Үкімет мүшелері жұмыс сапарымен Шымкент қаласына барды

Члены правительства с рабочим визитом посетили город Шымкент 24.10.2019

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкіметтік жұмыс тобы 24 қазан күні Шымкент қаласына келді. Делегация құрамына кірген Үкімет мүшелерінің қатарында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов болды.

Жұмыс сапарының негізгі мақсаты — Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру. Үкімет мүшелерінің жұмыс сапары Шымкент қаласындағы №65 орта мектебіне барудан басталып, білім ордасында педагогтар қауымдастығымен, ардагерлермен және білім беру саласының қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесу барысында білім беру сапасын арттыру, материалдық-техникалық базаны жақсарту, педагогтардың мәртебесін және материалдық қамтамасыз етуді арттыру және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

– Ұстаздардың білім сапасына мән беруіміз қажет. Сондықтан да жоғары білімнен кейінгі магистрлік білімі бар ұстаздардың жалақысына қосымша ынталантыру мақсатында үстемақы төленетін болады, - дей келе, Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов мектепке магистрлік білімі бар мамандарды тарту қажеттігі туралы айтып өтті.
Бұл күні Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов Шымкент қаласындағы №24 орта мектебіне барып, қаланың педагогтар қауымдастығымен кездесті. Сондай-ақ, ведомство басшысы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде болып, білім ордасындағы жағдаймен танысты. Жұмыс сапары барысында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде де болып, профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесу өткізді.

Кездесуде Президент Жолдауының басым міндеттері, сондай-ақ, «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасына, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қатысты мәселелер талқыланды. Жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті. Өз кезегінде, ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов үш тілді оқыту мен "Әліппе" мәселелеріне қатысты қала тұрғындарынан келіп түскен бірқатар сауалдарға жауап берді.


Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11