Вице-министр Б.А. Асылова мен АҚШ Мемлекеттік департаментінің аса маңызды тапсырмалар бойынша елшісі Натан А. Сэйлспен кездесуінің қорытындылары

Итоги встречи вице-министра Асыловой Б.А. с Послом по особым поручениям Государственного департамента США Натаном А. Сэйлс 09.10.2019

2019 жылдың 8 қазанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асылова АҚШ Мемлекеттік департаментінің аса маңызды тапсырмалар бойынша елшісі Натан А. Сэйлспен, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Мозер У. Хенримен, АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшілері Майкл К Даффин, Джозеф А. Розенштейнпен кездесті.

Кездесуде террористік белсенділік аймақтарынан (бұдан әрі-ТБА) келген адамдарды радикаландыру және оңалту бойынша қазақстандық тәжірибе, ТБА-дан оралған балалармен тікелей жұмыс істейтін маман дайындау саласында өзара ынтымақтастық, оларды одан әрі қайта әлеуметтендіру және қоғамға қайта біріктіру мәселелері талқыланды.

Мемлекеттік департамент қызметкерлері ҚР Үкіметіне өз азаматтарын Отанына оралғаны үшін алғыстарын білдірді, сондай-ақ, әскери іс-қимыл аймақтарынан оралған адамдарды оңалту және қайта қалпына келтіру бойынша Қазақстанның көшбасшылығын атап өтті, оңалту іс-шараларына тартылған мамандарды дайындауға көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар ТБА-дан қоғамға оралған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру және реинтеграциялау бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, екі елдің дипломатиялық өкілдіктері арқылы ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.


Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11