Map map map 4
 



 

no news in this list.


            


            






Құқықтық қамтамасыз ету 

жоба


«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы


 

1-тарау. Жалпы ережелер

2-тарау. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің субъектілері

3-тарау. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет нәтижелеріне зияткерлік меншік құқығы

4-тарау. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті басқару

5-тарау. Ғылымды қаржыландыру

6-тарау. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті кадрмен қамтамасыз ету

7-тарау. Ғылым мен техника саласындағы халықаралық қызмет

8-тарау. Қорытынды ережелер

 

1-тарау. Жалпы ережелер


1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар


Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

  1. аккредиттеу жөніндегі орган – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және аккредиттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

  2. ғылым докторы - iзденушi көпшiлiк алдында диссертация қорғағаннан кейiн, диссертациялық кеңестiң жасаған ұсынысы негiзiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк аттестаттау органы беретiн ғылыми дәреже. Ғылым докторы ғылыми дәрежесi жаратылыстану, гуманитарлық және техникалық ғылымдар саласында iргелі проблемаларды әзiрлегенi, iрi және аса маңызды теориялық және қолданбалы проблемаларды шешкенi үшiн, сондай-ақ енгiзiлуi қоғамның ғылыми-техникалық прогресін жеделдетуге елеулi үлес қосатын техникалық, экономикалық және технологиялық шешiмдердi ғылыми негiздегенi үшiн берiледi;

  3. ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектiлерi - ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

  4. ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық нәтиже – жаңа ілім немесе шешімдерден тұратын және кез-келген ақпарат тасымалдаушыда сақталған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет өнімі;

  5. ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық өнім - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық нәтиже, оның ішінде кез-келген ақпарат тасымалдаушыда, сонымен қатар модельдерде, макеттерде, жаңа өнім үлгілерінде, материалдар мен заттар белгіленген жаңа ілім немесе шешім түрінде іске асыруға бағытталған зияткерлік қызмет нәтижесі;

  6. ғылыми зияткерлiк меншік - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық нәтижелерге мүліктік құқық ретінде ұсталмайтын активте белгіленген меншік;

  7. ғылыми кадрларды аттестаттау – ғылыми қызметкерлердің белгілі лауазымы бойынша ғылыми ұйым қызметкерлерінің біліктілік талаптарына сәйкес бағалау жұмыстарының жүйесi;

  8. ғылыми қызметкер – жоғары кәсіби білімі бар, қажетті ғылыми біліктілікке ие, ғылыми және ғылыми-техникалық жұмысты кәсіби орындайтын және ғылыми ұйымда сәйкес ғылыми немесе әкімшілік лауазым атқаратын жеке тұлға;

  9. ғылыми-техникалық ақпарат – ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық және өндірістік қызмет барысында алынатын, отандық және шетелдік ғылымның, техниканың, технологияның және өндірістің жетістіктері туралы мәліметтерден тұратын ақпарат;

  10. ғылыми-техникалық қызмет - технологиялық, конструкторлық, экономикалық, әлеуметтiк-саяси және өзге проблемаларды шешу үшiн ғылым мен техниканың барлық салаларында жаңа бiлiм алу мен қолдануға, ғылымның, технологияның және өндiрістiң бiртұтас жүйе ретiнде жұмыс атқаруын қамтамасыз етуге бағытталған қызмет;

  11. ғылыми ұйым – ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны мен меншік нысанына тәуелсіз заңды тұлға, сондай-ақ құрылтайлық құжаттарына сәйкес қызметінің негізгі түрі ретінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті, ғылыми қызметкерлерді даярлауды жүзеге асыратын ғылыми қызметкерлердің қоғамдық бірлестігі;

  12. ғылыми ұйымды аккредиттеу – аккредитеттеу органының ғылыми ұйымның ғылыми зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен бюджет қаражатын ұтымды пайдалану дәрежесін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тану процедурасы;

  13. iргелi зерттеулер - табиғат, қоғам, адам дамуының және олардың өзара байланысының негiзгi заңдылықтары туралы жаңа ғылыми бiлiм алуға бағытталған теориялық және (немесе) эксперименттiк зияткерлік зерттеулер;

  14. қолданбалы зерттеулер – ғылыми өнімнен алынған, жетістікке жеткен ғылыми нәтижелерді тікелей практикада қолдану мақсатында орындалатын ғылыми зерттеулер;

  15. мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама - ғылыми-техникалық үдерістiң аса маңызды мәселелерi бойынша қабылданатын шешiмдердiң негiздiлiк деңгейiн айқындау үшін сараптама объектісiне объективті талдамалық баға алу үшін уәкілетті мемлекеттiк орган ұйымдастыратын бағалау жұмыстары мен қорытындылар жүйесі;

