Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жариялау күні: 16.05.2019 12:42:00


 

«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы                             29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелді, 2016 жылғы 17 наурыздағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер:

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Экономиканың кадрларға болжамды қажеттілігін, оның ішінде салалық және өңірлік қажеттілігін, елдің индустриялық-инновациялық даму басымдықтарын, жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) және ғылыми ұйымдардың ғылыми-педагогикалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып қалыптастырылған және білім бағдарламаларының топтары бойынша бөлінген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы ЖОО арасында конкурстық негізде орналастырылады.»;

28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«28. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін жоғары оқу орындары білім беру саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттарды қамтитын конкурстық өтінімді ұсынады:

      1) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы жоғары оқу орнының өтінімін;

      2) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы жоғары оқу орнының сауалнамасын;

      3) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы жоғары оқу орнының ақпараттық картасын;

      4) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы тиісті оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ұсынысын.

Білім саласындағы уәкілетті орган қажет болған жағдайда ұсынылған көрсеткіштер бойынша растайтын құжаттарды сұрайды.»;

32-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Ерекшелік Білім беру бағдарламалары тізіліміне енгізілген жаңа білім беру бағдарламалары, сондай-ақ экономиканың басым салалары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін жаңадан құрылған ЖОО-ны құрайды. Бұл ретте ЖОО-лардың тізбесін Комиссия айқындайды.»

39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«39. Комиссия бағалау негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім қабылдап, мыналарды көрсетеді:

      1) конкурс шарттары бойынша жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесі;

      2) конкурс шарттары бойынша магистратурада кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесі, оның ішінде жеке ЖОО-лар үшін көлемі көрсетілген;

      3) конкурс шарттары бойынша білім беру бағдарламалары тобының бөлінісінде, оның ішінде философия докторларын (PhD)/бейіні бойынша докторларды мақсатты түрде даярлау үшін көлемін көрсете отырып, докторантурада кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыратын базалық жоғары оқу орындарының тізбесі;

      4) жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде тыңдаушыларды оқыту үшін, оның ішінде тілдік дайындық деңгейін арттыру үшін көлемі көрсетілген мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындары;

      5) конкурс шарттары бойынша білім беру бағдарламалары тобының бөлінісінде көлемі көрсетіле отырып, жоғары білімі бар педагог кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын педагогикалық жоғары оқу орындары.»;

          40-тармақ тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

          «40. Конкурстық комиссия жұмысының нәтижелері бойынша Министрдің немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бекітіледі және білім беру саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланады.»;

          44-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

          «44. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) жыл сайын ЖАО қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталғанға дейін 5 (бес) күннен кешіктірмей жоғары оқу орындары арасында конкурс жариялайды.»;

          көрсетілген қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

          көрсетілген қағидаларға 7-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

          көрсетілген қағидаларға 8-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

          көрсетілген қағидаларға 9-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетілген қағидаларға 13-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

          3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген                         іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

          3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыповаға жүктелсін.

          4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі                                             К. Шәмшидинова

   

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы «_____» _________
№ ____ бұйрығына
1-қосымша

 

Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға
мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына 5-қосымша

 

Жоғары оқу орны өтінімінің нысаны

      (жоғары оқу орнының бланкісінде толтырылады)

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптарды және конкурсты өткізу шарттарын зерделей отырып, ____________________________________________

 ________________________________________________________________

(жоғары оқу орнының атауы)

_______________________________________________________________

(білім беру бағдарламалары тобының коды, атауы)

білім беру бағдарламаларының тобы бойынша өтінімге енетін құжаттарға, сондай-ақ конкурстың шарттары мен талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізетін конкурсқа қатысады.

     

Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ бетте.

Ұйымның басшысы ________________________

                                     (қолы, Т. А. Ә.)

 

Толтырылған күні

20_____ жылғы «_____» _________

      М.О.

