«Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жариялау күні: 05.02.2019 17:44:00

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6939 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 207-210 (26612) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесінде:

4-тармақ мынадай редакцияда жызылсын:

«4. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы ғылыми атақ беру туралы өтініш берген ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар тұлғаларға (бұдан әрі - үміткерлер) мынадай жағдайларда беріледі:

1) диссертация қорғағаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 3 жылдан кем емес, оның ішінде жоғары оқу орнында доценттен (қауымдастырылған профессордан) төмен емес лауазымда немесе ғылыми ұйымда аға ғылыми қызметкер лауазымында, жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның басшысы, басшының орынбасары, бөлімшелер басшылары лауазымдарында 2 жыл үзіліссіз өтілі.

Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі бар үміткерлер үшін жоғары оқу орнында қауымдастырылған профессордан (доценттен) немесе ғылыми ұйымда аға ғылыми қызметкерден төмен емес лауазымдағы өтілі талап етілмейді;

2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған сұратылған мамандық бойынша кемінде 14 ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда 10 ғылыми мақала және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 2 ғылыми мақаласы.

Осы Ережеге 4-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарға кем дегенде бір ғылыми саладан Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1, 2 және 3 квартиліне кіретін немесе Scopus (Скопус) базасында CiteScore (СайтСкор) көрсеткіші кемінде 35 болатын журналдар жатады. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми атаққа үміткер тұлғалар үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core Collection (Веб оф Сайенс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) бөлімдері) деректер базасындағы, сондай-ақ JSTOR (ДЖЕЙСТОР) базасына кіретін журналдар да есепке алынады.

Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар көрсетілген базалардағы журналдардың тақырыптық бағытына сәйкес келеді және ағымдағы нөмірлерде жарияланады. Бұл ретте мақала жарияланған кезде немесе ұйымнан ғылыми атақ беру туралы қолдау хат түскен мезгілде журнал Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша тиісті квартильге кіреді немесе Scopus (Скопус) базасында CiteScore (СайтСкор) тиісті көрсеткішке ие болады.

Ғылыми мақалалар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда талап етілген мақалалар санынан артық болған жағдайда, олар уәкілетті орган ұсынатын басылымдардағы мақалалар ретінде саналады.

Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) (Web of Science Core Collection, Clarivate Analytics (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн, Кларивэйт Аналитикс)) компаниясының деректер базасына енгізілген патенттер халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы ғылыми мақалалар ретінде саналады;

3) Ғылыми кеңес ұсынған монографиясы (соңғы 5 жылда басылған, ізденушіге кемінде 6 баспа табағы тиесілі), не Ғылыми кеңес немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңес немесе уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған жеке жазылған оқу (оқу-әдістемелік) құралы немесе оқулығы (соңғы 5 жылда басылған, көлемі 6 баспа табақтан кем емес, оқу процесінде кемінде 1 оқу жылы пайдаланылады), не оның басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар тұлғасы.

Осы Ереженің 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілгендерге қосымша (кем дегенде бір ғылыми саладан Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1 және 2-ші квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) көрсеткіші кемінде 50 болатын) халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған 3 ғылыми мақаласы болған жағдайда осы Ереженің 4-тармағының 3) тармақшасының талаптарын орындау талап етілмейді.»;

4-5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«4-5. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне бағынысты ведомстволық жоғары әскери, арнайы оқу орындарында немесе ғылыми ұйымдарында, сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы әскери кафедраларда толық ставкада жұмыс істейтін үміткерлерге - әскери қызметшілерге, қызметкерлерге және жұмыскерлерге мынадай жағдайларда беріледі:»;

5-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған, мамандық бойынша 28 ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда 20 ғылыми мақала және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда (кем дегенде бір ғылыми саладан Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1 және 2 квартиліне кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) көрсеткіші кемінде 50 болатын) 3 ғылыми мақала. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми атаққа үміткер тұлғалар үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core Collection (Веб оф Сайенс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) бөлімдері) деректер базасындағы, сондай-ақ JSTOR (ДЖЕЙСТОР) базасына кіретін журналдар да есепке алынады;  

3) Ғылыми кеңес ұсынған және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған монографиясы (авторлығы кемінде 6 баспа табақты құрайтын), не Ғылыми кеңес немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңес немесе уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған жеке жазылған оқулығы (соңғы 5 жылда басылған, жалпы көлемі 6 баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 оқу жылы пайдаланылады), не оның басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар 3 тұлғасы.

Осы Ереженің 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілгендерге қосымша (кем дегенде бір ғылыми саладан Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1 және 2-ші квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) көрсеткіші кемінде 50 болатын) халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған 5 ғылыми мақаласы болған жағдайда осы Ереженің 5-тармағының 3) тармақшасының талаптарын орындау талап етілмейді.»;

5-1-тармақта 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған сұратылған мамандық бойынша 42 ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда 30 және осы Ереженің 5-тармағының 2) тармақшасының талаптарын қанағаттандыратын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 5 ғылыми мақаласы;

3) Ғылыми кеңес ұсынған және диссертация қорғағаннан кейін жарияланған кемінде 2 монографиясы (авторлығы кемінде 10 баспа табақты құрайды), не Ғылыми кеңес немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңес немесе уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған жеке жазылған оқулықтар (соңғы 5 жылда басылған, жалпы көлемі 12 баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 оқу жылы пайдаланылады), не оның басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар 4 тұлғасы.

Осы Ереженің 5-1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілгендерге қосымша (кем дегенде бір ғылыми саладан Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1 және 2-ші квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) көрсеткіші кемінде 50 болатын) халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған 7 ғылыми мақаласы болған жағдайда осы Ереженің 5-1-тармағының 3) тармақшасының талаптарын орындау талап етілмейді.»;

5-6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«5-6. Профессор ғылыми атағы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары әскери, арнайы оқу орындарының немесе ғылыми ұйымдарының, сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардың қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы бар, осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін әскери қызметшілеріне, қызметкерлеріне және жұмыскерлеріне мынадай жағдайларда беріледі:»;

10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Аттестаттау ісін қарау нәтижелері бойынша Сараптамалық кеңес осы Ережеге 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша қорытынды қабылдайды. Сараптамалық кеңестің қорытындысы негізінде Комитет ғылыми атақ беру/беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды және қорытындыға қол қойылған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде тиісті бұйрық шығарады.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Комитет осы атақты беруден бас тарту туралы шешім шығарған жағдайда ғылыми атақ беру туралы жаңа ұсынымды Ғылыми кеңес кем дегенде бір жылдан соң береді.»;

1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

4-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі                                                            Е. Сағадиев

Ғылыми атақтар(қауымдастырылған профессор(доцент), профессор) беру ережесіне 1-қосымша



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: press@edu.gov.kz