2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарға гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың мерзімін ұзарту туралы хабарландыру

09.08.2019

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) 2019 жылы 27 маусымда жарияланған, 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты 2019 жылдың 22 тамызына, сағат 18:30-ға дейін ұзартуы жөнінде хабарлайды.

Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ www.edu.gov.kz және Ғылым комитетінің www.sc.edu.gov.kz ресми сайттарында орналастырылған.

 


Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11