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы «_____» _________
№ ____ бұйрығына
2-қосымша

 

Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға
мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына 7-қосымша

 

Жоғары оқу орнының ақпараттық картасы

     _______________________________________________

      (жоғары оқу орнының атауы)

      ________________________________________________

      (білім беру бағдарламасы тобының коды, атауы)

 

 

ЖОО туралы жалпы мәліметтер

Көрсеткіштер

1

Халықаралық және (немесе) ұлттық институционалдық аккредиттеу



2

ЖОО-ның халықаралық рейтингі (орны, рейтингінің атауы)

 

3

Білім беру порталының болуы

 

4

Оқу процесіне пайдаланатын оқу-зертханалық базаның жаңартылуы, теңге/келтірілген контингент



5

Зерттеу институттарының, ғылыми және мамандандырылған зертханалардың, бизнес-инкубаторлардың, технопарктердің саны



6

Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық активтердің, оның ішінде университеттер үшін 3 және одан көп, академиялар үшін 1 және одан көп, институттар үшін 1 және одан көп ауданы санитарлық нормаларға сай оқу орынжайларымен ғимараттардың (оқу корпустардың) болуы

 

7

Қолданыстағы жатақханаларда төсек-орынның саны

 

І

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тобы бойынша жалпы мәліметтер



1

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияға қосымша



2

Халықаралық және/немесе ұлттық мамандандырылған аккредиттеу



3

«Атамекен» ҰКП-ның білім беру бағдарламалары рейтингіне қатысуы (орын) 



4

Бітірушілердің жұмысқа орналасуы, жұмысқа орналасқан бітірушілердің %-ы



5

Білім алушылар контингенті

 

6

Күндізгі бөлімде білім алушы студенттердің контингенті

 

Кадрлық қамтылуы және педагог қызметкерлердің біліктілік деңгейі



1.1.

 

 

Штаттық оқытушылардың жалпы саны:

 

ғылым докторлары

 

PhD докторлар

 

ғылым кандидаттары

 

магистрлер

 

 

1.2

/оның ішінде білім беру бағдарламасы бойынша (саны)

 

ғылым докторлары

 

PhD докторлар

 

ғылым кандидаттары

 

магистрлер

 

1.3

Ағылшын тілін игерген (деңгейі кемінде 4,5 (IELTS)) бейіндік пәндер бойынша ОПҚ саны



2

ЖОО-да академиялық кезеңнен кем емес мерзімде шарт бойынша жұмыс істейтін шетелдік оқытушылардың саны

 

3

мамандық бойынша ОПҚ дәрежелілік %-ы

 

4

Білім беру бағдарламаларының тобы бойынша бейіндік пәндердегі ОПҚ дәрежелілік %-ы

 

IIІ

ОПҚ ғылыми-зерттеу қызметі

 

1

Гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру негізінде іргелі зерттеулер/ қолданбалы зерттеулер бойынша орындалатын ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар/ жобалар саны



2

ОПҚ орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы көлемі (теңгемен)



2.1

/ оның ішінде 1 штаттық ОПҚ-ға (теңгемен)

 

 

3

ОПҚ ғылыми жарияланымдарының саны:

 

- шетелдік рейтингтік журналдарда (Томсон Рейтер (Web of Science,Thomson Reuters) немесе Scopus, Pubmed, zbMath, MathScinet, Agris, Georef, Astrophysical journal; Scopus, JSTORE деректер базасына енетін)

 

- ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда



- монографиялар

 

- патенттер, алдын ала патенттер, инновациялық патенттер, авторлық куәліктер

 

 

4

/оның ішінде 1 штаттық ОПҚ-ға:

 

- шетелдік рейтингтік журналдарда (Томсон Рейтер (Web of Science,Thomson Reuters) немесе Scopus, Pubmed, zbMath, MathScinet, Agris, Georef, Astrophysical journal; Scopus, JSTORE деректер базасына енетін)

 

- ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда



- монографиялар

 

- патенттер, алдын ала патенттер, инновациялық патенттер, авторлық куәліктер

 

IV

Корпоративтік әріптестік және халықаралық қызмет

 

1

Бірлескен (қосдипломды) білім беру бағдарламаларының саны 

 

2

Шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеу жобаларының саны



3

Академиялық алмасу бағдарламаларына соңғы 3 жылда қатысқан білім алушылардың саны



 

Жоғарыда келтірілген ақпараттың шынайылығын растаймын.

