Оқытушылардың еңбекақысы өседі

 Повысится заработная плата преподавателей 15.11.2019

Мемлекет басшысының білім беру сапасын арттыру және педагогтерді қолдау жөніндегі тапсырмасы аясында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне бірқатар міндеттер жүктелген болатын. Оның ішінде, мемлекеттік ЖОО ректорларына оқытушылардың еңбекақыларын 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін 30%-дан 50%-ға дейін арттыру міндетін ерекше атап өтуге болады.

Осы ретте, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында пост жариялаған болатын. Министрдің пайымдауынша, министрлікпен жоғары оқу орындарының бюджеттеріне талдау жүргізілген. Талдау нәтижесінде еңбекақы төлеу қорын ұлғайту үшін резервтердің бар екендігі анықталды. Шыны керек, бүгінде бірқатар жоғары оқу орындарының оқытушылары 60-70 мың теңге көлемінде жалақы алатыны тағы бар. Бірқатар жоғары оқу орындары оқытушылардың жалақысын арттыру бойынша нақты шараларды жүзеге асыруды қолға алды. Олардың қатарында, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Каспий университеті мен Тараз педагогикалық университеті бар. Басқа да мемлекеттік ЖОО-ларға аталған шаралар шеңберінде сәйкесінше тапсырмалар жүктелді.
Сонымен қатар, ректорларға мемлекеттік жоғары оқу орындарында жұмыс істейтін академиктерді арнайы қосымша ақылар белгілеу арқылы қолдау міндеті қойылды. "Жоғары оқу орындарында қызмет ететін академиктердің саны айтарлықтай көп емес, сондықтан отандық ғылыми қоғамды қолдау маңызды.
Бұл шаралар мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат пен күш-жігерді қажет етпейтіндігін ерекше атап өткен жөн",-деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, алдағы уақытта жас ғалымдарды қолдау тетіктері де қарастырылатын болады.



Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11