  16. тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар – жаңа қондырғылар мен құрылғылар, жаңа заттар мен материалдар жасауға, жаңа процестер мен модельдер әзірлеуге, техника мен құрал-жабдықты жаңғыртуға, технологиялар мен басқару жүйелерін жетілдіруге, өнімдердің тәжірибелік үлгілерін дайындауға және өнімдердің эксперименттік топтамаларын өндіруге, конструкторлық және технологиялық құжаттарды жасауға бағытталған жұмыстар кешені;

  17. тәжірибелі өндірістер - әртүрлі дәрежедегі шаруашылық дербестіктің әртүрлі ұйымдық және құқықтық формаларын – зауыт, цех, шеберхана, тәжірибелі сараптамалы бөлім, тәжірибелі бекет ұйымдастыру негізгі қызметі жаңа өнімдер мен технологиялық үдерістердің тәжірибелі үлгілерін жасау және өтеу болып табылатын ғылыми ұйым балансында немесе құқықтық тұлға және т.б. болуы мүмкін;

  18. уәкiлеттi мемлекеттiк орган - ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында мемлекеттік реттеу мен әкімдестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

 


2-бап. Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңнамасы



1. Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделген және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.


2-тарау. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің субъектілері


3-бап. Ғылыми қызметкердiң құқықтары мен мiндеттерi


1. Ғылыми қызметкердiң:

  1. республика азаматтарына Конституция және Қазақстан Республикасының заңдары кепілдік беретін құқықтар мен еркіндіктерді пайдалануға;

  2. оның ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерiнiң авторы деп танылуына және өнертабыс пен зияткерлiк қызметтiң басқа да нәтижелерiне өтінім беруге, сондай-ақ зияткерлiк меншiгiн қорғауға;

  3. біліктілігіне, сапасына, тәжірибесіне және осы Заңмен белгіленген өзге де негіздерге сәйкес еңбегін ынталандыру және төлеуге;

  4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет туралы шарт жасасу арқылы бюджет қаражаты, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтi қолдау қорлары мен өзге де көздер есебiнен ғылыми зерттеулерді қаржыландыру конкурстарына қатысуға;

  5. сәйкес республикалық қаржы есебінен жетекші отандық және шетелдік ғылыми-зертеу мен білім беру орталықтарында кәсіптік деңгейін арттыру;

  6. ғылыми және ғылыми-техникалық салада кәсіби қызметті жүзеге асыруға;

  7. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өзі авторы болып табылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін іске асырудан роялти, кіріс алуға;

  8. ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің бос лауазымын алу үшін конкурстарға қатысуға;

  9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқытушылық қызметпен айналысуына, кеңесшілік көмек көрсетуіне, сондай-ақ өз құзіреті шегіндегі ғылым саласында сараптамалық жұмыс жүргізуге;

  10. Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасында көзделген тәртіпте ғылыми ұжымдарға және басқа да ерiктi негізде ғылыми қоғамдық бірлестіктер (оның ішінде ғылыми, ғылыми-техникалық және ғылыми-ағарту қоғамдарын, қоғамдық ғылым академияларын) құруға;

  11. республикалық және шетелдiк ғылыми қоғамдастықтарға кiруге не сайлануға;

  12. халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысуға;

  13. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ғылыми және ғылыми-техникалық нәтижелер туралы ақпаратқа қол жеткiзуге;

  14. егер ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет нәтижелерінің мемлекеттiк, қызметтiк немесе коммерциялық құпияға жататын мәлiметтерi болмаса, онда оларды баспасөзде жариялауға;

  15. тиісті бюджет қаражаты есебінен ғылыми бiлiктiлiгін арттыруға;

  16. адамға, қоғамға және қоршаған ортаға терiс ықпал жасайтын ғылыми зерттеулер, ғылыми-техникалық және инновациялық өңдеулер жүргізуге қатысудан дәлелдi себептермен, сондай-ақ моральдық пайымдаулары бойынша бас тартуға;

  17. еңбегін, денсаулығын қорғауға, өнімділігі жоғары жұмыс үшін қауіпсіз және қажетті еңбек жағдайына;

  18. әлеуметтік және құқықтық қорғалуға;

  19. зейнетақылық және әлеуметтік қамтамасыздыққа;

  20. ғылыми зерттеулер мақсаттарына қол жеткiзу үшін Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқығы бар.

2. Ғылыми қызметкер:

  1. ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбай, олардың өмiрi мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтiрмей, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға;

  2. ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті тиімді жүзеге асыру үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға;

  3. мемлекеттiк, қызметтiк немесе коммерциялық құпияға жататын ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін жария етпеуге;

  4. жасалған келісім-шарттарға (контракттар) сәйкес ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру;

  5. лауазымына сәйкес белгіленген тәртіпте аттестациядан өтуге мiндеттi.



