Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу туралы

Жариялау күні: 10.07.2019 15:44:00

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 113 бұйрығымен бекітілген Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидалары, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптар, сондай-ақ Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларына сәйкес және байқау кеңестерінің өкілеттік мерзімдерінің өтуінің негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. Жоғары оқу орындарының ректорлары (Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті,                                        А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, Рудный индустриялық институты, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде кәсіпорын қаражаты есебінен осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес мерзімді баспасөз басылымдарында (әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында жарияланатын) байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялауды қамтамасыз етсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ә.Ж. Тойбаев) байқау кеңестері мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыруды Министрліктің интернет-сайтына мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияласын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі                                          А.Аймағамбетов


Қосымша



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: press@edu.gov.kz