Map map map Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және а
 



 

no news in this list.


            


            






Құқықтық қамтамасыз ету 

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және а



Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2007 жылғы «27» желтоқсандағы

№ 659 бұйрығымен бекітілген



Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің

және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш,

негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесі



1. Жалпы ережелер



1. Осы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесі Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу тәртібін реттейді.

2. Шетелдіктерге және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі - шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар) білім берудің конституциялық құқықын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруге кепілдік беріледі.



2. Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ тұлғаларды

қабылдау және оқытуды ұйымдастыру тәртібі



3. Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ тұлғаларды оқуға қабылдау, олардың оқуын ұйымдастыру, білім беру ұйымдарымен қамтамасыз ету тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері болған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары үшін қарастырылған жағдайларда жүзеге асырылады.

4. Шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар өз баласын оқуға берген кезде 16 жасқа дейінгі тұлғалардың ата-анасы немесе заңды өкілі білім беру ұйымдарына тұратын жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құқықы бар құжатын ұсынуы тиіс:

шетелдіктер - Қазақстан Республикасында тұру түрі;

азаматттығы жоқ тұлғалар – азаматтығы жоқ тұлғалардың куәлігі.

5. Ата-аналарымен Қазақстан Республикасында тұратын 16 жасқа толған тұлғалар - шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар осы ереженің 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы тиіс.

6. Білім беру ұйымдары шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың балаларын олардың шетелде алған білімінің деңгейіне сәйкес тиісті сыныптарға бөледі.