Вице-министрлер

Жариялау күні: 31.07.2019 19:10:00

Бибигуль Амангельдиевна Асылова.jpg

Бибігүл Амангелдіқызы Асылова 1975 жылғы 20 қыркүйекте Көкшетау облысында дүниеге келген, жоғары экономикалық білімі бар, 1996 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (нархоз) тамамдаған.

1996-1997 жылдары – Көкшетау облыстық қаржы басқармасының 1-ші санаттағы маманы, жетекші маманы.

1997-1998 жылдары – Солтүстік Қазақстан облыстық қаржы басқармасының жетекші, бас маманы.

1998-2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджет департаменті Білім, ғылым, мәдениет, спорт және БАҚ басқармасы Білім және ғылым бөлімінің жетекші, бас экономисті.

2001-2002 – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаменті Білім, ғылым, мәдениет, спорт және БАҚ басқармасы Білім және ғылым бөлімінің бастығы.

2002-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаменті Білім, ғылым, мәдениет, спорт және БАҚ басқармасы бастығының орынбасары.

2002-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік саладағы шығындарды жоспарлау департаменті Білім, ғылым, мәдениет, спорт және БАҚ басқармасының бастығы.

2004-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Экономика және қаржы департаментінің директоры.

2007-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Ішкі әкімшілік департаментінің директоры.

2009-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры.

2010-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік саланың дамуы департаментінің директоры.

2010-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Әлеуметтік саланың бюджеттік бағдарламаларын жоспарлау, орындалуын талдау және іске асырылуын бағалау департаментінің директоры.

2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік сала бағдарламаларын бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры. 

2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры.

Құрмет грамоталары, мерейтойлық медалдары және алғыс хаттары бар. 

Мемлекеттік және халықаралық марапаттар, атақтары:

«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталған.

Межальдар:  ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы №798 Жарлығына сәйкес "Құрмет" орденімен марапатталды. 

Қабылдау бөлмесі:+7 (7172) 74-22-77


Рүстем Айдарбекұлы Биғари 1976 жылы 20 ақпанда Көкшетау қаласында дүниеге келген.

1999 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін Информатика және ЕТ мамандығы бойынша тәмамдаған. 2015 жылы — Бостон университетінің (АҚШ) магистратурасын киберқауіпсіздікке мамандандырылған ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша бітірген, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты. Информатика, бақылау және басқару бағыты бойынша PhD докторы.

Еңбек жолын 1999 жылы бастаған.

1999 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасында жұмыс істеген. 2003 жылдан бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да еңбек еткен. 2006–2009 жылдар аралығында Президент Әкімшілігінде бас сарапшы, кеңесші, ақпараттандыру секторының меңгерушісі лауазымдары бойынша жұмыс істеген.

«Электронды үкіметті» қалыптастыру және дамыту бағдарламаларын, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге қатысқан.

2009 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.


 Шолпан Таңатқызы Каринова 1972 жылы дүниеге келген.

1994 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын «қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 2016 жылы — «педагогикалық білім» бағыты бойынша Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде магистратураны тәмамдаған.    

Еңбек жолын 1994 жылы ауыл мектебінің мұғалімі болып бастаған, колледж оқытушысы, мектеп директоры қызметтерін атқарған. 

2005–2008 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімінің басшысы. 

2009–2012 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы басшысының орынбасары. 

2012 жылғы мамырда Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалған, 2013 жылғы шілде мен 2017 жыл аралығында — Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасының басшысы.

2017–2018 жылдары — ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры болып қызмет атқарған.  

2018 жылғы қазаннан бастап қазіргі таңға дейін «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары қызметін атқарған.  

    

Мирас Мұхтарұлы Дәуленов 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған, құқықтану магистрі, құқық саласындағы доктор (PhD).

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. Әртүрлі жылдары заңгер ретінде жеке секторда жұмыс істеген. 

2012 жылғы тамызда «Қазақ Гуманитарлық Заң университеті» АҚ Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі лауазымына тағайындалды. 

2015-2018 жылдары — М. С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университетінің С. Зиманов атындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер Академиясының директоры – Басқарма Төрағасының орынбасары.                    

2018 жылдан бастап 2019 жыл аралығында —  М. С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университетінің С. Зиманов атындағы құқықтық және экономикалық зерттеулер Академиясының директоры.

2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін — М. С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университетінің ректоры. 



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11