Премьер-министр «Астана 20 жыл» медалін табыстады

Премьер-министр вручил медали «Астана 20 жыл» 04.07.2018

Бүгін Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстанның және оның астанасының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқаны үшін марапатталғандарға «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалін табыстады.

Марапатталғандар қатарында: Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары А.Мамин, премьер-министрдің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеев, премьер-министрдің орынбасары Е.Досаев, премьер-министрдің орынбасары А.Жұмағалиев, премьер-министр кеңсесінің басшысы Н. Алдабергенов.

Мерейтойлық медалді Ақпарат және коммуникация министрі Д. Абаев, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Атамқұлов, Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Әбілқасымова, Әділет министрі М. Бекетаева, Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, Энергетика министрі Қ.Бозымбаев, Қорғаныс министрі С. Жасұзақов, Әлеуметтік даму министрі Д. Қалетаев, Инвестициялар және дамыту министрі Ж. Қасымбек, Ішкі істер министрі Қ.Қасымов, Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, Қаржы министрі Б. Сұлтанова иеленді. Сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы А. Мырзахметова, «Назарбаев Университеті» АББ президенті С. Катсу, ҚР Премьер-Министр кеңесі төрағасының орынбасарлары Е. Бабақұмаров пен Т. Сәрсенбаевқа табысталды.

«Астана 20 жыл» медалі Қазақстан мен астанасын қалыптастыруға және дамытуға елеулі үлес қосқан қазақстандықтар мен шетел азаматтарын ынталандыру мақсатында құрылды. Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы 2018 жылдың 17 сәуірінде қол қойды.


Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: press@edu.gov.kz