлiм және ғылымға байланысты республикалық бюджеттi әзiрлеу және орындау; 7) өз құзыретiнiң шегiнде бiлiм және ғылым саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға, iске асыруға қатысу; 8) бiлiм және ғылым дамуының нормативтiк, құқықтық негiздерiн құрастыруға қатысу; 9) бiлiм және ғылым сапасына мемлекеттiк бақылау жүргiзу; 10) халықаралық ынтымақтастықты жетiлдiру жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеу және практикалық тұрғыдан iске асыру; 11) халықаралық, мемлекетаралық, үкiметаралық және ведомствоаралық келiсiмдер мен шарттарға сәйкес бiлiм және ғылым саласында шет елдермен, халықаралық ұйымдармен халықаралық ынтымақтасты үйлестiру; 12) шетелдiк серiктестiктермен ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi техникалық-ұйымдастыру iс-шараларын жоспарлау және iске асыру; 6.Департамент алға қойылған мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым жүйесiнiң жай-күйi және дүние жүзiнде бiлiмдi дамытудың негiзгi тенденциялары туралы ақпараттарды жинайды, талдайды және қортындылайды; 2) Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым жүйесi дамуының негiзгi бағыттары бойынша сараптамалық баяндамаларды дайындайды; 3) өз құзыретiнiң шегiнде белгiленген тәртiппен нормативтi-құқықтық актiлер дайындайды және бекiтедi; 4) бiлiм және ғылым саласына байланысты мемлекеттiк бағдарламаларды және ҚР Үкiметiнiң iс-қимыл бағдарламасын әзiрлейдi және жүзеге асыруға қатысады; 5) “Болашақ" бағдарламасын iске асыру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiредi; 6) Бiрыңғай Ұлттық тестiлеудi және студенттер бiлiмiне аралық бақылауды жүргiзудiң, бiлiмдi жаңғырту және қолдау жөнiндегi ұйымдастыру-техникалық шараларының үлгiлiк ережелерiн /нұсқаулық, регламент/ әзiрлейдi; 7) Бiрыңғай Ұлттық тестiлеудi және студенттер бiлiмiне аралық бақылауды жүргiзудiң, бiлiмдi заман талабына сай жаңғырту және қолдау жөнiндегi ұйымдастыру-техникалық шараларын ұйымдастырады; 8) бiлiм және ғылым саласындағы сыртқы байланыстарды дамыту жөнiндегi ағымдық және перспективалық жоспарларды, бағдарламаларды әзiрлейдi және жасайды; 9) шетелдiк серiктестермен бiрге ынтымақтастық туралы халықаралық шарттардың, келiсiмдердiң, хаттамалардың, меморандумдардың жобаларын дайындайды, оларға қол кою жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады, олардың күшiне енуi жөнiнде мемлекетiшiлiк рәсiмдердi жүзеге асырады; 10) Министрлiктiңведомствалық бағынысты оқу орындарына, мемлекеттiк оқу орындарына шетелдiк азаматтарды оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiрудi жүзеге асыру; 11) шетелдiк серiктестермен тiкелей байланысты орнату жөнiндегi министрлiктiң ведомстволық бағынысты мекемелердiң ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылығын үйлестiру қызметтерiн жүзеге асырады; 12) бiлiм және ғылым саласына байланысты Қазақстан Республикасы заңдарының, нормативтi-құқықтық актiлерiнiң орындалуына, мемлекеттiк жалпыға бiрдей бiлiм стандарттарына, бағынысты ұйымдарда бюджеттiк және қаржылық тәртiпке мемлекеттiк бақылау жүргiзедi; 13)бiлiм беру және ғылыми жұмыс жүргiзетiн бiлiм және ғылым ұйымдарында, басқару органдарында бiлiм және ғылым саласындағы заңдардың орындалуына тексеру жүргiзуге қатысады; 14) департаментке бағынысты ұйымдарының басшыларын тәртiптiк жазалау және көтермелеу шаралары бойынша ұсыныстар жасайды; 15) бiлiм және ғылым саласында жаңа технологияларды енгiзудi үйлестiредi және ұйымдастырады; 16) бiлiм және ғылым саласының даму процесiне мониторинг жүргiзедi; 17) Министрлiктiң нормативтiк құжаттарының, анықтамаларының, талдамалық материалдарының жобаларын дайындауға қатысады; 18) Қазақстан Республикасы заңымен, сондай-ақ министр бұйрықтарымен өзiне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. Департамент құқықтары
