Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 139 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жариялау күні: 21.09.2017 11:13:06

«Білім беру ұйымдарында эксперимент

режимінде іске асырылатын білім

беретін  оқу бағдарламаларын әзірлеу,

сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 27 наурыздағы № 139

бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10916 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларында:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Мектепке дейінгі және орта білім беру саласында эксперименттік білім беру бағдарламасын келісу үшін Білім басқармасы (бұдан әрі - ББ) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) жазбаша өтінімді ұсынады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді іске асыратын ұйымдар Министрлікке, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын қоспағанда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы эксперименттік білім беру бағдарламасын келісу үшін ББ-ға жазбаша өтінімді ұсынады.

Жазбаша өтінім мынадай құжаттар топтамасын қамтиды:

1) базасында эксперимент жүргізу жоспарланған білім беру ұйымының атауы, орналасқан жері (заңды, нақты мекенжайы, байланыс телефондары);

2) эксперименттік бағдарламаның қысқаша түйіндемесі, оның ұлттық білім беру жүйесін дамытуға бағытталған әлеуметтік маңыздылығының ғылыми негіздемесі;

3) эксперименттік білім беру бағдарламаларын іске асыруға арналған ұсынымдар туралы Педагогикалық кеңес хаттамасынан үзінді;

4) эксперимент бағдарламасы (эксперименттің негізгі идеялары, мақсаты, бастапқы теориялық-әдіснамалық ережелері, эксперименттің кезеңдері және әр кезең бойынша болжанған нәтижелері, зерттеу әдістері, эксперимент жүргізуге қажетті шарттар, эксперимент нәтижелерін бақылау, мониторингілеу және дұрыстығын қамтамасыз ету құралдары, эксперимент бағдарламасын қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік әзірлемелер тізбесі);

5) экспериментті кадрлық, экономикалық, материалдық-техникалық және ғылыми қамтамасыз ету бойынша алдын ала есептер, қаржыландыру көздері.»; мынадай мазмұндағы 9-1 тармақпен толықтырылсын:

«9-1. Эксперименттік білім беру бағдарламаларын сынақтан өткізу үшін Министрліктің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру  ұйымдары Министрлікке, Техникалық және кәсіптік білім беру жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік кеңеске (бұдан әрі - РОӘК) эксперименттік білім беру бағдарламаларын енгізу туралы ақпаратты; оның ұлттық білім беру жүйесін дамыту үшін әлеуметтік маңыздылығының негіздемесін; сарапшылар тобының қорытындысын ұсынады.»; 

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10 Министрліктің келісуі негізінде мектепке дейінгі, орта білім саласындағы  білім беру ұйымдарына эксперименттік алаң мәртебесін беру туралы ББ басшысының бұйрығы шығарылады.

ББ-ның қорытындысы негізінде кәсіптік, техникалық, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына  эксперименттік алаң мәртебесін беру туралы ББ-сы басшысының бұйрығы шығарылады.

РОӘК қорытындысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына, Министрліктің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарына эксперименттік алаң мәртебесін беру туралы Министрліктің бұйрығы шығарылады.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Мектепке дейінгі және орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын, Министрліктің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарын эксперименттік білім беру бағдарламаларын іске асыру құқығынан айыру туралы шешімді Министрлік:

1) білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау қорытындылары бойынша теріс қорытынды алған (лицензияның қолданысын тоқтату, заңды және/немесе лауазымды тұлғаға әкімшілік айыппұл салу, лицензияны кері қайтару);

2) эксперименттік бағдарламалар бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың нәтижелері төмен болған жағдайларда қабылдайды.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Эксперименттік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі және орта білім саласындағы білім беру ұйымдары қызметінің жұмысын Министрлік жылына кемінде бір рет олардың қызметін реттейтін құжаттардың негізінде тыңдайды.

Эксперименттік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің жұмысын ББ-на жылына кемінде бір рет олардың қызметін реттейтін құжаттардың негізінде тыңдайды.»

мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

«17-1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім саласындағы білім беру ұйымдары ББ-сы эксперименталдық білім беру бағдарламарының енгізу туралы есепті кемінде бір рет Министрлікке ұсынады.».

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Н.Ж. Оспанова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2) осы бұйрықтың қағаз және электронды түрдегі көшірмесін  қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

6) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.К. Аймағамбетовқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Білім   және ғылым министрі

                        

                                     Е. Сағадиев



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11