Білім беру жинағы және кредиті

Жариялау күні: 25.10.2016

Қаржы орталығымен меморандумға отырған мектептер тізімі


Кірісіңіздің 5-10%-ын балаңыздың болашағына жинаңыз!

  • Егер мектепке дейінгі және мектеп жасында балаларыңыз бар болса;

  • Егер болашақты ойлайтын ата-ана болсаңыз;

  • Егер балаңыз білім гранттарының үйлестірілуіне тәуелді болмасын десеңіз; 

  • Егер балаңыздың банкте оның болашағына арналған жеке шоты болғанын қаласаңыз,

кірісіңіздің бір бөлігін балаңыздың келешекте Қазақстанда, әрі шетелде білім алуына жинақтауды бастайтын кез келді!  

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде білім беру депозитін ашып, ай сайын банктен сыйақы (банкке байланысты 14%-ға дейі) және жылына бір рет мемлекеттен сыйлықақы (5% немесе 7%) алатын боласыз.

Мысалы, бастапқы жарна 7000 теңге, банктің пайызы 13,5%, мемлекет сыйлықақысы 5% болғанда:

Ай сайынғы жарна

Жеке жарналары

Банктің сыйақысы + мемлекет  сыйлықақысы

Барлығы

жиналғаны

Жинақтау мерзімі – 5 жыл

2 000 теңге

125 000 теңге

89 650 теңге

214 650 теңге

5 000 теңге

302 000 теңге

208 405 теңге

510 405 теңге

10 000 теңге

597 000 теңге

406 329 теңге

1 003 329 теңге

15 000 теңге

892 000 теңге

583 086 теңге

1 475 086 теңге

20 000 теңге

1 187 000 теңге

802 176 теңге

1 989 176 теңге

Жинақтау мерзімі – 10 жыл

2 000 теңге

245 000 теңге

493 195 теңге

738 195 теңге

5 000 теңге

602 000 теңге

1 178 008 теңге

1 780 008 теңге

10 000 теңге

1 197 000 теңге

2 319 362 теңге

3 516 362 теңге

15 000 теңге

1 792 000 теңге

3 296 237 теңге

5 088 237 теңге

20 000 теңге

2 387 000 теңге

4 602 072 теңге

6 989 072 теңге

Жоғары табыстылық және пайыздардың капиталдандырылуы жинақты ақшаның құнсыздануынан қорғап қана қоймай, қомақты қор жинауға мүмкіндік береді. Өйткені, мемлкекет сыйлықақысы мен сыйақы сомасынан бөлек, пайыздардың капиталға айналуы салым бойынша жиналған пайыздардан қосымша депозиттік пайда алуға мүмкіндік береді.  

Теңгеде ашылған депозиттер бойынша мөлшерлеме төмендейді деген ықтималдылық бар, сондықтан 6-8% емес, 13-14% алу үшін, тым болмағанда төмендемейтін қалдыққа, мүмкін болатын минималды сома – 3АЕК-ке (7 000 тг)  депозит ашу мүмкіндігін қазірден бастап қарастыра бергеніңіз жөн. 

Айта кететін маңызды нәрсе, бұл депозит үшінші тараптардың тыйым салулары мен басқадай шектеулерінен заңнамамен қорғалған (ҚР Азаматтық кодексімен; ҚР Қылмыстық-процестік кодексімен; ҚР Азаматтық процестік кодексімен; «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңымен; «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңымен).

Сондай-ақ, білім беру депозиттері 10 миллион теңгеге дейінгі сомада Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен қорғалған.

Сонымен қатар, жинақтың сомасы мен мерзімдерін салымшы өз бетінше белгілейтіндігін айта кету керек. Бұл сіздің отбасыңыздың бюджеті үшін өте қолайлы және оған жүк түсірмейді. Жинақтауды жалғастырып, мемлекет сыйлықақысын ала отырып, оқудың ақысын бөлшектеп төлей алатыныңыз да аса оңтайлы.  

Бүгін бастасаңыз, ертең балаңыз қалаған білімін ала алады!

Депозитті ашу үшін жеке куәлігіңізді, баланың туу туралы куәлігін алып, таңдаған банкіңізге:  Нұрбанк ЖТСМ 14%; Цеснабанк ЖТСМ 13,5; Халық банкі ЖТСМ 12,3%; ВТБ Банк ЖТСМ 6,2% барасыз.

Толық шарттарды fincenter.kz және depozit.fincenter.kz сайттарынан немесе 88000802828 бойынша тегін Call -орталығының операторларынан білуге болады.

Толығырақ ақпарат алу үшін http://www.fincenter.kz/gosudarstvennaya-sistema/ сілтемесі бойынша өту қажет.

