Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мәселесі бойынша отырыс

08.10.2019

2019 жылғы 11 қазанда Өскемен қаласында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар басшыларының Республикалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.

Отырыс жұмысына орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың басшылары қатысады.

Шараға қатысушылар әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, интернаттық мекемелерді одан әрі деинституционализациялау, трансформациялау, сондай-ақ, отбасылық соттар тұжырымдамасының жаңа тәсілдері, отбасылық жанжалдарды шешудегі уәкілетті органдардың рөлі мәселелерін талқылайды.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандық азаматтардың отбасыларына орналастыру кезінде үкіметтік емес ұйымдардың жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады. Сондай-ақ, отырыс қатысушыларына «БАЛАЖАН» балалар интернат мекемелерін трансформациялау бағдарламасы таныстырылады.

Республикада жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар тәрбиеленушілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі қажетті нормативтік құқықтық база құрылды.

Интернат мекемелерін деинституционализациялау және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу стратегиясын іске асыру шеңберінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілер санының тұрақты азаю үрдісі байқалды.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда 4 749 бала тәрбиеленіп жатыр. Соңғы 3 жылда балалар үйі тәрбиеленушілерінің саны 3 мың балаға қысқарды, бұл жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 27 ұйымның жабылуына және өзгеруіне алып келді.

Бүгінгі күні білім беру жүйесінде 23 отбасы үлгісіндегі мекеме жұмыс істейді, онда 849 бала тәрбиеленеді, 2 797 бала тұратын 43 балалар үйі және мектеп - интернаттар жұмыс істейді.

Денсаулық сақтау жүйесінде - 21 сәбилер үйі, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде - 18 медициналық-әлеуметтік мекеме.

Отырыс қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданатын болады.

Қосымша ақпарат алу үшін: +7 (7172) 74-21-72 хабарласуыңыз болады


Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11