Конференция қатысушылары өзара тәжірибе алмасты

Участники конференции обменялись опытом 28.11.2019

2019 жылғы 28 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: сананы жаңғырту» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Сананы жаңғырту – табысты білімге жаңа қадам» атты І республикалық конференциясы өтті. 

Ғалымдар, ЖОО ректорлары, білім басқармалары мен ұйымдарының басшылары, баспалар мен ҮЕҰ өкілдері алғаш рет тәжірибе алмасу мақсатында бас қосты. Ұлы Даланың тарихы мен мәдениеті бойынша шетел мұрағаттары мен қорларындағы археографиялық жұмыстар қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Жоғары оқу орындарының археологиялық зерттеулеріне де ерекше назар аударылды. Өз кезегінде, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті киелі орындар бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды.

«Идеологиялық жұмыста жүйелілік маңызды. Бұл үшін жауапкершілік бюджеттің орындалуы сияқты болуы керек. «Рухани жанғыру» бағдарламасынсыз бізді бүгін идеологиялық вакуум күтіп тұрар еді», - деді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Қанат Сарсембаев.

Конференция шеңберінде кітап көрмелері де ұйымдастырылды. Олардың бірінде «Жаңа гуманитарлық білім» жобасы бойынша 47 кітап көрсетілді. Кітаптардың электронды нұсқалары 100kitap.kz. сайтында қолжетімді. Әрбір кітап бойынша бейне дәрістер әзірленген, сондай-ақ конференция қатысушылары www.openU сайтындағы онлайн-оқыту тәжірибесімен де қызықты. Бүгінгі таңда шетелдік қашықтықтан оқыту платформаларында 30 000-нан астам қазақстандық білім алуда.

Екінші көрмеде «Алматы кітап баспасөз» баспасы шығарған Өлкетану бойынша 5-7 сынып оқушыларына арналған аймақтық оқулықтар ұсынылды. Сонымен қатар, үстіміздегі жылы Өлкетану хрестоматиясы жарық көрді, ал келесі жылы 8-сынып оқушыларына арналған Өлкетану бойынша элективті курс пен оған арналған оқулық әзірлеу жоспарлануда.

Конференция барысында аймақтық білім беру ұйымдарындағы жобалау қызметінің үздік тәжірибелерімен алмасу, еріктілер қызметін кеңейту және ауыл балаларының дарындарын дамыту мәселелері де қозғалды.

 

 

 

 


Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11