12 жылдық білім беруге көшудің кейбір мәселелері туралы

Жариялау күні: 07.02.2019 14:17:00

12 жылдық білім беруге көшу жағдайында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндетін орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Әліппе», «Математика» оқулықтарын апробациядан өткізу үшін білім беру ұйымдарының тізімі бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес оқулықтардың пилоттық жобаларын апробациядан өткізу үшін бес жастағы тәрбиеленушілерге арналған «Әліппе», «Математика» білім беру бағдарламалары бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (З.Ә. Махсұтова):

1) осы бұйрықты «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының назарына жеткізсін;

2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр                                                                                    Е. Сағадиев

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрініңбұйрығына қосымша "12 жылдық білім беруге көшудің кейбір мәселелері туралы"



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: press@edu.gov.kz