«Road Show» форматындағы ақпараттық түсіндіру акциясы

Информационно-разъяснительная акция  в формате «Road Show» 09.09.2019

2019 жылдың 11-12 қыркүйек аралығында Шымкент қаласында "Қаржы орталығы" АҚ Шымкент қ., "Атамекен" АКП-мен, "Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ АФ-мен және "Shymkent Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ-мен бірлесіп, "Road Show" форматында акция шеңберінде ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізуді жоспарлап отыр. Аталған жұмыс Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту жөніндегі Үшінші әлеуметтік бастамасын іске асыру және оқушы орындарының тапшылығын азайту мәселесін шешу аясында жүргізіліп отыр.

Іс-шараға қонақ үй кешендерінің басшылары, хостелдер, мүдделі кәсіпкерлер қатысады. Осыған орай, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шараға қатысуға шақырамыз:

2019 жылғы 11-12 қыркүйек аралығында – «Қаржы орталығы» АҚ мобильді кеңсесінің жұмысы (Шымкент қ., «Атамекен» БО, Қонаев даңғылы 83/1).

1)     11 қыркүйек, сағат 10.00-12.00-де – БАҚ және блогерлердің қатысуымен "Әлеуметтік инвестициялардың жаңа форматы" тақырыбында Брифинг (Шымкент қ. әкімдігінің брифинг залы (16-қабат).

2)     12 қыркүйек, сағат 10.00-12.00-де – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ аймақтық филиалының және екінші деңгейдегі банктердің өкілдері үшін жобалардың таныстырылымы. ("Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ аймақтық филиалының кеңсесі (Байтұрсынов к-сі, 88 "Б").

3)     12 қыркүйек, сағат 15.00-17.00-де – "Shymkent "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ мен құрылыс компаниялары өкілдері үшін жобалардың таныстырылымы ("Shymkent "ӘКК" АҚ кеңсесі. Бәйдібек Би к-сі 126/1 "Қайнар" бизнес орталығы).

4)     11 қыркүйек, сағат 17. 00-19.00-де – TedX форматында қаланың кәсіпкерлік қоғамдастығы үшін жобалардың таныстырылымы. («Отырар» облыстық кітапханасы. Астана даңғылы, 8).

 

Өткізілу күні және уақыты: Шымкент қ. 2019 жылғы 11-12 қыркүйек аралығында, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.

Қосымша ақпарат алу үшін: 8 (7172) 695-127, 695-035

www.fincenter.kz, www.studdom.fincenter.kz


Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11