«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы туралы баспасөз хабарламасы

Жариялау күні: 16.08.2019 14:10:00

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі - жоба) әзірледі.

Жобаны қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 4446 тапсырмасы негіз болып табылады.

Жобаға сәйкес «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2019 жылы «Назарбаев Университеті»дербес білім беру ұйымының бастамаларын қаржыландыруды қамтамасыз етіп, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп туралы заңнамасына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікте қаржыландыру көлемін көрсету тапсырылады.

Жобаны іске асыру «Назарбаев Университеті» ДББҰ-ны халықаралық деңгейдегі зерттеу университеті ретінде одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттің ғылыми әлеуетін қарқынды дамыту, индустриалды-инновациялық даму, инновациялық экономика талаптарына жауап беретін білімге көшуді қамтамасыз ету сияқты басымдықтарды іске асыруға ықпал етеді.

Бұл жоба Қазақстан Республикасының министрліктерімен келісуді қажет етеді.



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11