Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2016 жылғы қызметінің есебі

Жариялау күні: 04.07.2017
a:2:{s:4:"TEXT";s:89364:"

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2016 жылғы қызметінің есебі

  1. Жалпы ережелер

  1. Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер халыққа орталық және жергілікті деңгейде ұсынылады.

Орталық деңгейде көрсетілетін қызметті берушілер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік), Министрліктің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, Ғылым комитеті, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті және оның өңірлік департаменттері, жоғары оқу орындары, Министрліктің ведомствоға бағынысты ұйымдары: «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК, «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК, «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ, «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» ШЖҚ РМК, «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ, «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ және оның филиалдары болып табылады.


Көрсетілетін қызметті берушілер

Көрсетілетін қызметтердің саны

  1.  

Орталық аппарат

4

  1.  

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

5

  1.  

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

2

  1.  

Ғылым комитеті

1

  1.  

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

7

  1.  

«Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ

1

  1.  

«Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ

1

  1.  

«Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ

1

  1.  

«Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» ШЖҚ РМК

1

  1.  

«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК

1

  1.  

Жоғары оқу орындары

10

Барлығы

34

 

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Министрлік және оның ведомствоға бағынысты ұйымдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді саны 2016 жылы 34 мемлекеттік көрсетілетін қызметті құрады (2015 жылы – 33, 2014 жылы - 21).

Оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (бұдан әрі - мемлекеттік корпорациясы) арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 10:

1.  «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру;

2.  Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау;

3.  «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау;

4. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру;

5. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;

6. Білім туралы құжаттарды (түпнұсқаларды) апостильдеу;

7. Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру;

8. Ғылыми және (немесе) ғылыми- техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу;

9. Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту;

10. Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы ғана көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 16:

  1. Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру;
  2. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына құжаттарды қабылдау және тағайындау;
  3. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу;
  4. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру;
  5. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру;
  6. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру;
  7. Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау;
  8. Кешенді тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру;
  9. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу;
  10. Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлері лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау;
  11. Республикалық маңызы бар мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау;
  12. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу;
  13. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау;
  14. Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді (деңгейлік бағдарламалар бойынша курстарды) ұсыну;
  15. «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау;
  16. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру.

Электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 12:

1.  «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау;

2.  «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру;

3.  Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;

4.  Білім туралы құжаттарды (түпнұсқаларды) апостильдеу;

5. Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу;

6.  Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;

7.  Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;

8.  Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету;

9.  Шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау;

10.  Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру;

11.  Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру;

12.  Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ).

Тегін көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 28:

  1. Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу;
  2. Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту;
  3. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау;
  4. Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру;
  5. Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;
  6. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;
  7. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына құжаттарды қабылдау және тағайындау;
  8. Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету;
  9. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру;
  10. «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру;
  11. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу;
  12. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру;
  13. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру;
  14. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру;
  15. Шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау;
  16. Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау;
  17. Ғылыми және (немесе) ғылыми- техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу;
  18. Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру;
  19. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу;
  20. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;
  21. «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау;
  22. Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлері лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау;
  23. Республикалық маңызы бар мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау;
  24. Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау;
  25. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу;
  26. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау;

27. Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді (деңгейлік бағдарламалар бойынша курстарды) ұсыну;

28. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру.

Ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 4:

  1. Кешенді тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру;
  2. Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ);
  3. Білім туралы құжаттарды (түпнұсқаларды) апостильдеу;
  4. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау.

Тегін және ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 2:

  1. Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптік және жоғары білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру;
  2. Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру.

Бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының саны – 0.

2016 жылы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастыратын қаулы 2016 жылдың желтоқсанында ғана қабылданды. Осыған орай, 2 жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту қазіргі таңда жалғасып келеді.

Бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінің саны – 4

2016 жылы жаңа 4 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілді:

  1. Кешенді тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру;
  2. Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау;
  3. Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді (деңгейлік бағдарламалар бойынша курстарды) ұсыну;
  4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау;

             3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

2016 жылы Министрлік және оған бағынысты ұйымдар 505 488 мемлекеттік қызметтер көрсетті.

Барынша талап етілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» (барлығы 147 692  қызмет көрсетілді немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санының 29 %), «Кешенді тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» (барлығы 74 881  қызмет көрсетілді немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санының 15 %), «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» (барлығы 73 732  қызмет көрсетілді немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санының 14,6 %),

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат (мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары, регламенттері) Министрліктің (http://www.edu.gov.kz/ru), Ғылым комитетінің (http://sc.edu.gov.kz/), Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің (http://www.bala-kkk.kz/ru), Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің (http://control.edu.gov.kz/ru) интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

Отбасы және бала, арнайы білім беру саласындағы мемлекеттік қызметті көрсететін ұйымдардың байланыс деректері Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефон нөмірі арқылы қашықтан алу мүмкіндігі бар.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталына және Министрліктің (http://www.edu.gov.kz/ru), Ғылым комитетінің (http://sc.edu.gov.kz/), Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің (http://www.bala-kkk.kz/ru), Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің (http://control.edu.gov.kz/ru) интернет-ресурстарында орналастырылды.

2016 жылы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастыратын ҚР Үкіметінің қаулысы (2016 жылғы 18 желтоқсандағы № 816) 2016 жылдың желтоқсанында қабылданды. Осыған байланысты жаңа 2 стандарт жобасын талқылау 2017 жылы аяқталды.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Қызметті алушылармен кері байланыс орнату мақсатында Министрлік сайтында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми сайтының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын қоғамдық бағалау» парақшасына сілтеме жасайтын «Білім және ғылым саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы Сіздің пікірңіз» атты баннер орналастырылған.

Есептік кезеңде 20 мың адамды қамтыған мемлекеттік қызметтердің көрсетілу реті туралы қызмет алушылардың ақпараттануын жақсарту бойынша 788 түсіндірме іс-шаралар жүргізілді.

«Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу» мемлекеттік қызмет бойынша

- 2016 жылғы 28 наурызда 59 маманның қатысуымен «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ның Шығыс Қазақстан филилалымен Өскемен қаласында «PhD диссертацияларының ғылми-техникалық бағдарламаларын, жобаларын және ғылыми-техниалық бағдарламалардың нәтижелерін тіркеу мен есептік механизмі» атты 2 семинар өткізілді. Семинарлар С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Қазақстан-Америка еркін университетінің мамандарының шақырылуымен «Түсті металдардың шығыс ғылыми-зерттеу тау-металургиялық институтында» және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан  мемлекеттік техникалық университетінде өтті;

- 2016 жылғы 15 қыркүйекте Алматыда («ҰҒТАО» АҚ) 54 ұйымнан 220 ғылыми маманның қатысуымен «ҒТБ, ҒЗЖ, ҒЗЖ туралы есепті тіркеу механизмі және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін тіркеу» тақырыбына семинар өткізілді;

- ғылыми-техникалық бағдарламаларды, ғылыми жобаларды және олардың орындалуы бойынша есептерді, ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін, PhD диссертацияларын мемлекеттік тіркеу бойынша 533 кеңес берілді.

«Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет бойынша:

- 2016 жылғы 13 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаментімен қала және аудандық білім бөлімдерінің басшыларымен лицензиялау мәселелері, 2015 жылдың қорытындылары бойынша ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңның сақтау мәселелері бойынша мәжіліс өткізді.

