Жас ғалымдар кеңесінің отырысы өтті

Прошло заседание совета молодых ученых 29.10.2019

Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық биотехнология орталығында ҚР Білім және ғылым Министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің төртінші отырысы өтті. Жас ғалымдар кеңесінің отырысына ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов қатысты.

Отырыс барысында ҚР БҒМ жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы М.Жабағин қатысушыларды Кеңестің жұмыс тәртібімен таныстырып, ЖҒК-нің ағымдағы жұмысын қорытындылады. Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің жас ғалымдар кеңесінің бірінші отырысы барысында берген хаттамалық тапсырмаларын орындау мәселелері қаралды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурстық құжаттама талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесі туралы қолданыстағы ережеге өзгерістер мен толықтырулары қаралды.

Министр жас ғалымдардың өкілдері тарапынан ғылымның өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды, атап айтқанда, докторантура мен постдокторантура бағдарламаларын, диссертациялар мен олардың ғылыми басшыларына қойылатын талаптарды іске асыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға конкурстық құжаттаманы одан әрі жетілдіру.


Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11