«Адами капитал-жаңғыру негізі» атты мерейтойлық форум

09.11.2018

2018 жылғы 10 қарашада сағат 10.00-де Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында  «Болашақ» стипендиясының жүзеге асырыла бастағанына 25 жыл толуына орай,  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіқалықованың, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі Ерлан Сағадиев және тағы басқа да министрлер мен елшілер, шетелдік қонақтардың қатысуымен «Адами капитал-жаңғыру негізі» атты мерейтойлық форум өтеді.

Бүгінде осы бағдарлама шеңберінде даярланған 10 мыңнан астам жоғары білікті маман отандық экономиканың барлық салаларында еңбек етуде. «Болашақ» стипендиясы іске асырылған жылдар ішінде қазақстандық білімнің брендіне айналды және халықаралық аренада кеңінен танылды.

Форумның шеңберінде ел экономикасының түрлі салаларындағы проблемалық мәселелер көтеріліп және «Болашақ» бағдарламасы түлектері тарапынан оларды шешу жолдары ұсынылады.


Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: press@edu.gov.kz