- 2016 жылғы 26 қаңтардан 26 ақпаға дейін Оңтүстік Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаментімен мектепке дейінгі, жалпы орта, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларымен мемлекеттік аттестациядан өту, білім беру қызметін лицензиялау және ескертпе тәртібі мәселелрі туралы оқыту семинарлары өткізілді. Семинарларда департаменттің бас маманы М. Акбердиевтің «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі» баяндамасы талқыланды. Семинар жұмысына 66 адам қатысты. Семинарларды өткізу туралы ақпарат фотосуреттермен Департамент сайтында орналастырылған (http://www.ukocontrol.gov.kz/ru/node?page=2).

- 2016 жылғы 10 наурызда Қарағанды облысының Білім саласындағы бақылау департаментімен № 15 мектеп-лицей, № 4 ОМ базасында мектеп директорларымен (18 адам), директорлар орынбасарларымен (18 адам) білім беру қызметенің лицензиялау тәртібі туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

- Қостанай облысының Білім саласындағы бақылау департаментімен мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, білім беру қызметіне құқық беретін рұқсат құжаттарын беру және білім беру қызметін лицензиялау кезінде біліктілік талаптарын сақтау бойынша бақылау функциялары туралы қызмет алушылардың ақпараттануын жоғарлату жөнінде жұмыстар жүргізілді.

- Қостанай облысының БАҚ-та «Учительская плюс» газетінде «О лицензировании образовательной деятельности» (05.02.2016 ж. № 4 (196);  «Для качества образовательных услуг» ( 12.02.2016 ж. № 5 (197) 2 мақала басылып шықты. Бұл мақалада техникалық және кәсіптік білім беру, оның ішінде білім беру қызметімен айналысуға рұқсат құжаттарын беру бойынша ҚР «Білім туралы» Заңындағы өзгерістер жайында мәселелер қарастырылған. Тиражы 4096 дана құрайды.

- 2016 жылғы 3 наурызда Қостанай облысы Әулиекөл ауданының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен семинар-кеңесте Қостанай облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің бас маманы Ж.Ж. Аужанова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымда № 391 бұйрығымен бекітілген білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын жаңа біліктілік талаптарын түсіндірді (40 адам).

Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша рұқсат құжаттарын беру,
сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен жүргізілген жұмыс туралы ақпарат үнемі Қостанай облысының білім саласындағы бақылау департаментінің сайтында (www.kostanaycontrol.gov.kz) орналастырылады.

- 2016 жылғы 10 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы білім саласындағы бақылау департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы СҚО бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты біліктілікті арттыру курстарының тындаушыларының (директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары) алдында білім сапасы мемлекеттік бақылау ұйымдастыруының нормативтік құқықтық негіздері, сондай-ақ білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары туралы  (40 адам) дәріс оқыды (http://skocontrol.gov.kz/).

«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет бойынша:

«Білімді ел - Образованная страна» газетінде «Үздік педагог – 2016 жыл» республикалық конкурс туралы хабарландыру жарияланды (2016 ж. 15.03. № 5 (42)).

2016 жылдың 1-30 тамыз аралығында Комиссияның қарастыруына (ҚР БҒМ 2016 ж. 09 қыркүйектегі № 556 бұйрығы) 166 құжат (125 құжат – мектепке дейінгі және орта білім, 41 – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінен) келіп түсті.

Комиссияның шешімімен «Үздік педагог» республикалық конкурстың
48 жеңімпазы анықталды, оларға Астана қаласында 2016 жылғы 26 қыркүйекте республикалық бюджет есебінен 1000 айлық есептік көрсеткіш ретінде сыйақы төлеумен «Үздік педагог»  төс белгісі мен куәлігі берілді.

Талдау жыл сайынғы конкурсқа қатысушылар санының өсуін (2012 жыл – 3756, 2016 жыл - 5620), ұсынылатын материалдардың сапасы мен мазмұнының жақсаруын, педагогтардың кәсіби шеберлігінің жоғарлауын (жаңа жүйе бойынша біліктілікті арттыру, тәжірибені тарату, жаңашылдық, авторлық, әдістемелік құралдар) көрсетеді.