 

Ұйымның басшысы ________________________

      (қолы, Т. А. Ә.)

      Толтырылған күні

      М.О.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы «_____» _________
№ ____ бұйрығына
3-қосымша

 


 


Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға
мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына 8-қосымша

 

___________оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру ұсынысы

      _________________________________________________________

      (жоғары оқу орнының атауы)

 

Жоғары білім бойынша

 

Коды

Топтың атауы

Гранттың жалпы саны

Күндізгі оқу нысаны

1

2

3

4

 

 

 

 

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бойынша

 

Коды

Білім беру бағдарламаларының атауы

орын саны

1

2

3

 

 

 

 

PhD философия докторларын мақсатты даярлау бойынша

 

Коды

Білім беру бағдарламалары тобының атауы

Даярлау жоспарланған ЖОО-ның атауы

орын саны

1

2

3

4

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымның басшысы ________________________

      (қолы, Т. А. Ә.)

      Толтырылған күні

      М.О.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы «_____» _________
№ ____ бұйрығына
4-қосымша

 

Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға
мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына 9-қосымша

 

Ақпараттық карталар бойынша ЖОО ранжирлеу әдістемесі

 

ЖОО туралы жалпы мәліметтер

Шартты белгілер

Мәннің түрі

1

Халықаралық және (немесе) ұлттық институционалдық аккредиттеу (бар/жоқ)*

А1

бар/жоқ

2

ЖОО-ның халықаралық рейтингі (орны, рейтингінің атауы)

А2

сан, бүтін, 0-1 000

3

Білім беру порталының болуы (бар/жоқ)

А4

бар/жоқ

4

Оқу процесінде пайдаланылатын оқу-зертханалық базаның жаңартылуы, теңге/келтірілген контингент

А6

сан

5

Зерттеу институттарының, ғылыми және мамандандырылған зертханалардың, бизнес-инкубаторлардың, технопарктердің саны

А7

сан, бүтін

6

Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық активтердің, оның ішінде университеттер үшін 3 және одан көп, академиялар үшін 1 және одан көп, институттар үшін 1 және одан көп ауданы санитарлық нормаларға сай оқу орынжайларымен ғимараттардың (оқу корпустардың) болуы.

А6

сан, бүтін

7

Қолданыстағы жатақханаларда бар төсек-орынның саны

А7

сан, бүтін


І

Білім беру бағдарламаларының тобы бойынша жалпы мәліметтер





1

Даярлаудың бағыттары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияға қосымша (бар/жоқ)

B1

бар/жоқ

2

Халықаралық және/немесе ұлттық мамандандырылған аккредиттеу (бар/жоқ)*

B2

бар/жоқ

3

«Атамекен» ҰКП-ның білім беру бағдарламалары рейтингіне қатысуы (орын) 

B3

сан, бүтін,
0-125

4

Бітірушілердің жұмысқа орналасуы, жұмысқа орналасқан бітірушілердің %-ы **

B4

%

5

Білім алушылар контингентінің болуы (бар/жоқ)

B5

бар/жоқ

6

Күндізгі бөлімде білім алушы студенттердің контингенті

B6

число, целое

ІІ.

Кадрлық қамтылуы және педагог қызметкерлердің біліктілік деңгейі

C1



1.1.

Штаттық оқытушылардың жалпы саны:

C1.1.

сан, бүтін

ғылым докторлары

C1.1.1.

сан, бүтін

PhD докторлар

C1.1.2.

сан, бүтін

ғылым кандидаттары

C1.1.3.

сан, бүтін

магистрлер

C1.1.4.

сан, бүтін

1.2.

/оның ішінде мамандығы бойынша (саны)

C1.2.

сан, бүтін

ғылым докторлары

C1.2.1.

сан, бүтін

PhD докторлар

C1.2.2.

сан, бүтін

ғылым кандидаттары

C1.2.3.

сан, бүтін

магистрлер

C1.2.4.

