«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы қатысушыларына сатып алумен жалға берілетін тұрғын үйді іске асыру келісімі» шеңберінде жұмыскерлердің басым категориялары және іріктеу критерийлері

11.09.2019

Жұмыскерлердің басым категориялары Министрлік және Министрлікке қарасты ұйымдар мен мекемелердің келесі жұмыскерлері болып табылады:

1)        ҚР Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) қарасты республикалық мектеп, колледж, жоғары оқу орындарының педагогикалық және оған теңестірілген жұмыскерлер; мемлекеттік қызметшілер және Министрліктің техникалық жұмыскерлері; 2019 жылғы 5 маусымдағы жағдай бойынша Министрлікке қарасты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың негізгі, оқу-көмекші және әкімшілік персоналдары;

2)        2019 жылғы 5 маусымдағы жағдай бойынша Министрлікке қарасты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызмет көрсету персоналы.

(Ескерту: ұйымдар мен мекемелерде екі басым категориялар бойынша 2 тізім жасалады).

Мекемелер мен ұйымдарда жұмыскерлердің кезектілігі үміткерлердің балл жинағы бойынша қалыптастырылады, яғни үміткердің балл жинағы қаншалықты жоғары болса, оның кезектілік тізіміндегі орны соншалықты жоғары орналасады. Балдар келесі көрсеткіштер негізінде саналады:

1.      Білім және ғылым саласындағы еңбек өтілі бойынша балл:

1)      1-ден 3 жылға дейін – 1 балл;

2)      3-тен 5 жылға дейін – 2 балл;

3)      5-тен 10 жылға дейін – 3 балл;

4)      10 жылдан жоғары – 4 балл.

2.                  Қосымша балдар:

отбасы құрамында кәмелеттік жасқа толмаған балалары, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іштей оқу формасында оқитын (жиырма үш жастан аспаған) балалары бар отбасыларға әр бала үшін 1 балл;

кәмелеттік жасқа толмаған баланы немесе балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған жұмыскерге (2019 жылғы 5 маусым жағдайы бойынша толық емес отбасы) 1 балл;

1 және 2-топ мүгедектігі бар жұмыскердің, оның жұбайының, баласының (балаларының) әрқайсына 1 балл;

«Жастар» категориясына жататын жұмыскерлер («Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚРЗ сәйкес 29 жасқа дейін) – 2 балл.

Баллдар тең болған жағдайда, келесі кезектілікте басымдық беріледі:

1)      көп балалы аналар;

2)      мүгелек балалар тәрбиелеп отырған отбасылар;

3)      1 және 2 топ мүгедектігі бар жұмыскер және/немесе оның жұбайы;

4)      баланы (балаларды) жалғыз тәрбиелеп отырған жұмыскер (толық емес отбасы);

5)      баланың саны көп жұмыскер;

6)      еңбек өтілі жоғары жұмыскер;

7)      некеде, оның ішінде баласыз жұмыскерлер.


Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11