Жетекші педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында әдістемелік кабинеттер облыстық, аудандық, қалалық баспасөз конференцияларды, брифингтерді, конкурс жеңімпаздары туралы телебағдарламалар циклдерін, онлайн сабақтарды, семинарларды, шеберлік класстарды ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асырады.

Министрлікпен өңірлердің педагогикалық қауымымен «Үздік педагог» конкурсының үміткерлеріне қойылатын талаптарды күшейту бойынша келесі тұрғыдағы мәселелер пысықталды және талқыланды:

- мұғалімдерді ашық және транспаренттік бағалау үшін белгіленген кесте бойынша онлайн сабақтар өткізу;

-  «Үздік педагог» атағы иегерлеріне конкурсқа 10 жылда бір рет қатысу жилігін белгілеу;

- үміткерлерде жаңартылған білім беру мазмұны мен ағылшын тілі бойынша біліктілікті арттыру курстары туралы сертификаттың болуы.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет  бойынша:

ҚР Білім және ғылым министрінің блогына және «Электрондық үкімет» порталына жүгінген 12 қызмет алушыға педагогтардың аттестациясы туралы түсіндірме жүргізілді (қаңтарда – 3, ақпанда – 7,  наурызда -2).

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау мемлекеттік қызмет бойынша:

Конкурстық іріктеу туралы кең аңдатпалау мен халықты қамтуды үлкейту мақсатында 2016 жылғы 15 наурыздан «ХБО» АҚ-мен құжаттарды қабылдау бойынша белсенді ақпараттық-түсіндірме жұмыстары басталды. Конкурс туралы ақпарат БАҚ-та, «ХБО» АҚ-ның ресми сайтында орналастырылды, республикалық теле және радиоарналардың эфирлерінда ротациялау үшін аңдатпа бейне және  аудиороликтер әзірленді (https://www.youtube.com/watch?v= lFWCLuYrfoghttps://www.youtube.com/watch?v=Qq_joKkYjqw).

 «Болашак» стипендиясы бойынша құжаттарды қабылдаудың басталуы туралы мәселелер «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның президентінің қатысуымен «Бетпе-бет» және «Стол переговоров» бағдарламаларының эфирлерінде жарықтандырылған.

Сонымен қатар, «Егемен Казақстан» және «Казахстанская правда».газеттерінде «Болашак» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау туралы ақпараттық модульдің орналастырылуы қамтамасыз етілді. Бекітілген кестеге сәйкес әр кезеңнің шеңберінде 8 модульден барлығы 24 модуль жарияланды.

2016 жылғы 11 сәуірінен 13 мамыр аралығында аңдатпа бейнероликтер «Хабар», «Казақстан», «Астана» телеарналарында таратылды. Сонымен қатар өңірлерде өңдірістік өнеркәсіптер мен ұйымдардың ұжымдарының арасында кездесулер мен брифингтер өкізілді (http://www.inform.kz/rus/article/2882436).

Атап айтқанда, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға ел өңірлерінің әлеуетін тарту мақсатында 2016 жылғы 15 наурызынан 7 сәуір аралығында Қостанай, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Талдықорған, Қызылорда және Алматы қалаларында ықметін ірі өңдірістік өнеркәсіп орындарында және мұнай-газ компанияларында қызметін атқарып жатқан инжинерлік-техникалық мамандар есебінен үміткерлердің саның көбейту мақсатында бірқатар ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Олар: «Азия Авто» АҚ, «Казцинк» ЖШС, «ТМК» АҚ, «Восток-Асфальт» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау», «Агромашхолдинг», «СарыаркаАвтоПром» ЖШС,  «ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз» АҚ, «СНПС Актобемунайгаз» АҚ, «Павлодар мұнай-химия  зауыты», «СагизПетролиум» ЖШС. Жоғарыда аталған іс-шаралардың барлығы облыстық білім беру басқармаларының, сондай-ақ «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарының қолдауымен өткізілді (http://palata.kz/ru/atameken/22454). Брифингтер жергілікті телеарналармен жарықтандырылды.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Атырау және Қызылорда облыстық филиалдарында «2016 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясына тағайындауға конкурсқа қатысу үшін іріктеудің жаңа ережелері және құжаттар қабылдаудың басталуы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның президентінің қатысуымен брифинг өтті.

