Жекеменшік білім беру ұйымдарындағы 2020 жылға арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, оқу үшін ата-аналар төлемінің шекті мөлшерін бекіту туралы

Жариялау күні: 27.12.2019 12:53:00

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 43-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.         Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жекеменшік білім беру ұйымдарындағы 2020 жылға арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы, оқу үшін ата-аналар төлемінің шекті мөлшері бекітілсін.

2.         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті (Ж.И. Рахметова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1)       осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2)       осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3)       осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

2.   Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

3.   Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 


 

Лауазымы

 

                                                                                ТАӘ



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11