«Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы

Жариялау күні: 19.12.2019 16:50:00

 «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы
28 қазандағы №
1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тiзбесiнде:

реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазлысын:

«4. «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.».

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                   А. Мамин

 



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11