«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына пресс-релиз

Жариялау күні: 04.02.2019 18:00:10

Қаулы жобасы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.

Жобаның нақты мақсаты Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 4 шiлдедегi № 171-VІ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына, сонымен бірге Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңның 4-бабының 12) тармақшасын жүзеге асыру болып табылады.

Осы қаулыны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға алып келмейді.



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11