|
||||||||||||||
![]() no news in this list. |
Қазақстан ғылымы Ғылыми-техникалық қызметті дамыту және болжау
Ғылыми-техникалық қызметті дамыту және болжауСоңғы жылдары Қазақстан экономикасы жоғары қарқынмен дамуда. Ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етуде ғылым саласының ролі үлкен. Қазақстанда ғылыми-техникалық қызмет жүргізетін, зияткерлік өнімдер шығарумен айналысатын 300-ден артық мемлекеттік, қоғамдық және жеке меншік ғылыми-зерттеу институттары (ҒЗИ), жобалау-конструкторлық ұйымдары, жоғары оқу орындары мен кәсіпорындар бар, онда 18 мыңнан аса адам зерттеулер және әзірлемелер дайындаумен айналысады, оның ішіндегі 12 мыңға жуық зерттеушінің бір мыңнан астамы ғылым докторы және үш мыңнан астамы ғылым кандидаты. Білім және ғылым министрлігінің құзырындағы 47 ғылыми-зерттеу ұйымдарында 4 мыңнан астам адам жұмыс істейді, оның ішіндегі 2 мыңға жуық ғылыми қызметкерлердің 400-і ғылым докторы және 800-ге жуығы ғылым кандидаты. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 348 Жарлығымен Қазақстан Республикасында ғылымды дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Ғылымды басқарудың құрылымы мен ұйымдастыруын жетілдіру мақсатында:Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясының (ЖҒТК) мәртебесі көтерілді, оны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі басқаратын болады;ЖҒТК жанынан Халықаралық сараптамалық кеңес құрылды;мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу механизмі шет ел сарапшыларын тарту арқылы жетілдірілуде; Ғылым комитеті мен «Ғылым қоры» АҚ құрылып, қызмет атқаруда.«Ғылым қоры» АҚ мемлекеттік 100%-дық үлеспен акционерлік қоғам ретінде, ғылыми зерттеулерді тәжірибеде іске асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ ізденіс, тәуекелді және ынталандыру жобаларды және тәжірибелі-конструкторлық әзірлемелерді үйлестіру мен қаржыландыру үшін құрылды, оның басты міндеттерінің бірі жобаларды қоса қаржыландыруға жеке меншік және кәсіпкерлік секторларын ынталандыру болып табылады. Еліміздің ғылым инфрақұрылымы бағдарламаны іске асыру шеңберінде 5 ұлттық ғылыми зертхана, инженерлік бейіндегі 15 университеттік зертхана, жобалық және құрылымдық желілер, мемлекеттік және жеке меншік түріндегі ғылыми-тұрақты ұйымдар, патенттік қызметтер, ғылыми-білім беру консорциумдар және холдингтер, сондай-ақ ғылыми орталықтар жанында коммерциализацияланған кеңселер құру негізінде дамиды. Қазіргі кезде Министрлік конкурстық негізде жанынан инженерлік бейіндегі зертханалар ашылатын он жоғары оқу орнын анықтады, олар жаңа зертханалар үшін белгіленген тәртіппен жабдықтар сатып алуды іске асыруда. Қазақстан ғылымында қаржы үлесінің көбі (71%) қолданбалы зерттеулерге жұмсалады да, ал тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға 8% ғана бөлінеді. Іргелі ғылымға жұмсалатын қаржы шығыстары шамамен 20%, бұл тұтастай алғанда жалпы әлемдік орта деңгейге сәйкес келеді. Зерттеуші құрылымдар арасында ҒЗИ үлесі шамамен 45%-ға сәйкес келеді, ал жобалық және конструкторлық ұйымдардың үлесі тек 6,4%-ды құрайды. Білім және ғылым министрлігі 2007 жылы 2006-2008 жылдар мерзіміне бекітілген іргелі зерттеулердің алты бағдарламасын, бес ғылыми-техникалық бағдарламаны және екі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде. |
|||||||||||||
|
|
||||||||||||||