Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту туралы

Жариялау күні: 24.07.2019 18:00:00

Білім беру саясатының негізгі бағыты барлық балалардың қолжетімді және сапалы білімге құқықтарын мойындау, оқытудың тиімді моделін құру, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың қоғамға әлеуметтік бейімделуі үшін оларды тәрбиелеу мен дамыту болып табылады.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасаған жалпы білім беретін мектептер желісін кеңейту Қазақстан Республикасында Білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған. 2019 жылға 70% жалпы білім беретін мектептерде жағдай жасау жоспарланған.

Бүгінгі таңда ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға 4200 (60%) жалпы білім беретін мектепте арнайы жағдай жасалған.

Білім беру саласында 153 230 ерекше білім беруге қажеттілігі бар бала бар. Олардың ішінен 46 000 ерекше білім беруге қажеттілігі бар бала инклюзивті біліммен қамтылған.

Білім беру ұйымдарында жағдай жасау үшін бірқатар нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Сонымен, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты инклюзивті білім беруді дамытуды ескереді, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар жеке оқу жоспары мен бағдарламасымен оқи алатын норманы қарастырады.

Мектепке дейінгі, орта және қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды білім беру процесімен қамтамасыз ету нормалары қосылған.

ҚР Білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен көру қабілеті бұзылыстары (Брайль шрифтімен) және зерде бұзылыстары бар балаларға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуге қаржы бөлу қарастырылған.

Бүгінгі таңда 0,1,2,5,7 сыныптардың көрмейтін және нашар көретін балаларға және зерде бұзылыстары бар балаларға оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірленді.

ҚР Білім және ҒМ Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-мен және Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп жыл сайын 20-дан аса әдістемелік ұсынымдар әзірлейді.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылар үшін 318 арнайы оқу бағдарламалары әзірленіп бекітілді.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау мазмұны мен құрылымы жетілдіруде.

Елімізде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды уақтылы анықтау үшін 71 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар қызмет көрсетуде (60 мың бала халқына 1 ПМПК).

Балаларға түзеу көмегін көрсету үшін 187 спихологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен 12 оңалту орталығы ашылды.


 



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11