7.Департамент өзiне жүктелген мiндеттер мен функцияларды жүзеге асыру мақсатында құқылы: 1) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша шешiм қабылдауға; 2) өз құзыретi шегiнде бұйрықтар, басқа да нормативтiк құқықтық актiлер дайындауға; 3) министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң дайындаған барлық бұйрықтарының жобасын, қаулылар мен үкiмдерiнiң, шешiмдерiнiң, әдiстемелiк және нұсқаулық хаттарын қарастыруға; 4) департамент құзiретiне кiретiн өзге де мәселелер бойынша шаралар, кеңестер жүргiзуге; 5) жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының отырыстарына мәселелер енгiзуге; 6) бiлiм және ғылым салаларында басқа да жергiлiктi органдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан ұсынылуы мiндеттi керектi ақпараттарды, статистикалық және басқа да деректердi сұрауына; 7) Министрлiктiң және оған бағынысты жүйелерiнiң бiлiм және ғылым саласына байланысты деректер банкiн бекiтiлген тәртiп бойынша пайдалануға; 8) министрлiк жүйесi кызметкерлерiн, ғалымдар, шетелдiк және басқа да мамандарды заң жобаларын, нормативтi актiлердi дайындау үшiн эксперттiк комиссияның, жұмыс топтарының, уақытша шығармашылық коллективтерiнiң жұмысына белгiленген тәртiпте таратуға; 9) өз құзыретiнiң шегiнде министрлiктiң ведомстволық бағынысты ұйымдарының есебiн тыңдауға және қабылдауға; 10) оқу орнына шетелдiк азаматтарды оқытуға қабылдауды жүзеге асыратын ведомстволық оқу орындарының, мекемелерiнiң және басқа да ұйымдарының жұмыстарын тексеруге, Қазақстан азаматын шетелге оқуға жiберуге, бiлiм және ғылым саласындағы сыртқы байланыстар мәселелерi бойынша өзге де кызметтерге; 11) халықаралық байланыс туралы департаменттерден, Министрлiктiң басқа да құрлымдық бөлiмшелерiнен, ведомстволық бағынысты оқу орындары мен ұйымдарынан ақпарат алуға; 12) өз құзыретiнiң шегiнде департамент жетекшiлiк жасайтын ведомствалық бағыныстағы ұйымдардың құрылу, таралу және жойылу мәселелерi бойынша ұсыныс беруге; 13) өз құзыретiнiң шегiнде Департамент Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiн басқа министрлiктерге, агенттiктерге, ведомстволар мен ұйымдарға таныстыруға құқығы бар. 14) Қазақстан Республикасының заңымен, сондай-ақ Үкiметтiң, министрлiктiң актiлерiне сәйкес өзiне жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
4. Департамент қызметiн ұйымдастыру
8. Департаменттi директор басқарады, ол конкурстық қызметке тағайындалады және министрдiң бұйрығымен қызметтен босатылады. Департамент директоры департамент жұмысына басшылық етедi, осы Ережеде анықталған Департаменттiң мiндеттерi мен функцияларының орындалуына, сондай-ақ коллективтегi моральдық-психологиялық ахуал үшiн дербес жауапкершiлiк алады. 9. Департамент директоры Департаменттiң жұмысын министрлiктiң регламентiне сәйкес және министрлiктiң басқа да құқықтық нормативтiк актiлерiне сәйкес ұйымдастырады; 1) Депаратмент туралы Ереженi әзiрлейдi және бекiтуге ұсынады, сондай-ақ департаменттiң құрылымы мен штаттық саны бойынша ұсыныс енгiзедi; 2) Департаменттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы Ережелер мен департамент қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi; 3) министрлiк басшылығының тапсыруы бойынша мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарда министрлiктi таныстырады; 4) iс-қимыл жоспарлары мен жұмыс кестесiнiң, сондай-ақ министрлiк басшыларының тапсырмаларының белгiленген мерзiмде және сапалы орындалуын қамтамасыз етедi; 5) Департаментке бекiтiлген ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметiне жетекшiлiк етедi; 6) департамент қызметкерлерiн көтермелеу және оларға тәртiптiк жазалау шараларын қолдану жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 7) осы Ережеге сәйкес басқа да өкiлеттiктi жүзеге асырады. 10.Департамент директорының орынбасары заңға сәйкес қызметке тағайындалады және министрдiң бұйрығымен лауазымдық қызметiнен босатылады, директор болмаған уақытта оның қызметiн атқарады, құрылымдық бөлiмшелерiн қызметiн үйлестiредi, директор жүктеген өзге де мiндеттердi жүзеге асырады. 11.Департамент мамандарының құзыреттiлiгi, нақты лауазымдық мiндеттерi мен құқықтары лауазымдық нұсқаулықтармен анықталады.
5. Департамент қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi
12.Департамент директоры мен қызметкерлерi, мiндетттерiнiң уақтылы және сапалы орындалуына осы Ережеге және лауазымдық нұсқаулықта қарастырылған заңда белгiленген тәртiппен орындалуына жауапты.
|
|||||||||||||
|
|
||||||||||||||