Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жариялау күні: 26.12.2019 15:05:00

"Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы    29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

1.       «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларында:

2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарында орналастырылады.»;

2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2-1. Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы осы Қағидалардың 5 тарауында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарында орналастырылады.»;

5-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

41, 42 және 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5-тарау. Орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

41. Орта білім беру ұйымдарында орналастырылатын мемлекеттік білім беру тапсырысы оқушылардың санын және бір оқушыға арналған шығыстардың орташа құнын қамтуы тиіс.

42. Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы                27 қарашадағы № 597 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес орта білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды есептеу алгоритмі бойынша анықталады. Бұл ретте орта білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы        № 596 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16138 болып тіркелді) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;

1-параграф. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру  

43. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.

43-1. Жергілікті атқарушы орган жыл сайын орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарының өтініштерін қабылдау басталғандығы туралы ақпаратты интернет-ресурстарда орналастырады:

1) алдағы оқу жылына – күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейін;

2) жаңадан құрылған немесе қайта ұйымдастырылған мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін күнтізбелік жыл ішінде – жергілікті атқарушы органдары дербес белгілейтін мерзімде.

43-2. Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мемлекеттік білім беру ұйымы жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті оған қоса берілетін құжаттармен бірге ұсынады:

1) алдағы оқу жылына – күнтізбелік жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей;

2) жаңадан құрылған немесе қайта ұйымдастырылған мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін күнтізбелік жыл ішінде – жергілікті атқарушы органдары дербес белгілейтін мерзімде.

Мемлекеттік білім беру ұйымы өтінішпен бірге жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) «Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандарын, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығы) (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 6 ақпанда № 10195 тіркелді) бекітілген нысанда берілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензияның көшірмесі;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама.

43-3. Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға өтініштерін оған қоса берілген құжаттармен бірге қарайды:

1) алдағы оқу жылына – күнтізбелік жылдың 1 тамызынан кешіктірмей;

2) жаңадан құрылған немесе қайта ұйымдастырылған мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін күнтізбелік жыл ішінде – жергілікті атқарушы органдары дербес белгілейтін мерзімде.

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының өтініштерін, оларға қоса берілген құжаттармен бірге қарау кезінде жергілікті атқарушы орган ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады.

Мемлекеттік білім беру ұйымының осы Қағидаларға сәйкес келмейтін өтінішті және (немесе) оған қоса берілген құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, жергілікті атқарушы орган өтініште көрсетілген мемлекеттік білім беру ұйымының пошталық мекенжайына немесе электрондық поштасына сәйкессіздіктерді жою қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

Хабарлама жіберілген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде мемлекеттік білім беру ұйымы жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға сәйкес келтірілген өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қайта ұсынады.

Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік білім беру ұйымының өтініші оған қоса берілетін құжаттармен бірге қайтадан келіп түскен күннен бастап       3 жұмыс күні ішінде оларды қарауды жүзеге асырады.

43-4. Жергілікті атқарушы орган интернет-ресурстарда мемлекеттік білім беру ұйымдарының өтініштерін қабылдау басталғаны туралы ақпарат орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 60 күннен кешіктірмей орындардың санын көрсете отырып, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарының тізбесін қалыптастырады және оны интернет-ресурстарда жариялайды.

Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бұрын орналастырылған мемлекеттік білім беру ұйымдары орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарының тізбесіне өтініш ұсынбастан енгізіледі.

Жергілікті атқарушы орган орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарының тізбесіне енгізілген мемлекеттік білім беру ұйымымен шарт жасасу рәсімін жүзеге асыру жолымен орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.

2-параграф. Жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

43-5. Жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру білім беру саласындағы уәкілетті органның операторына (бұдан әрі – оператор) жүктеледі.

