«Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

Наградили победителей Республиканского конкурса «Лучший педагог» 03.10.2019

Бүгін мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында республикалық «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, қазақстандық эстрада жұлдыздары, мұғалімдер мен білім беру саласының ардагер-ұстаздары қатысты.

Айта кеткен жөн, 8 жыл ішінде аталған байқауға 35 127 педагог қатысқан, оның ішінде мектепке дейінгі және орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі 432 педагог 1000 АЕК көлемінде ақшалай сыйақымен және "Үздік педагог" белгісімен марапатталған.

Биылғы салтанатты шараның тағы бір ерекшелігі – байқау жеңімпаздарын құттықтаумен қатар жеңімпаздардың біріне қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорымен "Қазақстан мұғалімі" сыйлықақысы берілді. Аталған сыйлықақы Нұр-Сұлтан қаласындағы Дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицей интернатының математика пәнінің мұғалімі Гул Муаммер мырзаға табысталды. Ендігі кезекте, жеңімпаздар арасындағы ең үздік 10 жұмыс "Әлем мұғалімі-2020" халықаралық конкурсына жіберілетін болады.

Мектепке дейінгі және орта білім жүйесі бойынша «Үздік педагог-2019» республикалық конкурсы жеңімпаздарының тізімімен мына сілтеме арқылы таныса аласыз:

http://edu.gov.kz/kz/news/detail.php?ELEMENT_ID=12191&#

Техникалық және кәсіптік білім жүйесі бойынша «Үздік педагог-2019» республикалық конкурсы жеңімпаздарының тізімімен мына сілтеме арқылы таныса аласыз:

http://edu.gov.kz/kz/news/detail.php?ELEMENT_ID=12192&#   


Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11