«Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жариялау күні: 19.12.2019 17:20:00


«Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

       

  Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі туралы ережеде:

16-тармақта:

орталық аппараттың функциялары:

30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«30) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметті жүзеге асыратын педагогтерді қоспағанда, педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісу бойынша бекіту;»;

61-14) және 61-15) тармақшалар редакцияда мазмұнда жазылсын:

«61-14) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын,
сондай-ақ педагог қызметін курстан кейінгі сүйемелдеуді ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту;

            61-15) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту;»;

97) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 155) және 156) тармақшалармен толықтырылсын:

«155) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту;

156) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындауды және лауазымнан босатуды келіседі»;

 

ведомстволардың функцияларында:

76-7) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:

«76-7) тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісу бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметті жүзеге асыратын педагогтерді қоспағанда, педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлейді;»;

76-17) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:

«76-17) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын,
сондай-ақ педагог қызметін курстан кейінгі сүйемелдеуді ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлеу;»;

76-29) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 78) және 79) тармақшалармен толықтырылсын:

«78) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын әзірлейді;

79) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын әзірлейді;»;

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі                                                      А. Мамин

 

 

     

 



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11