Білім беру кредиті – оқу ақысын төлеудің балама мүмкіндігі.

2005 жылдан бастап «Қаржы орталығы» АҚ екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, Білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасын іске асырады.

Қаржы орталығының кепіл болуымен ұсынылатын білім беру кредиттері талапкерлерге де, Қазақстанның бүкіл ЖОО-лары мен колледждерінің барлық оқу үлгісіндегі студенттеріне де беріледі.

Қазіргі таңда білім беру кредиттері Қаржы орталығымен серіктес банктерде әр түрлі шарттарда ұсынылады. Бағдарламаның қолданылу ауқымы кең, серіктес банктер Республиканың барлық аймақтарында жұмыс жасайды.

Кредиттің берілу механизмі бірдей: қарыз алушы банктен кеңес алады, ресімдеуге қажетті құжаттарды жинап, оларды банкке тапсырады.

Білім беру кредиті қажеттілігіне қарай әр семестр немесе жыл сайын оқу орынның есепшотына аударылады.

Кредиттің сомасы шектелмеген, бастысы – оқудың барлық кезеңі үшін жалпы оқу құнынан аспау керек.

Сонымен қатар, жеңілдікті кезеңнің бар екендігін айта кету керек, яғни оқу кезінде және оқуды бітіргеннен кейін 6 айға дейін кредитті төлеу мерзімі кейінге шегеріледі. Кредитті мерзімінен бұрын өтеу кез келген уақытта жүзеге асырылады және ол үшін ешқандай айыппұл санкциялары өндірілмейді.

Білім беру кредиттерін кепілдендіру мемлекеттік бағдарламасының көмегімен студент өз болашағын өз күшімен жоспарлай алады.

Кредит алу үшін нені білген жөн:


Шарттары/МБК бойынша серіктес банктер  

«Ресей Жинақ банкі» АҚ

«Нұрбанк» АҚ

«Tengri bank» АҚ

АО «Forte Bank»
Нархоз университетінің студенттері үшін (Астана, Алматы)

Пайыздық 

мөлшерлемесі

16,5% 
 (нақты ≈ 19,5% бастап)

20%
 (нақты ≈ 22,5%)

20%
 (нақты ≈ 22,3%)

10%
 (нақты ≈ 11%)

Кредиттің мерзімі

12 жылға дейін

 10 жылға дейін

10 жылға дейін

                       10 жылға дейін

Қамтамасыз ету

- кепілзат қажет емес;

- 1 немесе 2 кепілгердің  (ҚР аумағында тұратын жақын туысы) болуы

- кепілзат қажет емес;

- егер қарыз алушы өзінің төлеуге қабілеттілігін растай алмаса, 1 немесе 2 кепілгердің (ҚР аумағында тұратын жақын туысы) тарту қажет

- кепілзат қажет емес;

Қарыз алушының табысы болмаған жағдайда 1 немесе 2 кепілгерді (ҚР аумағында тұратын жақын туысы) тарту қажет

 - кепілзат қажет емес;

- 1 немесе 2 кепілгердің (ҚР аумағында тұратын жақын туысы) болуы

Оқу нысаны орма

бакалавр
магистр
күндізгі

күндіз

кешкі

бакалавр
күндізгі

сырттай

күндіз

кешкі

Колледждерде оқу шектеусіз

ЖОО-ларда оқу шектеусіз

ЖОО-ларда оқу шектеусіз

Жеңілдікті кезең

Оқу кезінде және оқуды бітіргеннен кейін 6 ай КРЕДИТТІҢ НЕГІЗГІ СОМАСЫН ТӨЛЕУ ҚАЖЕТ ЕМЕС, кредит бойынша пайыздарды ғана төлеңіз!

Үлгерімі

- ҰБТ/КТ нәтижелері бойынша 50 балдан төмен емес;

- бесбалдық жүйемен ағымдағы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша 3,5 балдан төмен емес;

- кредиттік жүйемен ағымдағы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша 1,33 балдан төмен емес.

Мерзімінен бұрын өтеу

Айыппұл санкцияларынсыз

Толығырақ ақпарат алу үшін  http://www.fincenter.kz/obrazovatelnye-kredity/ сілтемесі бойынша өту қажет.

Анықтама үшін:

«Қаржы орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы   1 маусымдағы № 541 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінiң «Қаржы орталығы» мемлекеттік мекемесiн қайта ұйымдастыру жолымен құрылды.

«Қаржы орталығы» АҚ қызметiнiң негізгi мәнi ақшалай нысанда орындалуды көздейтiн қаржы ұйымдары ұсынатын білім беру кредиттері бойынша кепiлдіктер беру, сондай-ақ бұрын берілген мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттердің қайтарылуын қамтамасыз ету болып табылады.



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11