4-бап. Ғылыми қызметкерлердің қызметін әлеуметтік қамтамасыз ету және мемлекеттік кепілдіктер


  1. Ғылыми қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу:

    1. ғылыми қызметкерлердің еңбегіне төленетін ақы тиімді өзіндік шығармашылық қызметі үшін жеткілікті материалдық жағдайларды және ғылыми қызметкер мамандығының мәртебесін арттыруды қамтамасыз етуі, ғылыми қызметкерлердің біліктілігін арттыруына мүмкіндік беруі, олардың шынайы және бастамашылық еңбектерін ынталандыруы қажет;

    2. ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі еңбек заңнамасымен айқындалады;

    3. ғылыми қызметкерлердің еңбекақысы лауазымдық қойылымдардан (жалақыдан), сыйақыдан, ғылыми дәрежелері (ғылым кандидаттары, философия док­тор­лары (РһD), бейіні бойынша докторлар үшін бір айлық минималды жалақы және ғылым докторлары үшін екі айлық минималды жалақы мөлшерінде), ғылыми атақтары, ғылыми (ғылыми-педагогикалық) жұмыс өтілі үшін үстемеақыдан және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да үстемеақыдан, қосымша ақыдан, сыйақыдан тұрады;

    4. мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлерінің еңбекақысы және өзге де төленімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте индекстеуге жатады.

  2. Ғылыми қызметкерлердің еңбек демалыстары:

    1. мемлекеттік ғылыми ұйымдардың, мемлекет акциялары (бөлігі) бар ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлерi - ғылым докторларына жыл сайын ұзақтығы 56 күнтiзбелiк күн, ғылым кандидаттарына және философия док­тор­ларына (РһD) және бейіні бойынша докторлар үшін - 42 күнтiзбелiк күн, басқа ғылыми қызметкерлерге - 35 күнтізбелiк күн ақы төленетін еңбек демалысы беріледi;

    2. ғылыми ұйымның жыл сайын төленетін еңбек демалысы ғылыми қызметкерлер қалауы бойынша бөліктеп берілуіне болады;

    3. осы Заңда көрсетілмеген ғылыми қызметкерлердің еңбек демалысы туралы жағдайлар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте реттеледі.

  3. Ғылыми қызметкерлерді көтермелеу:

    1. ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтегі ірі жетістіктері үшін ғылыми қызметкерлер Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығына ұсыныла алады;

    2. ғылыми қызметкерлер ерекше қызметі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалармен марапатталады.

    3. ғылым мен техниканың дамуына қосқан маңызды үлесі үшін ғылыми қызметкерлер мемлекеттік ғылыми степендияға, сыйлыққа, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да мадақтау түрлеріне ұсынылуы мүмкін.

  4. Ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қорғау шаралары:

    1. кез-келген меншік нысанындағы ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуға құқы бар;

    2. тұрғын үй жағдайын жақсартуды қажет ететін ғылыми қызметкерлерге жеке тұрғын үй құрылысы үшін басым тәртіпте жер учаскелері беріледі;

    3. мемлекеттік ғылыми ұйымның немесе мемлекеттік акциялары (бөлігі) бар ғылыми ұйымның аты, ведомствалық қарастылығы өзгертілгенде, мүліктің меншік иесі алмастырылғанда, таратылған немесе қайта құрылған жағдайда олардың ғылыми қызметкерлері біліктілігіне сәйкес жаңадан құрылған басқа мемлекеттік ғылыми ұйымда немесе мемлекеттік акциялары (бөлігі) бар ғылыми ұйымда жұмыспен қамтамасыз етіледі.

    4. штат қысқартылуы бойынша, меншік формасынан тәуелсіз ғылыми ұйым таратылған немесе қайта құрылған жағдайда жұмыстан босатылған ғылыми қызметкерге жылдық еңбекақы мөлшерінде ақшалай өтем төленеді.

5. Ғылыми қызметкерлердің зейнетақымен қамтамасыз ету.

1) ғылым жұмысында қажетті стажы бар ғылыми қызметкер үшін мемлекет ғылыми еңбектің беделділігін қамтамасыз ететін және ғылыми кадрлардың жүйелі жаңаруын ынталандыру деңгейінде зейнетақы белгілейді;

2) ғылыми қызметкерге зейнетақы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенде тағайындалады:

ер адамдарға – 25 жылдық стажы болғанда, оның ішінде ғылыми жұмыстағы стажы 20 жылдан кем болмауы керек;

әйел адамдарға - 20 жылдық стажы болғанда, оның ішінде ғылыми жұмыстағы стажы 15 жылдан кем болмауы керек;

3) ғылыми қызметкерлерге зейнетақы зейнетақы тағайындау бойынша өтініш білдірмей тұрып, 2 жыл бұрын белгіленіп, ғылыми қызметкердің еңбекақысының 75 пайызын құрауы керек ;

4) осы баптың 4-тармағының 2-тармақшасында анықталған ғылыми жұмыс стажынан басқа жұмыстың әр толық жылы үшін зейнетақы еңбекақының бір пайызына артады, бірақ орта еңбекақының 80 пайызынан аспауы керек;

5) ғылыми қызметкерлерге зейнетақы бөлу тәртібі Қазақстан Ресбубликасының Үкіметімен белгіленеді.


