LinkedIn желісі арқылы таратылған ақпараттар негізіндегі алаяқтық іс-әрекеттердің пайда болғандығынан хабардар етіп, мұқият болуларыңызды сұраймыз

11.10.2018

Құрметті азаматтар!

Сіздерді әлеуеттік желі, оның ішінде LinkedIn желісі арқылы таратылған ақпараттар негізіндегі алаяқтық іс-әрекеттердің пайда болғандығынан хабардар етіп, мұқият болуларыңызды сұраймыз.

Жаман пиғылды адамдар өз хабарламаларында еліміздің азаматтарына жоғарғы жалақысы бар және жеке авто көлік ұсынатын, сондай-ақ тұрғын үймен қамтамасыз ететін тиімді жұмыс ұсына отырып, Ұлыбритания еліне жұмыс визасын жасауға көмектесетіндіктерін айтып алдап отыр. Ал, құжаттарды даярлау мақсатында компанияның есептік шотын көрсетіп, өз қызметтері үшін алдын ала төлем жасауларын сұрайды. Қаржаттар шоттарына түскен сәттен бастап, компания ешбір байланысқа шықпайды. Өкінішке орай, Қазақстан республикасының азаматтары арасында да осы алаяқтардың алдауына түскендер бар.

Жоғарыда айтылған барлық деректерге сәйкес, сіздерден әлеуметтік желілерде таратылған сенімсіз ақпараттарға аса мән беріп, мұқият болуларыңызды сұраймыз.


Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: press@edu.gov.kz