2016 жылғы 18 маусымда Шымкент қаласында мемлекеттік қызметкерлерге, «Алтын қор» кадр резервінің жастарына және ОҚО-ның талантты жастарына «Болашақ» стипендиясының шеңберінде докторантура (PhD), резидентура, магистратура бағдарламалары бойынша оқуға түсу; инженерлік-техникалық, медициналық, ғылыми и педагогикалық қызметкерлердің тағылымдамадан өту мәселелері туралы семинар өткізілді.

2016 жылғы 23 маусымда Астана қаласында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның базасында өңірлік филиалдардың қосылуымен селекторлық кеңес өткізілді.

2016 жылғы 29 маусымда Қостанай қаласында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің базасында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның президентінің қатысуымен брифинг өтті.

«ХБО» АҚ-ның ақпаратына сәйкес 2015-2016 жылдары «Болашақ» стипендиясының көбі Астана (3360 адам) және Алматы (3267 адам) қалаларының үміткерлеріне тағайындалды.

Осыған байланысты, әкімшілік-аумақтық бірліктер бөлінісінде осы дисбалансты жою мақсатында «Болашақ» халықаралық стипендиясына тағайындауға конкурсының басталуы туралы халықты акпараттандыруға арналған «ХБО» АҚ-мен көшпелі брифингтер ұйымдастырылды.

Осылайша, үшінші құжаттарды қабалдау кезеңінің шеңберінде
(15-тамыздан 14-қазанға дейін) Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау, Өскемен, Орал, Талдықорған, Тараз, Шымкент және Алматы қалаларында 2016 жылдың 7-15 қыркүйек аралығында қызметтерін ірі өндірістік кәсіпорындарда және елдің университеттерінде атқаратын инжинерлік-техникалық мамандар есебінен үміткерлерді көбейтуге бағытталған бірқатар ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында, Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университетінде,
С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінде, М.Х. Дулати ат.Тараз мемлекеттік университетінде, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде, М. Тынышбаев ат. Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында, «Alageum Electric» АҚ-да, «Алматы электромеханика зауыты» ЖШС-сінде, І. Жансүгіров ат. Жетісу мемлекеттік университетінде, Д. Серікбаев ат. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде, Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасында, М. Өтемісов ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде, «Топаз» геология барлау компания» ЖШС-інде.

2016 жылғы 8 қыркүйекте Өскемен қаласында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның президенті «Топаз» геология барлау компания» ЖШС-нің басқару құрамымен кездесу өткізді, кездесудің басты мақсаты геологиялық барлау саласында қызмет атқарып жүрген инжинерлік-техникалық мамандардың «Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін конкурсқа қатысу мәселесін талқылау болды.

2016 жылғы 8 қыркүйекте Алматы қаласында «Alageum Electric» АҚ-ның Алматы электромеханика зауытының инжинерлік-техникалық қызметкерлерімен кездесу өтті, кездесудің мақсаты «Инженерлік-техникалық қызметкер» санатын насихатту арқылы «Болашақ» стипенлиясы шеңберінде докторантураға (PhD), магистратураға түсу, инжинерлік-техникалық қызметкерлердің тағылымдаман өтудің шаттарын түсіндіру болды. Кездесудің қатысушылар саны 15 адамнан көп болды.

2016 жылғы 9 қыркүйекте С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінің базасында магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеу және ережелерді түсіндіру, «Болашақ» стипендиясының шеңберінде SplitPhD жобасының шарттарын, инженерлік-техникалық, медициналық және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің тағылымжамадан өту бойынша ақпартаттық науқанның презентациясы өтті. Кездесуге қатысушылардың саны 300-ге жуық болды.   