5-бап. Ғылыми ұйымдар және олардың құқықтары


    1. Ғылыми ұйымдар ғылыми-технологиялық холдингтер, технопарктер, технополистер, ғылыми орталықтар, ғылыми-өндірістік орталықтар, университеттер, ғылым академиялары, ашық түрдегі ғылыми зертханалар, ғылыми-зерттеу институттары, жобалық-конструкторлық институттар, тәжірибелік-конструкторлық бюро, кәсіптік жоғары білімнің біліми мекемесінің ғылыми ұйымдары, технологиялық бизнес-инкубаторлар, республикалық, облыстық және қалалық бағыттағы мұражайлар, ғылыми кітапханалар, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, корпорациялардың және компаниялардың ерекшелендірілген ғылыми құрылымдық бөлімшелері болып бөлінеді.

    2. Мемлекеттік меншікке негізделген ғылыми ұйымдар мемлекеттік ғылыми ұйымдар болып табылады.

    3. Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың немесе мемлекет акциялары (бөлігі) бар ғылыми ұйымдардың құрамынан оның эксперименталдық базасы болып табылатын тәжірибелік өндірістер бөліп шығаруға болмайды.

    4. Мемлекеттiк ғылыми ұйымдар немесе мемлекет акциялары (бөлігі) бар ғылыми ұйымдар қайта құрылған кезде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтiң технологиялық бiрлiгi қамтамасыз етiлуі тиiс.

    5. Қазақстан Республикасының ғылыми-технологиялық басымдықтарына сәйкес ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің негізгі бағыттарын өз қарауы бойынша айқындауға құқығы бар жеке меншікке негізделген ұйымдар Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдар болып табылады.

    6. Ғылыми ұйымдардың:

  1. ғылыми, ғылыми-технологиялық, инновациялық қызметтiң негiзгi бағыттарын белгiлеуге;

  2. ғылыми зерттеулердi қаржыландыру конкурстарына қатысуға, оның ішінде ғылыми ұйымның бейініне сәйкес мемлекеттік, салалық (секторлы) ғылыми-техникалық бағдарламалар, инновациялық жоба, тәжірибелі конструкторлық және тәжірибелі технологиялық жұмыстар т.б. ;

  3. ғылыми ұйымдармен, жоғары оқу орындарымен және басқа заңды тұлғалармен тiкелей байланыстарды дамытуға;

  4. бiрлестiктер мен консорциуамдарға кiруге, егер ғылыми ұйымның жарғысында көзделген болса, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен филиалдар, еншiлес және бiрлескен кәсiпорындар құруға;

  5. ғылыми еңбектер, мерзiмдi басылымдар шығаруға, деректердiң ғылыми-техникалық банктерiн қалыптастыруға, ғылыми конференциялар мен басқа да ғылыми iс-шаралар өткiзуге;

  6. мемлекетаралық және халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларға қатысуға, шетелдiк ұйымдармен келiсiм-шарттар жасасуға ;

  7. ғылыми ұйымның ғылымдағы халықаралық стандарттар талаптарына құзіреттілігін тануы үшін халықаралық аккредиттеуден өтуіне;

  8. ғылыми ұйымдарда бар еңбекке ақы төлеуге арналған қаражат шегiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен үстемеақының, ғылыми дәрежелері үшін қосымша ақының, сыйлықақының және ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдердiң мөлшерiн белгiлеуге;

  9. ғылыми, ғылыми-техникалық, үйлестірімдік немесе басқа консультациялық кеңестік органдар құруға;

  10. ғылыми кадрлар дайындығын жүзеге асыруға;

  11. мемлекеттік ғылыми ұйымның материалдық және материалдық емес (зияткерлік) меншігін бар болу шегінде тәжірибелі конструкторлық және өнеркәсіптік өңдеулерді қаржыландыру қаражатын тарту жолымен мүліктік кепіл ретінде берілген меншікті қолдануға құқығы бар.



6-бап. Ұлттық ғылым академиясы


    1. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы - толық мүшелердің (академиктер) республикалық қоғамдық бірлестіктер нысаны.

    2. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындауға, мемлекеттік, салалық (секторлы) ғылыми-техникалық бағдарламарды, іргелі және қолданбалы зерттеулердің бағдарламаларын сараптамалауға қатысады; жыл сайынғы Ғылым туралы ұлттық баяндама даярлайды, академиялық басылымдар шығару, симпозиумдар, конференциялар, көрмелелер өткізу жолдарымен ғылымның жетістіктерін насихаттайды.


