Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жариялау күні: 30.05.2019 15:27:00

 

«Дәрежелер беру қағидаларын

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Дәрежелер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 207-210 (26612) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дәрежелер беру қағидаларында:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін алуға ұсынылған диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелері диссертация қорғауға дейін диссертация тақырыбы бойынша кемінде 7 (жеті) жарияланымда, оның ішінде: кемінде 3 (үш) мақала (және/немесе шолулар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 121) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын ғылыми басылымдар тізбесіне (бұдан әрі – Басылымдар тізбесі) кіретін ғылыми басылымдарда; 1 (бір) мақала рецензияланатын халықаралық ғылыми журналда жарияланады.

Рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдардағы мақалалар даярлану бағытына байланысты ескеріледі, атап айтқанда:

1) 8D05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, 8D06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, 8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, 8D08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар, 8D09 Ветеринария, 8D10 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), 8D11 Қызмет көрсету кадрларды даярлау бағыттары бойынша Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus (Скопус) базасында бар диссертация мазмұнына сәйкес келетін бір ғылыми саладан CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 25 болатын басылымдар немесе zbMath (збМат), MathScinet (МатСкайнет), Astrophysical journal (Астрофизикал жорнал) деректер базасына кіретін басылымдар жатады;

2)      қалған кадрларды даярлау бағыттары үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) деректер базасында (Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) бөлімдері) индекстелетін басылымдар; сондай-ақ Scopus (Скопус) базасында бар диссертация мазмұнына сәйкес келетін бір ғылыми саладан CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 25 болатын немесе JSTOR (ДЖЕЙСТОР) деректер базасына кіретін басылымдар жатады.

Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар көрсетілген базалардағы журналдардың тақырыптық бағытына сәйкес келеді және ағымдағы нөмірлерде жарияланады. Бұл ретте мақала жарияланған кезде немесе қорғау мезгіліне дейін журнал Scopus (Скопус) базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль тиісті көрсеткішке ие немесе Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) деректер базасында импакт-факторы бар (немесе индекстеледі) болады.

Ғылыми мақалалар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда талап етілген мақалалар санынан артық болған жағдайда, олар Басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдардағы мақалалар ретінде саналады.

Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) (Web of Science Core Collection, Clarivate Analytics (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн, Кларивэйт Аналитикс)) компаниясының деректер базасына енгізілген шетелдік патенттер рецензияланатын халықаралық ғылыми басылымдардағы жарияланымдар ретінде саналады.

Мемлекеттік құпияларды және қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын диссертация қорғалған жағдайда, диссертацияның негізгі нәтижелері диссертация тақырыбы бойынша кемінде 7 (жеті) жарияланымда, оның ішінде кемінде 4 (төрт) мақала Басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда жарияланады.

Шетелде алған ғылыми дәрежесінің баламалылығын тануға құжаттарын ұсынған тұлғалар үшін аттестациялық ісі Комитетке тапсырылған сәтте жарияланған ғылыми еңбектер ескеріледі. Бұл ретте кемінде 7 (жеті) жарияланымы, оның ішінде кемінде 3 (үш) мақала (және/немесе шолулар) Басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда және/немесе 3 (үш) мақала шетелдік ғылыми басылымдарда; 1 (бір) мақала рецензияланатын халықаралық ғылыми басылымда. Рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдардағы мақалалар осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес есептеледі.».

1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген             іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

               

 

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 28.05.2019

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 18737 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Министерство образования и науки РК - Директор Нурсейт Абсаттарович Байжанов, 04.05.2019 18:19:13, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство обороны РК - Министр обороны Нурлан Байузакович Ермекбаев, 16.05.2019 16:19:38, положительный результат проверки ЭЦП

Комитет Национальной Безопасности РК - Заместитель председателя Марат Омербекович КОЛКОБАЕВ, 20.05.2019 16:32:41, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство внутренних дел РК - Министр Ерлан Заманбекович Тургумбаев, 21.05.2019 09:19:22, положительный результат проверки ЭЦП

Генеральная прокуратура РК - Генеральный Прокурор Гизат Дауренбекович Нурдаулетов, 21.05.2019 21:06:06, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - вице министр Наталья Виссарионовна Пан, 24.05.2019 08:31:51, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

Министерство образования и науки РК - Министр Куляш Ногатаевна Шамшидинова, 24.05.2019 11:33:05, положительный результат проверки ЭЦП



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: press@edu.gov.kz