УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРМЕН ДӘСТҮРЛІ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

ДОБРАЯ ТРАДИЦИЯ: ВСТРЕЧА РЕКТОРА УНИВЕРСИТЕТА СО СТУДЕНТАМИ 12.06.2018

2018 жылдың 6-8 маусым күндері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор Қ.А.Бисенов студенттермен жыл сайынғы дәстүрлі кездесуін өткізді.

2017-2018 оқу жылының қорытынды кездесуінде Қылышбай Алдабергенұлы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласында көтерілген бастамалардың орындалу барысы туралы жастармен ой бөлісіп, университеттегі жаңа жетістіктер мен алдағы жоспарларды ортаға салды.

Білім мен ғылым – барлық адамзаттың жетістігі мен рухани байлығы, ал оның даму деңгейі – мемлекет қуатының өлшемі десек, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жоғары білімді мамандар даярлау мен білім ордасының ғылыми шығармашылық әлеуетін арттыру бағытындағы жұмысын жетілдіруде.

«Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қа­бі­летімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақ­стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы,  ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә­дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана­тында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы» деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласында жаңа заман талаптарын атап көрсеткен болатын. 2012-2013 оқу жылынан бастап бакалавриаттың 4 мамандығы бойынша 1 курс студенттері көптілді білім беру бағдарламасына сәйкес білім ала бастаған болатын. 2015-2016 оқу жылынан бастап 16 мамандықтың студенттері үш тілде білім алуда. Университетте жасалған «Е-универ» ақпараттық жүйесі барлық құрылымдық бөлімдерінің жұмыстарын цифрландырумен қатар, қашықтықтан оқыту технологиясы және ашық білім беру ресурстары арқылы оқу үдерісін ұйымдастыруда. 2017-2018 оқу жылы ашылған халықаралық CISCO академиясы, «Майкрософт» компаниясының филиалы және отандық «КазРоботикс» федерациясымен әріптестік байланыс университеттің білім беру қызметінің сапасын арттыруда.

Университетте жастарды білім мен ғылымға, шығармашылық пен зияткерлікке баулумен қатар, оларды кәсіпкерлікке үйрету жолға қойылуда. Оған дәлел, студенттердің “Business-Start” инновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығы ашылып, нәтижесінде студенттер 22 жоба бойынша кәсіпкер ретінде жұмысқа кірісіп, 75 білім алушыны жұмыспен қамтып, өз кәсіптерін бастауға мүмкіндік алды.

Кәсіпкерлікке үйрету мақсатында жаңа оқу жылынан бастап жатақханада, оқу ғимараттарында қызмет көрсету түрлері бойынша арнайы орындар студенттерге жалға бөлініп, студенттер өз бизнесін бастауға мүмкіндік алатын болады.

Айта кетейік, университет ректорының студенттермен дәстүрлі кездесуі жаңа оқу жылы басталғанда, бірінші академиялық кезең аяқталғанда және оқу жылын қорытындылау үшін дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отырады.

Университет 2017 жылы Қазақстанның үздік ЖОО-лары рейтингі қорытындысы бойынша жоғары 9-орыннан көрінсе, Шығыс Еуропа және Орта Азия елдері университеттерінің 2900-ден астам ЖОО-дары арасында 2018 жылдың ақпан айында «Үздік 300» университеттер тобына енді. Жуырда Акредиттеу және рейтинг тәуелсіз агентігі (НААР) жүргізген Қазақстан Республикасы ЖОО-ның Ұлттық рейтингі – 2018 нәтижелері бойынша университеттің 7 білім бағдарламасы үздік үштікке енді. Университет республика бойынша үздік 10-дықтың қатарында.

Кездесу барысында студенттер университет ректорына өздерін толғандыратын сауалдарын жолдап, жан-жақты жауаптар алды. Сауалдар мен ұсыныс-пікірлерге байланысты нақты жұмыстар жүргізілетін болады.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда

мемлекеттік университетінің

Баспасөз қызметі



Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: press@edu.gov.kz