«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба

Жариялау күні: 17.10.2019 16:19:00

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

А.Ұ. Маминге

 

 

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба

 

 

1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.

2. Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына жасалған сілтемесі бар жобаны қабылдаудың негіздемелері және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы
18 ақпандағы № 23-ө бұйрығымен бекітілген Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың штат санын және шығыстарын оңтайландыру жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2-тармағын орындау мақсатында «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы
1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасы.

3. Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептемелер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Талап етілмейді.

4. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды болжамайды.

5. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімі

Жобаның нақты мақсаты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын оңтайландыру болып табылады.

6. Жобада қаралатын мәселелер және оларды іске асыру нәтижелері бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері туралы мәліметтер

Жоқ.

7. Енгізіліп отырған жоба қабылданған жағдайда, заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін-етілмейтінін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы

Талап етілмейді.

8. Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттігі туралы ақпарат

Халықаралық шарт болып табылмайды.

9. Мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қбпү/22П-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес жобаларды және оларға материалдарды "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына беру мүмкіндігі

Рұқсат етіледі.

10. Қаулы жобасының мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы ақпарат (күні, байт саны)

Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің edu.gov.kz интернет-ресурсында (              ), сондай-ақ legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (                  ) жарияланған. Байт саны: ____ Кб.

11. Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаның, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылғаны туралы ақпарат

Талап етілмейді.

12. Қаулы жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Талап етілмейді.

13. Үкімет актісінің қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есептемелердің нәтижелері

Талап етілмейді.

14. Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің негіздемесі

Талап етілмейді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі                                        А. Аймағамбетов

 

2019 жылғы «    » __________



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11