7-бап. Салалық ғылым академиялары


Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ғылым мен техниканың тиісті салаларында зерттеулер ұйымдастыратын және жүргізетін қоғамдық бірлестіктер нысанындағы салалық ғылым академиялары құрылуы мүмкін.


8-бап. Ұлттық ғылыми зертханалар және инженерлік бейіндегі зертханалар


1. Ғылыми ұйымдар жанындағы ұжымдық қолданымдағы ұлттық ғылыми зертханалар ғылыми зерттеулердің озық деңгейіне жету және материалдық-техникалық және кадрлық әлеуетті тиімді пайдалану мақсатында құрылады.

2. Инженерлік бейіндегі зертханалар жоғары оқу орындары жанынан технологиялық даму мен жаңа ғылымды қажетсінетін бәсекеге қабілетті өнім өндірісін игеру үшін ғылымды дамытудың сәйкес басымдықтарын қалыптастыруға арналған жекелеген бағыттар бойынша құрылады.


9-бап. Мұражайлар


Мұражайлар ерекше ғылыми-зерттеу функцияларын – экспедициялық ізденушілік (түздік) қызмет, жүйелі толықтыру, есеп, камералық өңдеу, сақтау, атрибуция, катологизация, қозғатылған тарих пен мәдениеттің ескерткіштерін көрмеге қоюды жүзеге асырады.



3-тарау. Ғылыми, ғылыми-техникалық инновациялық қызмет нәтижесіне зияткерлік меншік құқығы


10-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық нәтижесіне зияткерлік меншік құқығы

  1. Ғылыми немесе техникалық өңдеулерге тапсырыс беруші оның тапсырыс беруі мен төлеуі арқылы құрылған өнеркәсіптік меншік объектілеріне патент алуға құқылы.

  2. Ғылыми немесе техникалық өңдеулерге тапсырыс беруші автормен – өзі құрған шығармашылық еңбектің жеке тұлғасымен, тең құқықта патентке ие болады.

  3. Ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне ерекше құқықтардан тапсырыс беруші қарсы болған жағдайда, нәтижелер коммерциялық жағдайларда жүзеге асуы мүмкін.

  4. Мемлекеттік бюджеттік ҒЗТКЖ-ды орындау нәтижесінде өнертабысқа қорғау құжаттар алу құқығы ұйым-мердігермен келесі талаптар арқылы танылу керек:

  1. ұйым-мердігер қорғау құжатын алуға өтініш беруге міндетті;

  2. өнертабыстағы құқықты іске асыруда лицензия алу үшін өндірісте өңдеулерді жылдам игеруді қамтамасыз ететін шағын кәсіпорындардың артықшылығы бар;

  3. егер саналы уақытта өнертабыс шаруашылық айналымына қатыстырылатын болмаса, онда уәкілетті орган қорғау құжатын талап ете алады және өнертабысын өзіндік қолданымына жұмсай алады.

  1. Ғылыми өнім авторының акцияланатын ғылыми ұйым авторының (патентке ие болушының) ғылыми зияткерлік меншік объектісінің бағаланған құнының шамалас үлесіндегі акция бөлігін алуға құқығы бар.


11-бап. Ғылыми зияткерлік меншік құқығы объектілері


  1. Ғылыми зияткерлік меншік құқығының объектілеріне

    1. зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері;

    2. мемлекеттік айналым қатысушыларын, тауарларды, жұмыстар мен қызмет етуді жекешелендіру құралдары жатады.

  2. Ғылыми зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелеріне:

    1. ғылым, әдебиет, өнер шығармашылықтары,;

    2. орындаулар, ақпарат таратушы ұйымдарының фонограммалары мен хабарлары;

    3. өнертабыс, пайдалы моделдер, өнеркәсіптік үлгілер;

    4. селекциялық жетістіктер;

    5. интегралдық микросызбалардың топологиялары;

    6. жарияланбаған ақпарат, оның ішінде өндірістік құпиялар (ноу-хау);

    7. Азаматтық Кодексте немесе өзге де заңнамалық актілерде қарастырылған жағдайлардағы ғылыми зияткерлік қызметтің басқа нәтижелері жатады.

3. Мемлекеттік айналым қатысушыларын, тауарлар мен қызмет етуді

жекешелендіру құралдарына:

    1. фирмалық атаулары;

    2. тауарлық белгілері (қызмет ету белгілері);

    3. тауарлардың шыққан (шығуын нұсқау) орындарының атауы;

    4. мемлекеттік айналым қатысушыларын, тауарлар мен қызмет етуді жекешелендірудің Азаматтық Кодексте немесе өзге де заңнамалық актілерде қарастырылған жағдайдағы басқа құралдары жатады.