43-6. Оператор жыл сайын интернет-ресурста орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жекеменшік білім беру ұйымдарының өтініштерін қабылдау басталғандығы туралы ақпаратты орналастырады:

1) алдағы оқу жылына – күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейін;

2) орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мақсатында операторға алғаш рет өтініш беруші жекеменшік білім беру ұйымдары үшін күнтізбелік жыл ішінде – оператор дербес белгілейтін мерзімде.

43-7. Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жекеменшік білім беру ұйымы интернет-ресурста оператордың орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жекеменшік білім беру ұйымдарының өтініштерін қабылдау басталғандығы туралы ақпараты орналастырылған күннен бастап 30 күнтізбелік күннің ішінде операторға қоса берілетін құжаттармен бірге осы Қағидаларға 12-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады.

Жекеменшік білім беру ұйымы өтінішпен бірге операторға мынадай құжаттарды ұсынады:

1)       Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен бекітілген нысанда берілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензияның көшірмесі;

2)       заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

3)       Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде шотының болуы туралы анықтама.

4)       оператор мен жекеменшік білім беру ұйымы арасында жасалған қолданыстағы алдын ала шарттың көшірмесі – Әдістемеде көзделген жекеменшік білім беру ұйымдарының объектілерінде жаңадан енгізілген оқушы орындары бар жекеменшік орта білім беру ұйымдары үшін.

43-8. Оператор мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жекеменшік білім беру ұйымдарының өтініштерін қоса берілген құжаттармен бірге олар тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күннің ішінде қарайды.

Оператор жекеменшік білім беру ұйымдарының өтініштері мен құжаттарын қарай отырып, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады.

Жекеменшік білім беру ұйымының осы Қағидаларға сәйкес келмейтін өтінішті және (немесе) оған қоса берілетін құжаттарды ұсыну не мемлекеттік сатып алу веб-порталында жекеменшік білім беру ұйымының тіркеуі болмау фактісі анықталған жағдайда, оператор жекеменшік білім беру ұйымының өтініште көрсетілген почталық мекенжайына немесе электрондық поштасына сәйкессіздіктерді жою қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

Хабарлама жіберілген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жекеменшік білім беру ұйымы операторға осы Қағидаларға сәйкес келтірілген өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қайта ұсынады.

Оператор мемлекеттік білім беру ұйымының өтініші қоса берілген құжаттармен бірге қайта келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде оларды қарауды жүзеге асырады.

Жекеменшік білім беру ұйымының осы Қағидаларға сәйкес келмейтін өтінішті және (немесе) оған қоса берілетін құжаттарды ұсыну не мемлекеттік сатып алу веб-порталында жекеменшік білім беру ұйымының тіркеуі болмау фактісі қайта анықталған жағдайда, оператор өтініште көрсетілген жекеменшік білім беру ұйымының почталық мекенжайына немесе электрондық поштасына орта білім беру тапсырысын орналастырудан негізделген және дәлелді бас тартуды жібереді.

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелген жекеменшік білім беру ұйымдары осы Қағидаларға сәйкес келетін өтініш пен құжаттарды ұсынған кезде оператор интернет-ресурста жекеменшік білім беру ұйымдарының өтініштерін қабылдау басталғандығы туралы ақпаратты орналастырған күннен бастап күнтізбелік 60 күннен кешіктірмей орындардың санын көрсете отырып, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жекеменшік білім беру ұйымдарының тізбесін қалыптастырады және оны интернет-ресурста жариялайды.

Оператор немесе жергілікті атқарушы орган бұрын орналастырған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бар жекеменшік білім беру ұйымдары операторға осы Қағидалардың 43-7-тармағында көзделген өтінішке қосымша құжаттарды ұсынбастан, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жекеменшік білім беру ұйымдарының тізбесіне енгізіледі.

43-9. Оператор жекеменшік білім беру ұйымымен шарт жасасу рәсімін жүзеге асыру жолымен орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.»;

12-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 12-1-қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті (Ж.И. Рахметова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1)       осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2)       осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3)       осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

                                                                                     

ТАӘ

 

 

 



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11