Мемлекеттік бақылау қорытындысы

Жариялау күні: 31.08.2016

2016 жылғы қыркүйек – қараша аралығында Комитет тарапынан жоғары оқу орындарына қатысты 15 ішінара тексеру, жеке тұлғалардың өтініштері бойынша 2 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Тексерулердің нәтижесінде, 13 жоғары оқу орнының білім беру қызметінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жоғары оқу орындары қызметінің қағидаларын, білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бұзушылықтар анықталды.

Комитет тарапынан кемшіліктерге жол берген тұлғаларға қатысты әкімшілік шаралар алынып, айыппұлдар салынды және білім беру қызметіне берілген лицензияларының қолданысы 6 айға дейінгі мерзімге уақытша тоқтатылды.

Мемлекеттік аттестаттау:

Есепті кезеңде Комитет тарапынан 5 жоғары оқу орнында мемлекеттік аттестаттау жүргізілді. Білім беру қызметінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын сақтамаушылық анықталған 4 жоғары оқу орны аттестатталмады. Бұған қоса, барлық 5 жоғары оқу орындарының білім беру қызметінде жоғары білім беру ұйымының қызметінің үлгілік қағидалары мен білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бұзушылықтар анықталды. Осыған байланысты, орындалуы міндетті нұсқама беріліп, 6 ай көлемінде білім беру қызметін қолданыстағы заңнама талабына сәйкестендіру жүктелді.



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11