ПРЕСС-РЕЛИЗ

Жариялау күні: 18.02.2019 18:00:00

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен «Әскери, арнаулы оқу орындарын, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары профессор-оқытушылар құрамының жалпы санын есептеу үшін білім алушылар санының оқытушыларға орташа арақатынасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №606 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйрық жобасы дайындалды (бұдан әрі-Жоба).

Нормативтік құқықтық актіні қабылдауға негіз орташа арақатынасын  белгілеу мәселесін жетілдіру болып табылады.

Сондай-ақ, Әскери, арнаулы оқу орындарын, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары профессор-оқытушылар құрамының жалпы санын есептеу үшін білім алушылар санының оқытушыларға орташа арақатынасы ең жоғарғы болып табылады.

Бұл ретте, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан  кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың бір оқытушыға орташа арақатынасының  санын азайтуға жол беріледі.

Осы жоба Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылық, Мәдениет және спорт министрліктерімен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен келісу жоспарлануда.



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: press@edu.gov.kz