12-бап. Зияткерлік меншік объектілеріне құқық негіздерінің туындауы мен қорғалуы


Зияткерлік меншік объектілеріне құқық негіздерінің туындауы мен қорғалуы (авторлық құқық, іргелес құқық, өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі, селекторлық жетістік, интегралдық микросызбалар топологиялары құқығы, ашылмаған ақпаратты заңсыз қолданудан қорғау құқығы, фирмалық атау, тауарлық белгі, тауардың шыққан орнының құқығы) – Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодесінде (Ерекше бөлім) және осы саладағы өзге де заңнамалық актілермен реттеледі.


4-тарау. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті

басқару

13-бап. Ғылым саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi қағидаттары


  1. Ғылым саласындағы мемлекеттік саясат білім-білікті алуды, технологияға айналдыруды және оларды экономиканың нақты секторларына трансферттеуді жан-жақты ынталандыруға бағытталуы қажет.

  2. Ғылым саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi қағидаттары мыналар болып табылады:

  1. ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ұлттық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің басымдылығы;

  2. ғылыми және/немесе ғылыми техникалық қызмет субъектілерінің мемлекеттік қолдау табудағы және мемлекеттік тапсырыс орналастырудағы айқындығы, объектілігі және теңдігі;

  3. ғылыми және/немесе ғылыми техникалық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдаудың экономикалық тиімділігі және нәтижелілігі;

  4. ғылымды ұйымдастыру мен басқарудың демократиялық нысандарын дамыту, соның iшiнде ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен iске асыруда мемлекеттiк органдардың, ғылыми ұйымдар мен ғылыми жұртшылықтың өзара iс-әрекетiн қамтамасыз ету, ғылыми ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз етудің үйлесімділігі;






14-бап. Ғылыми және ғылыми техникалық қызметті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары


    1. ұлттық мүдделерге және елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының ұзақ мерзiмдi мақсаттарына сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалық дамудың басым бағыттарын таңдау мен ынталандыру және оларды iске асыру үшiн ресурстарды жұмылдыру;

    2. ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді, оның ішінде қолданбалы ғылыми зерттеулердің, тәжірибелік конструкторлық және тәжірибелік технологиялық әзірлемелердің қаржыландырылуын жүзеге асыратын мамандандырылған институттар құру арқылы қаржыландыру;

    3. ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің дамып, нәтижелерінің коммерциалануы үшін, оның ішінде ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді қаржыландыру мен іске асыруда жеке секторлардың қатысуы үшін қажетті экономикалық жағдайларды жасау;

    4. ғылым, білім мен өндірістің ықпалдасуы бағытында ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті басқару құрылымын жетілдіру;

    5. ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтi дамыту, нәтижелерді коммерцияландыру, оның ішінде ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді қаржыландыру және іске асыруда жеке сектордың қатысуы үшiн қажеттi экономикалық жағдайлар жасау;

    6. ғылым мен ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттары бойынша жоғары білікті кадрлар даярлау;

    7. жас ғалымдарды ғылым мен технология саласына тарту үшін мемлекеттік қолдау көрсету, дарынды жастарды ғылыми және ғылыми-технологиялық қызмет саласына тарту және бекіту үшін жағдайлар жасау, оның ішінде жас ғалымдарға әлеуметтік қолдау көрсету;

    8. шетелдік ғалымдарды тарту арқылы халықаралық ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық ынтымақтастықты дамыту;

    9. ғылыми-техникалық жетістіктерді ақпараттық қолдау, насихаттау және әйгілі ету;

    10. ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді қаржыландыру мен іске асыруға жеке секторлардың қатысуын құқықтық, салықтық және несиелік-қаржылы реттеу;

    11. іргелі және қолданбалы зерттеулердің мемлекеттік ғылыми-техникалық және салалық (секторалдық) бағдарламаларын іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

    12. ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті ынталандыру мен оның нәтижелерін іске асыру.






15-бап. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті мемлекеттік басқару


  1. Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті мемлекеттік орган арқылы жүзеге асырады.

  2. Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында мемлекеттік саясатты үйлестіру мен іске асуын бақылауды уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

  3. Ғылым және ғылыми-техникалық қызметтің нақты саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді сәйкес саланың уәкілеттік органдары жүзеге асырады.


