Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ: "Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде баланың ішкі әлеміне назар аудару өте маңызды»

Асхат АЙМАГАМБЕТОВ: «На современном этапе развития общества очень важно внимание к внутреннему миру ребенка» 12.07.2019

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жұмыс сапарымен Алматы қаласында болып қайтты. Сапар барысында министр "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық орталығына барды. Министр білім беру-сауықтыру орталығының қызметімен, сондай-ақ "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасыментанысты. 

- Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде балалардың ішкі әлеміне назар аудару өте маңызды. Ендігі кезекте оқушының алғанбілімді қалай пайдаланатыны өте маңызды: адамдарға зиянын келтіре ме әлде қоғам игілігіүшін жұмсалады ма? Осы орайда "Өзін-өзітану" пәні өте маңызды рөл атқарады. Бұлпәннің адамгершілік қасиеттері жоғарыадамды, өз елінің азаматы мен патриотынтәрбиелеудегі маңызын бағалау қиын, - депатап өтті Министр. Сонымен қатар, А.Қ.Аймағамбетов "Өзін-өзі тану" пәнін оқытусапасы бойынша білім басқармаларыныңжауапкершіліктерін арттыру қажеттілігін атапөтті. 

Жұмыс сапары аясында министр АсхатАймағамбетов Үкіметтік емес ұйымдар жәнеқалалық білім беру басқармасыныңөкілдерімен кездесіп, балалардың құқықтарынқорғау бойынша маңызды мәселелердіталқылады. Жиын барысында Балалардыңқұқықтарын қорғау саласындағы мәселелермен оларды шешу жөніндегі нақты ұсыныстаржасалды. Асхат Аймағамбетов балаларүйлерінің жағдайы және олардытрансформациялау, мектептердегі буллингмәселесі, инклюзивті білім беру жүйесіндамыту, қамқоршылық органдарының қызметінкүшейту, ата-аналардың балалардытәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлердіңжұмыс сапасын жақсарту іспеттес бірқатармәселелерді талқылауға шығарды. Кездесугеқатысушылар бала асырап алу жөніндегіагенттіктердің қызметін қолдау және олардыңрөлін күшейту қажет деген ортақ пікірге келді.

​Бүгінде балалардың құқықтарын қорғаумәселесінде инклюзивті оқытуға ерекше көңілбөлінеді. Мемлекеттің негізгі міндеті - ерекшеқажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімдіорта жасау. Ал, тьюторлар мен психологиялық-педагогикалық түзету саласы мамандарыныңжетіспеушілігі мәселесін министрлік жанбасына қаржыландыру арқылы шешуді ұсыныпотыр. 

Бұл күні Білім және ғылым министрі жасғалымдармен де кездесті. Кездесуде АсхатАймағамбетов ғылым саласында болып жатқаннегізгі өзгерістерге тоқталып өтті.

​Біріншіден, ғылыми жобалар бойыншабайқау өткізу жиілігі өзгерді. Енді гранттар жылсайын бөлінетін болады, бірақ жобаны іскеасырудың бұрынғы үш жылдық мерзімісақталады.

​Екіншіден, ғылыми кеңестің құрамыжаңартылып, 64 мүшесі ауыстырылды. 

Үшіншіден, ғылыми жобаларды іріктеужүйесі өзгертілді.

Төртіншіден, жобаны қаржыландыру үрдісіжетілдірілді. Ендігі кезекте ғылыми жұмыс бағамен мақсаттарды негізге ала отырыпэкономикалық сараптамадан өтеді.

Бұдан басқа, министрлік диплом жәнедиссертациялық жұмыстардың антиплагиатыбойынша жүйені әзірлейтін болады. Аталғанжүйе тек Қазақстан бойынша ғана емес, бүкіләлем бойынша да жұмыс істейтін болады депкүтілуде. Сондай-ақ, жас ғалымдарды қолдауүшін биыл ҚИИК-пен ынтымақтастықшеңберінде пәтер беру бағдарламасы іскеасырылады деп күтілуде. Өткен жылы 120 ғалым қоныс тойларын атап өткен болатын.

Асхат Аймағамбетов сондай-ақ, ЖОО ректорларына білім беру бағдарламаларынжаңартуды тапсырды. Бұл мәселе Білім жәнеғылым министрінің жоғары оқу орындарыныңректорларымен кездесуі кезінде айтылды.

Жұмыс сапарының соңында Білім жәнеғылым министрі ғылыми саланы дамытужөніндегі ұсыныстарды бірлесіп талқылау үшінғылыми зерттеу институттарыныңбасшыларымен және ғалымдармен кездесті. Кездесу барысында Асхат Аймағамбетов 2025 жылға дейін білім және ғылым жүйесін дамытужөніндегі мемлекеттік бағдарламаны әзірлеужұмыстары жүргізіліп жатқандығы туралыхабарлады. Осыған байланысты Министр ғалымдардың осы маңызды мәселе бойыншаөз ұсыныстарын енгізулері қажет екендігінайтты.


Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: press@edu.gov.kz