Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияны құру туралы

Жариялау күні: 10.07.2019 15:56:00

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы      20 ақпандағы № 113 бұйрығымен бекітілген байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.   Байқау кеңестерінің мүшелерін іріктеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің конкурстық комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

2.   «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 19 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3.   Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыповаға жүктелсін.

4.   Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                        А. Аймағамбетов

Қосымша




Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: press@edu.gov.kz