Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы 2019 жылғы бұйрығының жобасына баспасөз хабарлама

Жариялау күні: 26.12.2019 15:02:00

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы                           29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

2019 жылғы «___» ________№ ___ бұйрығының жобасына                    баспасөз хабарлама

 

Бұйрықтың жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, бюджет аралық қатынастар, несиелеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңжобасына енгізілген нормаларына сәйкес, білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті жеке білім беру ұйымдарында орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру функциясымен толықтырылып әзірленген.

Жоба келесі өзгерістерді қарастырады:

- мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шарттары қайта қаралды (жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады);

- жеке білім беру ұйымдарында орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жағдайлар енгізілген (білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы жүзеге асырады («Қаржы орталығы» АҚ).

 

 

 



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11