сан, бүтін

1.3

Ағылшын тілін игерген (деңгейі 4,5 кем емес (IELTS)) бейіндік пәндер бойынша ОПҚ саны

C1.2.5.

число, целое 

2

ЖОО-да академиялық кезеңнен кем емес мерзімде шарт бойынша жұмыс істейтін шетелдік оқытушылардың саны

C2

сан, бүтін

3

жалпы ЖОО бойынша ОПҚ дәрежелілік %-ы ***

C3

%

4

Білім беру бағдарламаларының тобы бойынша ОПҚ дәрежелілік %-ы ***

C4

%

III

ОПҚ ғылыми-зерттеу қызметі





1.

Гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру негізінде іргелі зерттеулер/ қолданбалы зерттеулер бойынша орындалатын ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар/ жобалар саны

C6.1

сан, бүтін

2.1.

ОПҚ орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы көлемі (теңгемен)

C6.2.1

сан

2.2.

/ оның ішінде 1 штаттық ОПҚ-ға (теңгемен)

C6.2.2.

сан

3

ОПҚ ғылыми жарияланымдарының саны:





- шетелдік рейтингтік журналдарда (Томсон Рейтер (Web of Science,Thomson Reuters) немесе Scopus, Pubmed, zbMath, MathScinet, Agris, Georef, Astrophysical journal; Scopus, JSTORE деректер базасына енетін)

C6.3.1.

сан, бүтін

- ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда

C6.3.2.

сан, бүтін

- монографиялар

C6.3.3.

сан, бүтін

- патенттер, алдын ала патенттер, инновациялық патенттер, авторлық куәліктер

C6.3.5.

сан, бүтін

4

/оның ішінде 1 штаттық ОПҚ-ға:





- шетелдік рейтингтік журналдарда (Томсон Рейтер (Web of Science,Thomson Reuters) немесе Scopus, Pubmed, zbMath, MathScinet, Agris, Georef, Astrophysical journal; Scopus, JSTORE деректер базасына енетін)

C6.4.1.

сан, бүтін

- ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда

C6.4.2.

сан, бүтін

- монографиялар

C6.4.3.

сан, бүтін

- оқулықтар мен оқу құралдары

C6.4.4.

сан, бүтін

- патенттер, алдын ала патенттер, инновациялық патенттер, авторлық куәліктер

C6.4.5.

сан, бүтін

IV

Корпоративтік әріптестік және халықаралық қызмет





1

Бірлескен (қосдипломды) білім беру бағдарламаларының саны 

C7.1.

сан, бүтін

2

Шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеу жобаларының саны

C7.2.

сан, бүтін

3

Академиялық алмасу бағдарламаларына соңғы 3 жылда қатысқан білім алушылардың саны

C7.3.

сан, бүтін

 

           Ескертпе:

      * – егер ЖОО «жоқ» деп көрсетсе, онда конкурсқа қатысушылар қатарынан шығарылады;

      ** – жоғары оқу орнын бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткішінің шекті мәнін Комиссия айқындайды;

      *** – ұсынылған мәліметтерден есептеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы «____» _________
№ ____ бұйрығына
5-қосымша

 

Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға
мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына 13-қосымша

 

Жоғары оқу орны өтінімінің нысаны

(жоғары оқу орнының бланкісінде толтырылады)

 

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,

астананың жергілікті атқарушы органы

 

      Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптарды және конкурсты өткізу шарттарын зерделей отырып, __________________________________________

____________________________________________________________________

(жоғары оқу орнының атауы)

      өтінімге кіретін құжаттарға, сондай-ақ конкурстың шарттары мен талаптарына сәйкес ___________________________________________________

____________________________________________________________________

(білім беру бағдарламалары тобының коды, атауы)

      білім беру бағдарламасының тобы бойынша тиісті облыс әкімдігі өткізетін конкурсқа қатысады.

      Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ бетте.

      Ұйымның басшысы ______________________________

      (қолы, Т. А. Ә. (бар болғанда))

      Толтырылған күні                             М.О.



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: press@edu.gov.kz