16-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті


Қазақстан Республикасының Үкіметі:

  1. ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты және оны жүзеге асыру жөніндегі шараларды әзірлейді;

  2. ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды Мемлекет басшысы қарауына енгізеді;

  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан іргелі және қолданбалы ғылымды және техниканы дамытуды болжауға және ұлттық басымдықтарын әзірлеуге жауапты консультациялық-кеңесші орган құрады;

  4. Қазақстан Республикасындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындайды;

  5. ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларын бекітеді;

  6. мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бекітеді;

  7. ізденуде қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережелерін: магистр академиялық дәрежесін; жоғары академиялық дәрежедегі философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор, кандидат және доктордың ғылыми дәрежесі; мемлекеттік және салалық (секторалдық) ғылыми-техникалық бағдарламаларды, іргелі және қолданбалы зерттеулер бағдарламаларын; тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік-технологиялық жұмыстарды, сондай-ақ орындаушы ұйымның меншік нысаны мен қаржыландыру көздерінің түрлерінен тәуелсіз олардың нәтижелерін бекітеді;

  8. республика үшін аса маңызды кешенді ғылыми-техникалық бағыттар бойынша мемлекеттік ұлттық ғылыми және ғылыми-инновациялық орталықтар, технопарктер мен технополистер, ғылыми-технологиялық холдингтер, ұлттық агенттіктер құрады және олар туралы ережелерді бекітеді;

  9. Ғылым қорын құрады және ол туралы Ережені бекітеді;

  10. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ғылыми ұйымдар желісін құрады, қайта ұйымдастырады, таратады және оңтайландырады;

  11. ғылыми ұйымдарды аккредиттеу ережелерi мен тәртібін бекiтедi;

  12. аккредиттеу жөніндегі органды айқындайды;

  13. академиялық (ғылыми) дәреже тағайындалған немесе ғылыми атақ берілген тұлғаларға мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың нысандарын бекiтедi;

  14. ғылыми, ғылыми-техникалық, ғылыми-ақпараттық және инновациялық қызмет саласында нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

  15. ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет объектілері үшін салықтық және кедендік жеңілдіктер мен преференцияларды анықтайды.

  16. мүлік ретінде қолдану мақсатында зияткерлік құқықтың бағалау әдістемесін бекітеді, Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік құқығын лицензиялау, бағалау және тіркеу жүйесін құрады.


17-бап. Уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті


Уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне:

  1. ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

  2. республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми зерттеу бағдарламаларын біртұтас әкімдестіру;

  3. Қазақстан Республикасының Үкіметіне ғылым және ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;

  4. Қазақстан Республикасындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыру;

  5. оның мүшелерiн сайлау тәртiбiн қоса алғанда, ғылыми ұйымның консультациялық-кеңесшi органы туралы үлгi ереженi бекiту;

  6. ғылыми ұйымдарды аккредитациядан өткізу;

  7. меншік нысанына тәуелсіз ғылыми ұйымдардың ғылыми және технологиялық аудитін жүргізу;

  8. ғылыми, ғылыми-техникалық, ғылыми-ақпараттық және инновациялық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

  9. мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;

  10. бiлiктiлiгi жоғары ғылыми және ғылыми-педагог кадрларға мемлекеттiк аттестаттау жүргiзудi ұйымдастыру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi әзірлеу және бекiту;

  11. Қазақстан Республикасының Yкiметiне ғылыми кадрларды даярлау мен аттестаттау жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізу;

  12. ғылыми және техникалық ақпаратты жинауды, мемлекеттік тіркеуді, талдамалық өңдеуді, ұзақ мерзімді сақтау мен тұтынушыға жеткізуді жүзеге асыратын ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік ақпараттық қор мен жүйені жасады қамтамасыз ету, деректердің отандық базалары мен банктерінің (деректердің базалары мен банктерінің Мемлекеттік регистрі) есебін жүргізу, ғылыми және ғылыми-техникалық өнімді басып шығаруға қолғабыс ету, Қазақстан Республикасының аумағының сыртындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық нәтижелер туралы ақпаратты қағаз және электрондық тасымалдаушыларда сатып алу;

  13. ғылым мен білім, электрондық кітапханалар үшін ақпараттық, есептеуші және телекоммуникациялық ресурстарды дамытуға қолғабыс ету;

  14. әлемдік ақпараттық ғылыми кеңістіктің бөлігі ретінде біртұтас ақпараттық-коммуникациялық кеңістік қалыптастыруға қолғабыс ету жатады.


18-бап. Тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті


Уәкілетті мемлекеттік органның тиісті саласындағы құзыретіне:

  1. мемлекеттік басқарудың тиісті салаларындағы (сфераларында) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

  2. бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын ғылыми зерттеулерді жүргізу бойынша бағдарламаларды әкімдестіру мен жұмыстарды үйлестіру;

  3. мемлекеттік басқарудың тиісті салаларының (сфераларында) Қазақстан Республикасындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыруға үлес қосу;

  4. мемлекеттік басқарудың тиісті салаларында (сфераларында) мемлекеттік ұйымдарды немесе мемлекеттік акциялары (бөлігі) бар ғылыми ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізу;

  5. мемлекеттік басқарудың тиісті салаларында (сфераларында) отандық және әлемдік ғылымның, білімнің, өндіріс пен ғылымның интеграциясын қамтамасыз ету;

  6. ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының кадрлық әлеуеті мен материалдық-техникалық базасын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

  7. халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру жатады.


