You are here

«Университет түлектерінің жұмысқа құзыреттілігін қалыптастыру орталығы» ашылды

Баспаға арналған нұсқасыPDF version

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «100 нақты қадам - Ұлт жоспарына» сәйкес,  өңірді білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде 27 қаңтар күні «Университет түлектерінің жұмысқа қабілеттілігін қалыптастыру орталығы» ашылды. Орталық, халықаралық Еурокоммисия жобасы Erasmus+ KA 2 „Centre for competence and employability development“ аясында жұмыс атқарады.

Орталықтың басты мақсаты - еліміздің еңбек нарығына сай, университет түлектерінен бәсекеге қабілетті маман дайындау. Жиын барысында, «Карьера баспалдағы» сайттының тұсаукесері өтті. Аталмыш сайтта студенттер өздерінің болашақ жұмыс орындары жайында сұрақтарына жауап ала алады. Университет қабырғасында жүріп студент өзінің мансабын қай арнаға бұру керектігін анықтайды.

Жобаны іске асыру барысында, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлкеттік университетінің «Университет түлектерінің жұмысқа қабілеттілігін қалыптастыру орталығы» түлектердің құзіреттілігін жетілдіретін аймақтық сарапшы болмақ.

28.01.2016