Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 195 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жариялау күні: 15.07.2019 12:04:00

«Атырау мұнай және газ

университеті» коммерциялық емес

акционерлік қоғамының директорлар

кеңесін сайлау туралы»

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2017 жылғы 27 сәуірдегі № 195

бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының                   36-бабының 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Атырау мұнай және газ университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесін сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 195 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесін сайлау туралы»;

бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) директорлар кеңесі 12 (он екі) мүшеден тұратын мынадай құрамда сайлансын:

1)       Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы – «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

2)       Жақыпова Фатима Надырқызы – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі;

3)       Тойбаев Әділет Жүнісұлы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры;

4)       Абулқасова Анар Сайранқызы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы;

5)       Шақаева Гаухар Серікқалиқызы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қаржы департаментінің директоры;

6)       Құдайбергенов Қуаныш Мерекеұлы – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры (келісім бойынша);

7)       Тойбаев Амангелді Сағынбайұлы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы (келісім бойынша);

8)       Қуандықов Балтабек Мұханұлы – Меридиан Петролиум компаниясының президенті, тәуелсіз директор (келісім бойынша);

9)       Мурсалиева Таскира Қабиқызы – «Тенгизнефтестрой» акционерлік қоғамы президентінің кеңесшісі, тәуелсіз директор (келісім бойынша);

10) Қасымбеков Мақсат Байболатұлы – «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту департаментінің директоры (келісім бойынша);

11) Нұрпеисов Марат Сайлаубекұлы - «КОР» мұнай компаниясы» акционерлік қоғамының бас директоры, тәуелсіз директор (келісім бойынша);

12) Күзенбаев Ермек Бақытұлы – «APEC Petrotechnic жоғары техникалық мектебі» ЖШС директоры (келісім бойынша).».

2. Осы бұйрық Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімі болып саналсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі                                       А. Аймағамбетов



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: press@edu.gov.kz