Жас ғалымдар кеңесінің бірінші мәжілісі өтті

Cостоялось первое заседание Совета молодых ученых 10.08.2019

2019 жылдың 10 тамызында Алматы қаласындағы Ғылым ордасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің бірінші мәжілісі өтті. Кеңес жұмысына ҚР Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетов және ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы А.С.Абулкасова қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде, министр жаңа құрылған институт қызметіне табыс тілеп, ортақ істе бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Сонымен қатар, министр жас ғалымдар буыны өкілдерін бүгінгі таңда елімізде маңызды болып отырған, докторантура мен постдокторантура бағдарламаларын іске асыру, ғылыми басылымдардың негізгі талаптарын жетілдіру, диссертациялар мен ғылыми жетекшілерге деген талапты күшейтіп, қайта қарастыруға қатысты мәселені өз орталарында талқылап, нақты ұсыныстар беруге шақырды.

Мәжілістің қорытындасы бойынша, жоғарыда аталған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар дайындайтын бес жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Кеңес төрағасы болып Ұлттық биотехнология орталығының Адам генетикасы зертханасының меңгерушісі Мақсат Жабағин сайланса, Кеңес төрағасының орынбасары қызметіне Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің PhD кандидаты Гаухар Нұрша сайланды.

Сонымен қатар, Кеңес мүшелері Жас ғалымдар кеңесінің қызметін реттейтін құжаттарды жетілдіру қажеттігін ерекше атап өтті.

Кеңес құрамына жоғары оқу орындарының, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.


Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: press@edu.gov.kz