19-бап. Жергілікті атқару органдарының құзыреті


Жергілікті атқару органдары:

  1. өз құзіреттері шегінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті дамытуға бағытталған аймақтық бағдарламаларды әзірлейді, іске асырады және оларды құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге қолдаумен қамтамасыз етеді;

  2. аймақтардың мамандандырылуына сәйкес іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыруға қатысады;

  3. тиісті аймақтарда іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер саласындағы мемлекеттік немесе мемлекеттік акциялары (бөлігі) бар ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді.



20-бап. Ғылыми ұйымдарды аккредитациялау


  1. Ғылыми және мемлекеттік акциялары (бөлігі) бар ұйымдарды аккредитациялау олардың негізгі ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің тиімділігін және материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануды, ғылыми кадрларды даярлау жөніндегі жұмыстар тиімділігін бағалауды айқындау үшін жүзеге асырылады.

  2. Барлық ғылыми және мемлекеттік акциялары (бөлігі) бар ұйымдар кем дегенде бес жылда бір рет аккредитацияланады.

  3. Ғылыми ұйымның халықаралық танымал шетелдік агенттік жүзеге асыратын халықаралық аккредитациядан өтуге құқығы бар.

  4. Аккредитацияланған ғылыми ұйым және мемлекеттік акциялары (бөлігі) бар ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ғылыми және ғылыми-техникалық салада мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жұмыс жүргізуге құқығы бар.

  5. Ғылыми ұйым және мемлекеттік акциялары (бөлігі) бар ұйымның мемлекеттік акредитациялануы туралы куәлік Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен қаралған салықты төлеуге ғылыми ұйымға жеңілдік жасалу үшін негіз болады.


21-бап. Ғылыми ұйымды басқару


    1. Мемлекеттік ғылыми ұйымның ғылыми қызметкерлері ұжымының келісімімен мемлекеттік ғылыми ұйымның басшысын уәкілетті орган оған қатысты мемлекеттік басқару функциясын жүзеге асыратын органның келісімі бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

    2. Мемлекеттік ғылыми ұйымда ғылыми мекеменің ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет жөніндегі консультациялық-кеңесші органы ғалымдар (ғылыми, ғылыми-техникалық, техникалық) кеңесі құрылады.


22-бап. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама


  1. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың негізгі қағидаттары:

    1. сараптау жұмысының, оның нормативтік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуін ұйымдастырудың жүйелілігі;

    2. мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жүзеге асырудағы тәуелсіздік, объективтілік және кешенділік;

    3. коммерциялық және заңмен қорғалатын басқа құпияның сақталуы;

    4. сарапшылардың (сараптаушы ұйымдардың) құзіреттілігі және жоғары кәсіби деңгейі;

    5. сараптама қорытындыларының шындығына, толықтығына және негізділігіне жауаптылық.

  2. Міндетті мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектілері:

    1. бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының жобалары мен жеке жобалары, сондай-ақ қалыптастыру, орындалу және аяқтау кезеңіндегі инновациялық жобалар;

    2. ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесі болып табылатын жаңа технологиялар мен технологиялық шешімдерді қолдану және енгізу арқылы Қазақстан Республикасында салынатын өндірістік-технологиялық кешендердің жобалары;

    3. мемлекеттік, мемлекетаралық, салалық (секторалдық) ғылыми-техникалық бағдарламалар, қалыптастыру, орындалу және аяқталу кезеңіндегі бюджет қаражаты есебiнен іске асыруға жататын іргелі және қолданбалы зерттеулер бағдарламалары мен жобалары, тәжірибелі-конструкторлық және тәжірибелі технологиялық жобалар;

    4. мемлекеттік ғылыми және мемлекеттік акциясы (бөлігі) бар ғылыми ұйымдардың жекешелендіру кезіндегі материалдары (пайдаланылатын ғылыми зияткерлік меншік объектілері бөлігіндегі);

    5. мемлекеттік қажеттіліктер үшін техника мен технологияларды трансферттеу (импорттау) жөніндегі жобалар;

    6. ғылым мен техника саласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтарын алуға ұсынылатын жұмыстар болып табылады.

  3. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу үшін конкурстық негізде ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің тиісті саласынан сәйкес біліктілігі және сараптамалық қызметті жүзеге асыруда тәжірибесі бар сарапшылар (сараптаушы ұйымдар) тартылады (ғылыми қызметкерлер мен ғылыми ұйымдар, оның ішінде шетелдік).