Білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Жариялау күні: 17.10.2019 10:11:00

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын ұлғайту туралы шешімнің қабылдануына байланысты қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау туралы конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Құжаттарды тапсыру мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды.

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңестің Үлгілік ережесінің            10-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды тапсырады:

         1) 1.1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) коммерциялық емес ұйымның Қоғамдық кеңестің мүшелігіне кандидатураны (бар болса) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

4) Наркологиялық диспансерден анықтама;

5) психоневрологиялық диспансерден анықтама;

6) сотталмағандығы туралы анықтама.

Құжаттар пошта арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігіне мына мекен-жай бойынша ұсынылады: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8 (Министрліктер Үйі), 11-кіреберіс.

Жоғарыда аталған құжаттардың сканерленген көшірмелерін кандидаттар A.Stamkulova@ie.gov.kz электрондық мекен-жайға жіберуге болады. Көрсетілген электрондық мекен-жайға жолданған құжаттардың түпнұсқаларын кандидаттар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысына дейін жібереді.

Қоғамдық кеңестің қатысушыларының саны 4 адамды құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1-қосымша

Кімге _____________________________

(республикалық деңгейдегі мемлекеттік

органның және (немесе) жергілікті

деңгейлердегі өкілетті органның атауы)

___________________________ тұратын

(елді мекен, көше, үй, пәтер)

кімнен ___________________________

__________________________________

(өтініш берушінің А.Ә.Т., жеке куәлік

№ ____, берілді (қашан, кім))

Өтініш

Қоғамдық кеңес жұмыс тобының мүшелігіне қосу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

Мен осы өтініш арқылы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

Мынадай құжаттарды қоса беремін:

1) _______________________________________________________________

2) _______________________________________________________________

3) _______________________________________________________________

4) _______________________________________________________________

5) _______________________________________________________________

6) _______________________________________________________________

7) _______________________________________________________________

20___ ж. «____» ___________ Өтініш берушінің қолы _______________



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11