2016 жылғы 15 қыркүйекте Шымкент қаласында Білім басқармасының өкілдері, медицина қызметкерлері, аудандық мектеп оқытушылары және т.б. қатысқан «Болашақ» стипендиясының шеңберінде докторантура (PhD), магистратура бағдарламалары бойынша оқу, инжинерлік-техникалық қызметкерлердің тағылымдаман өту шарттарын түсіндіру мәселелері бойынша профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өтті. Кездесуге қатысушылар саны 180 адамнан асты.

Сонымен қатар, 2016 жылғы 15 қыркүйекте Қарағанды қаласында педагогикалық қызметкерлерге, жоғары оқу орындарының 4-курс студенттеріне, мемлкеттік қызметкерлерге «Болашақ» стипендиясының шеңберінде докторантура (PhD), резидентура, магистратура бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін шарттады түсіндіру; инженерлік-техникалық, медициналық, ғылыми и педагогикалық қызметкерлердің тағылымдамадан өту мәселелері туралы брифинг өтті. Қатысушылар саны 120 адамна көп болды.

Өңірлік брифингтер мен кездесулерде қатысушылар саны 2100 адамды құрады.

2016 жылғы 23 қыркүйекте «ХБО» АҚ-ның Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру Департаментінің директоры А.А. Таскужина ҚР Білім және ғылым министрлігінің 200-ге шақты қызметкерлеріне «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау» тақырыбына дәріс өткізді.

Дәрісте жалпы талаптар, 6+6 моделі бойынша тілдік дайындық туралы, академиялық оқыту мен тағылымдамадан өтуге арналған мамандықтар жайлы, құжаттарды қабылдау мерзімдері, конкурсқа қатысу үшін өтініш беру жолдары, конкурстық іріктеу тәртібі, кепілдік туралы келісім шарттың жаңа тәсілдері туралы ақпарат талқыланды.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпарат корпоративтік сайттың басты бетіндегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Атап айтқанда, әрбір мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы толық сипаттама мен құжаттарды беру қадам-қадамымен түсіндірілген.

Сонымен қатар, конкурстық іріктеудің кезеңдері, конкурсқа қатысудың санаттары мен құжаттарды қабылдау мерзімдері туралы ақпарат «Болашақ» ақпараттық-талдау журналының 2016 жылғы бірінші және екінші санында модуль ретінде орналастырылған. Басылымның таралымы – 1 000 дана.

«Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік қызмет бойынша

Қазақстан Республикасында білім саласы мен тілдерді дамыту бойынша түрлі ауқымдағы көрмелерге қатысу үшін ақпараттық  жинақ әзірленіп басылып шығарылды.

Сондай-ақ, көрмелерге қатысу үшін ҚАЗТЕСТ жүйесін насихаттау бойынша өнімдер (ақпараттық буклеттер, блокноттар) әзірленіп басып шығарылды. Ақпараттық жинақ 600 дана көлемінде шығарылды, ақпараттық буклеттер – 2 000 дана (900 дана қазақ тілінде, 1 100 дана орыс тілінде).

Жоғары оқу орындарымен жоғары және жоғары оқу орындары саласында мемлекеттік қызметтердің көрсетілу тәртібі туралы ақпараттық-түсіндірме іс-шаралар кешені жүргізілуде.

Мысалы, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында 2016 жылғы
24 наурызда профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен кеңес өткізілді, кеңесте ғылыми-инновациялық қызмет бөлімінің бастығы ҚР БҒМ 2016 жылғы
9 сәуірде бекітілген № 186 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына құжаттарды қабылдау және тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі туралы түсіндірді (35 адам).

М. Әуезлв ат. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде (2016 жылғы 21 қыркүйекте), М. Өтемісов ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде (2016 жылғы 22 қыркүйекте) Болон процесі а?

Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11