Lovely Professional University өкілдерімен келіссөздер жүргізілді

06.11.2019

2019 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасы Үндістан Республикасындағы елшілігінде 2005 жылы Пхагвар қаласында (Пенджаб штаты) құрылған Lovely Professional University (LPU) өкілдерімен кездесу өтті. Аталған университет Google компаниясымен ынтымақтастық орнатып, білім беру процесінде озық технологияларды пайдаланады. Қазіргі таңда, университетте жиырма негізгі бағыт, оның ішінде фармацевтика, сәулет өнері, қонақ үй басқару және туризм, ауыл шаруашылығы, киноиндустрия және басқа да 200-ден астам кәсіп бойынша дәріс беріледі.

Келіссөздер барысында қазақстандық студенттерді LPU-да төмен бағалар немесе стипендия бойынша қысқа немесе толық оқыту мүмкіндігі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қосымша ақпарат үшін ҚР БҒМ Халықаралық ынтымақтастық департаментіне 74-16-12 тел. бойынша хабарласа аласыз.


Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11